| мұғалім
  • Жаңалықтар

    Министр мұғалімдерді қоғамдық жұмыстардан босатуға уәде берді

    Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдерді қоғамдық жұмыстардан босатуға уәде берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Тағы бір маңызды міндет – мұғалімдерді өз саласына жатпайтын жұмыстармен айналысуға мәжбүрлеуді тоқтату. Бұл көлемді жұмыс, алайда біз осыған кірісеміз. Бүгінде біз мұғалімдердің сараптамаларды, карталарды, жол жүру билеттерін жинайтынын, тексеріс өткізетінін білеміз. Бірінші кезекте тексеріспен айналысуды, статистикалық мәліметтерді жинауды тоқтатамыз. Механизмді жасап алып, үкіметтен бірқатар қаулы шығартамыз, бұл арқылы басқа органдар мұғалімдердің еңбегін пайдалана алмайтын болады”, – деді Ерлан Сағадиев. Еске салайық, осыған дейін Мәжіліс депутаты қазақстандық мұғалімдердің, тәрбиешілердің және педагогикалық мекемелердің жұмысшыларының жалақысын өсіруді ұсынған. Бұған Сағадиев педагогтардың оқыту жүктемесін азайтуды ұсынып, жауап берген. Tengrinews.kz

    596
  • Көз қарас

    «Директор қуып шықпасын!». Мұғалім қыз жұмысының сансыз кемшіліктерін айтып салды (фото)

    Ұстаздық ету балаларға сабақ берумен шектелмейді екен. Бұл кісілердің бір басына қыруар жұмыс жүктеп қойыпты-деп жазды kaz.365info.kz. Роксалана Цой есімді қарындасымыздың жазбасын оқып көз жеткіздік бұған. Роксалана өз кәсібінің жақсы жағы мен кемшілігін айтып беріпті. Ойлантып тастады. Мұғалімнің жұмысы машақат екен ғой. Сонымен, ол не дейді? Мен өз кәсібім туралы айтқым келеді. Мен мұғаліммін. Кемшілігі: 1. Жалақы. 50-55 мың айлықпен ұзаққа шаппайсың. Шамаң белгілі. Мүмкіндігің шектеулі. Қарызға өмір сүресің. Қарыз аласың, қарыз қайтарасың. Жолымның өзіне жалақымның тең жартысы кетеді. 2. Жұмыс кестесі. Жұмысты қай уақытта бастайтының маңызды емес. Таңертең келсең де, түсте келсең де бәрібір сен жұмыста өмір сүресің. Мәселен мен 8-ден түскі сағат 1-ге дейін жұмыс істесем де, тыныш отырғызбайтынын білем. Түскі асымды

    2083
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: