| Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі
  • Жаһан жаңалықтары

    Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі “мезгілсіз өлді”

    Виталий Чуркин Ресейдің сыртқы істер министрлігі БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркиннің 65-ке қараған шағында 20 ақпан күні Нью-Йоркте мезгілсіз қайтыс болғанын хабарлады. Министрлік дипломаттың неден өлгенін анықтап хабарлаған жоқ, тек марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. ТАСС агенттігі БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттерештің “жай түскендей болды” деген сөзін келтірген. “Рейтерз” агенттігінің жазуынша, БҰҰ бас хатшысы кеңсесінің өкілі Фархан Хақ: “[Чуркин] үнемі көз алдымызда жүруші еді. Қайран қалдым. Отбасына, достары мен үкіметіне көңіл айтамыз” деген. Чуркин Ресейдің сыртқы саясатын барынша қорғауға тырысқан өкіл ретінде танылған. Ол былтыр Сирия президенті Башар Асадқа қарсы оппозиция жасақтарын біржола талқандай үшін Алеппоны бомбалауды жақтап шыққан.                      

    455
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: