| Күрдістан
  • Жаһан жаңалықтары

    Анкара жарылыстарға байланысты Күрдістан жұмысшы партиясынан сезіктенеді

    Стамбулдың орталығындағы жарылыс болған жерде тұрған жедел жәрдем көліктері мен адамдар. 10 желтоқсан 2016 жыл. Түркия билігі Стамбулда сенбінің кешінде болған жарылыстарды Күрдістан жұмысшы партиясы ұйымдастырған болуы мүмкін деп күдіктенеді. Жарылыстар салдарынан қаза тапқан 38 адамның 30-ы полиция қызметкерлері екені хабарланған. Зардап шеккен 150-ден аса адам ауруханаларда жатыр. Түркия үкіметі Стамбулдағы жарылыстар құрбандарын аза тұту күнін жариялаған. Желтоқсанның 10-ы күні кешкісін түркиялық «Бешікташ» және «Бурсаспор» футбол командалары арасында өткен ойыннан кейін Стамбулдағы Vodafone Arena стадионы жанында екі жарылыс болған. Сағат 22:30 кезінде стадион маңайындағы тәртіпті қадағалауға қойылған полиция жасағы отырған автобустың қасында тұрған көлікке орнатылған мина жарылған. Іле-шала стадион жанындағы саябақта жанкешті өзін жарып жіберген. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

    436
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: