АҢЫЗ ЖАЙЫНДАҒЫ АҢЫЗ
немесе ауызекi мәдениеттiң пайда болуы турасында бiр-екi толғам Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ Ескi ақылдың пайдасы Бұл 1966 жылы болған оқиға едi. Осының алдында ғана қазiргi Шығыс Қазақстан, бұрынғы Семей облысының Аягөз ауданы екi ауданға айналдырылған, Шұбартау деген жаңа әкiмшiлiк нысан пайда болған. Сол жылдары Тельман Құсатаев деген адам бiздiң ауылымызға директор болып келдi. Керемет iскер басшы едi. Аз жылдың iшiнде бiздiң ауылымыз миллионер кеңшарға айналды. Мiне, осы 1966 жылқы жылы ерте көктемнiң басында ауылдың бiр топ жөн бiлетiн қариялары директордың қабылдауына барады. Тумысында тектi, көргендi және Сталин заманының қатал тәрбиесiнен өткен Тельман ағамыз үлкен адамдарды иiлiп қарсы алады, жақсылап мәжiлiс құрады. Осы мәжiлiс үстiнде жыл санаумен бала кезiнен жақсы таныс қариялар