| Трамп Германия мен Франция
  • Жаһан жаңалықтары

    Трамп Германия мен Францияның Украина дағдарысын реттеу әрекетін қолдады

    АҚШ президенті Дональд Трамп пен Германия канцлері Ангела Меркель. АҚШ президенті Дональд Трамп Германия мен Францияның Украинаның шығысындағы қақтығысты реттеу жөніндегі талпыныстарын қолдайды деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз қызметі. Дональд Трамп 24 сәуірде Германия канцлері Ангела Меркельмен телефонмен сөйлескенінде оның Франция президенті Франсуа Олландпен бірге Ресей және Украинамен “Донбастағы қақтығысты Минск келісімі негізінде бейбіт реттеу” жөнінде мәміле жүргізу әрекетін қолдайтынын білдірді. 2015 жылы ақпанда жасалған Минск келісімі Украина үкіметі мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасында бітім орнатуға тиіс еді, бірақ тараптар оның шарттарын әлі күнге толық орындамай отыр. Трамп пен Меркель Украина дағдырысынан өзге Сирия мен Йемендегі қақтығыстарды да талқылап, “Солтүстік Корея тарапынан төтеннен қауіп төніп тұрғанын” айтты.

    568
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: