| қайырымдылық кеш
  • Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы елордадағы жаңа жылдық қайырымдылық кешіне қатысты

    Мемлекет басшысы елордадағы жаңа жылдық қайырымдылық кешіне қатысты-деп хабарлайды Ақорда баспа-сөз қызметі. Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайы Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға арнаған сөзінде еліміздің бүгінгі жетістіктері бүкіл қазақстандықтардың ортақ еңбегі мен бірлігінің жемісі екенін айтты. Қазақстан Президенті келер жылы болатын ұлттық және халықаралық ауқымдағы ірі оқиғаларды атап өтті. Олардың қатарында дүниежүзілік Универсиада, ЭКСПО халықаралық көрмесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті бар. Сондай-ақ, Елбасы мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шаралары халқымыздың игі дәстүрі екеніне тоқталды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, баршаның отбасына бақ-береке, денсаулық, жаңа табыс тіледі. Қайырымдылық кешінен түсетін барлық қаражат «Мейірім» ерікті қоғамы» қорына аударылатын болады.

    670
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: