«АШТЫМ КӨЗІМДІ, АЙҚАРДЫМ» Ақын Кеңшілік Мырзабеков туралы эссе
Белгілі ақын К.Мырзабеков 70 жаста «АШТЫМ КӨЗІМДІ, АЙҚАРДЫМ» Ақын Кеңшілік Мырзабеков туралы эссе Торғай топырағында туған елімізге белгілі ақындар есімі қазақ поэзиясындағы жұлдыздар шоғыры тәрізді, соның бірі -дарынды ақынымыз марқұм Кеңшілік Мырзабеков. Қайран ақын 42 жасында дүние салды. Жарасқан Әбдірәшев, Шөмішбай Сәриев, Иранбек Оразбаев, Серік Тұргынбеков, Серікбай Оспанов секілді өзі буындас ақындар мен әдебиетшілер арасында Кең ақын аталған ол, азғана ғұмырында, оннан астам әдеби мұра қалдырған екен. Және қандай асыл қазына десеңізші. Шебер қолдан шыққан шілтердей көркем, оның әр өлеңі, әр кітабы қазақ поэзиясында өзіндік ерекшелігімен, өзгеше өрнектілігі мен жаңа леп, иірлі толқын ала келген-ді. ҚазМУ-дің журналистика факультетінде бірге оқыған С.Кәрімов: “Жетпісінші жылдардың бас кезінде Кең ақынға еліктеп өлең