| қоғамдық жұмыс
  • Жаңалықтар

    Министр мұғалімдерді қоғамдық жұмыстардан босатуға уәде берді

    Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдерді қоғамдық жұмыстардан босатуға уәде берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Тағы бір маңызды міндет – мұғалімдерді өз саласына жатпайтын жұмыстармен айналысуға мәжбүрлеуді тоқтату. Бұл көлемді жұмыс, алайда біз осыған кірісеміз. Бүгінде біз мұғалімдердің сараптамаларды, карталарды, жол жүру билеттерін жинайтынын, тексеріс өткізетінін білеміз. Бірінші кезекте тексеріспен айналысуды, статистикалық мәліметтерді жинауды тоқтатамыз. Механизмді жасап алып, үкіметтен бірқатар қаулы шығартамыз, бұл арқылы басқа органдар мұғалімдердің еңбегін пайдалана алмайтын болады”, – деді Ерлан Сағадиев. Еске салайық, осыған дейін Мәжіліс депутаты қазақстандық мұғалімдердің, тәрбиешілердің және педагогикалық мекемелердің жұмысшыларының жалақысын өсіруді ұсынған. Бұған Сағадиев педагогтардың оқыту жүктемесін азайтуды ұсынып, жауап берген. Tengrinews.kz

    596
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: