|  |  | 

Мәдениет Саясат

Арман Шораев: «Қазақ ұлтшылдығын құбыжық етіп көрсетудің қажеті жоқ»

Фашистер, ультра радикалдар деген ұғымды қазаққа қолдануға болмайды. Иә, соңғы кездері ұлтшылдығымыз күшейді, бірақ ол кейбіреулер көрсеткісі келетіндей, экстремистік, сепаратистік сипатта емес. Қазақ сол бәз-баяғы толерантты, парасатты қалпында-деп жазды 365info.kz.

 

 

Тек тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ халқы өзінің тегі, ата-бабалары, ақтаңдақ тарихы туралы көбірек біле бастады. Біз өзіміз үшін көп жаңалық аштық. Осы тұрғыдан алғанда, тәуелсіздік алған елдің ұлтшылдығының күшеюі заңды құбылыс. Бұл туралы қоғам белсендісі, танымал журналист Арман Шораев Сentral Asia Monitor басылымына берген сұқбатында айтты.

Ұлтшылдар 10-15 жылдан кейін саяси өмірге белсене араласа бастайды

„Өкінішке қарай, Кеңес заманында мектепті бітіріп, жоғары оқу орнын тәмамдасам да өз тарихыммен мақтана алмадым, себебі, мен өз тарихымды білмедім. Ал қазір ғалымдар бұл бағытта күнде бір жаңалық ашып, елді қуантып жатыр. Егер Кеңес заманы әлі өмір сүргенде, қазақтар да аты мен тегіне дейін орысша аталатын чукча мен жақұттардың тағдырын қайталар ма еді, қалай?..

Әрине, ұлтшылдық мәселесін қозғайтын саясаткерлердің саяси алаңға шығуы көпті алаңдатады. Оны түсінемін. Мұндай саяси топ өкілдерінің көзі ашық, көкірегі ояу, бірнеше тілді білетін, Қазақстанның өркендеп-дамуын мақсат тұтқан алашордашылардан еш айырмашылығы жоқ.

Ұлтшыл-патриоттық саяси күштер 10-15 жылдан кейін Қазақстанның саяси өміріне белсенді араласатын болады.

Олардың орны осы күнге дейін онсыз да ұзақ уақыт ойсырап тұрды. Өздеріңізге белгілі, қазіргі саяси партиялар мен қозғалыстар демократияны тек бетперде еткен квази ұйымдар екені ешкімге жасырын емес…

Мәңгілік дүние жоқ. Кезінде әлемді дүрілдеткен Ұлы Шыңғысхан империясын немесе КСРО державасын алыңыз, жұрнағы да қалмады ғой. Мен билікке ұлтшылдар келіп, бәрін сыпырып тастайды деп айтпаймын. Олар қоғамдық өмірдегі өзіне тиесілі орынды басады. Бұл — заңды құбылыс, одан қашып, құтылу мүмкін емес.

Енді 20 жылдан кейін, Қазақстанда қазақ тілін білмейтін адамды таппайсыз. Демек, бізде өз тарихын жақсы білетін, аса қадірлейтін жастардың саны артып, елдің саяси өміріне белсенді араласа бастайды.

Қалай дегенмен де көптеген сарапшы қазақ ұлтшылдығын саяси қозғалыс ретінде көргісі келмейді. Әрине, өкінішке қарай, ұлтшылдар ішінде көзқарас қайшылығы, жікшілдік бар. Оларды бір күш қып қосатын бас керек, әрине. Мысалы, Айдос Сарым, Расул Жұмалы секілді… Олар ұлтшыл-патриоттардың локомативі бола алар еді.

Бізде радикализм діни тұрғыда ғана болуы мүмкін

Ал фашистер, ультра радикалдар деген біз емес. Ондайлар біздің елімізде жоқ, оған сенімдімін. Қазақстанда радикализм орын алса, оған ұлтшыл-патриоттардың еш қатысы болмайды, ол тек діни негізде өрбуі мүмкін.

Өйткені қазақ табиғатынан, жаратылысынан толерантты, төзімді, бейтарап халық. Мұны тарих дәлелдеп берген. Мәселен, қазіргі Ресейдің скинхедтерін алайық, бізде адамның түріне, түсіне қарап, ешкімді төмендетпейді, ренжітпейді. Керісінше, қазақ кез келген адамды үйіне қонақ етіп, төріне шығарып, тәттісі мен дәмдісін ұсынады.

Бізде ұлтшылдық туралы мынандай жаңсақ түсінік қалыптаса бастаған: «Орыс тілінен басқа қазақ тілін білсе, ол — ұлтшыл, ал тек орыс тілін білсе, ол — интернационалист…». Күлкілі ғой, әрине, бұл дұрыс емес.

Мысалы, мен орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімімін, ең сүйікті ақыным — Есенин, ең сүйікті жазушым – Достоевский, бірақ бұл менің қазақтығымды, қазақ халқына деген сүйіспеншілігімді жоққа шығармайды ғой. Мен өз басым, ана тілімде сөйлегенді жақсы көремін, Қазақстан азаматтарының барлығы қазақ тілін еркін меңгерсе деп армандаймын.

Ұлтшылдардың қазақ тілін дәріптеуі — қалыпты құбылыс, бұл қандай да бір қорғану амалы емес. Өмір сүріп жатқан елдің тілінде сөйлеуді уағыздауға ешкім бас көтеріп, қарсы шықпайды.

Қазақ дәстүрін саяси трендке айналдыру керек

Өз басым, ұлтшыл-патриот ретінде кинотеатрларда, қоғамдық орындарды берілетін ақпараттың барлығында қазақ тілінің басымдық алуын қолдаймын. Бұл да заңды тәжірибе. Мұндай талап қоюшы адамды шовинист және тағы басқа деп кемсітуге, өз басым қарсымын.

Тұрмыстық деңгейде қандай да бір шиеленістер орын алып тұрады. Бірақ барлық елде бәрі орнында тұрмайды ғой. Сондықтан түймедейді түйедей етудің керегі жоқ.

Қазақ ұлтшылдығынан қорқудың, оны қорқынышты етіп көрсетудің керегі жоқ. Оның жақсы жақтарын, керісінше бізге дамыту керек.

Мәселен, жақында «Құнанбай» фильмін тамашаладым, дала заңы — билердің төрелігі, Жеті жарғының қаншалықты әділ әрі ашық болғанын көрдім. Оның жанында қазіргі сот жүйесі сын көтермейді. Өткеннен неге сабақ алмасқа? Біреудің қаңсығын, таңсық етіп қашанғы жапсыра береміз?

Қазақ ұлтшылдығының кемшін тұсы да бар. Қазақ бүкіл әлемнен алшақтап, өзінің әлеміне оңайшылықпен өзгені кіргізбейді. Бұл дұрыс емес. Бізге үнемі ашық болу керек.

365info.kz

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: