| Аслан Мусин
  • Жаңалықтар

    Аслан Мусин Хорватиядағы елші қызметінен босатылды

    Аслан Мусин президент әкімшілігін басқарып тұрған кезінде. Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі. Ресми ақпар бойынша, Мусин елші қызметінен зейнет жасына толуына байланысты босатылған. Мусин Хорватиямен қатар Босния және Герцеговина, Черногориядағы елші қызметін де қоса атқарған. Ол Хорватиядағы елші қызметін 2014 жылдың наурызынан бері атқарған. Аслан Мусин 2008-2012 жылдары президент әкімшілігін басқарған, 2012-2014 жылдары республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болған. Мұның алдында ол Ақтөбе, Атырау облыстарын басқарып, мәжіліс спикері болған. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

    515
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: