2016 жылы Қазақстанға 33,7 мыңнан астам оралман келді
2016 жылы 16 мың 417 отбасы немесе 33 мың 754 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 65,5% – Өзбекстаннан келген. Сондай-ақ, 24,9% – Қытайдан, 3,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан, 3,7% – өзге елдерден оралған қандастарымыз. Олардың басым бөлігі, яғни 33,9% – Оңтүстік Қазақстан облысына, 25,4% – Алматы облысына, 10,6% – Маңғыстау облысына, 5,8% – Жамбыл облысына, 24,3% – еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды. Елге оралған қандастарымыздың 65,4% – еңбекке қабілетті жаста болса, 16 жасқа дейінгілері – 28,6%, зейнеткерлер – 6% құрайды. Еңбекке жарамды этникалық қазақтардың 10,8%-ның жоғарғы білімі бар болса, 20,3%-ында орта арнаулы білім бар, 65% – жалпы орта білімі бар азаматтар,