|  |  |  | 

Көз қарас Мәдениет Руханият

Қонаев пен Назарбаевтың Әруақ туралы көзқарастары

Әлқисса…

Бұл күнде діни уағызшыларымыз әр жерде «Әруаққа құрмет ету,  оған сиыну – Аллаға серік қосқандық»  дейтін,  тіпті  «Қабір тұрғызбау,  өлікті жерлеген соң жерді тегістеп тастау»,  «Жеті,  қырқы,  жылдығы дегендер шариғатта жоқ», «құран бағыштамау», т.б пәтуалар көбейе бастады.

Мен діндәр адам болмасам да,  Илам дініне сенетін, өзіме тән көзқарасым, әрі шамалы білімім бар адам болғандықтан мұндай мәселеге  өз ойымды білдіргім келеді. Өйткені,  маған талантты жаратушы сыйласа,  білімді ата-анам мен осы халқым, өскен далам, ортам берді. Сондықтан жоғарыдағы мәселе жөнінде аздап толғанып көрейін,  артық кетсем ғапу етерсіздер.

Әруақ бар ма?

« …Таңғаласың,  олардың ‹біз топырақ болған кезде, жаңадан жаратыламыз ба?» деген сөздеріне таңырқау керек,  міне, бұлар раббыларына қарсы болғандар әрі бұлардың мойындарында темір шынжыр болатындар,  сондай-ақ, бұлар тозақтық,  олар онда мәңгі қалады»  («Құран кәрім» қазақша мағына және түсінігі,  «Рахат» сүресі,  13 – аят,  249 – бет).

Міне, осы сүрелер Әруақтың барлығына, оның болатынына берілген шынайы жауап екенін мойындарсың.

«… Бұл сонда сендерді тірілтті,  сосын өлтірді,  сосын кейін және тірілтті,  расында адам баласы нәсүкір»  (саңырау,  соқыр деген мағынада) («Құран кәрім», қазақша мағына және түсінігі,  22 – «Хат» сүресі,  66-аят,  340- бет).

Енді көріңіз,  адам өлген соң өліп-тірілетініне,  бір емес, неше тірілетініне сенген боларсыз,  Әруақ деген әне сол.

Дін айтады «Маған нан»  деп,

Адасқан дін пән дейді.

Мағынасын анық біле алмай,

Рух деген сөзді жан дейді.

Осыдан жаман әуре жоқ,

Рух деген дінсіз таза ақыл,

Дінсіздік ісі шын мақұл.

Айуандық ақыл ол емес,

Аз ғана сөзім аз тақыл.

Құранды оқы нанбасаң…

(Шәкерім Құдайбердіұлы)

Иә,  халайық,  біз шынында Құран кәрімнен толық рухани қуат ала алмасақ,  ең болмағанда Шәкерім,  Абайлардың насихаттарына зер сала білейікші,  енді жаратушының берген жанының қара жерге жерленуіне,  жаратушы жаратқан пенделердің адами тұрғысындағы тәубеліқ,  дәстүрлі тұнығына соқтықпасақ етті.

Әруақты қорламайық

Ең болмағанда мынау адамды тік түрегелтіп,  әрекеттендіріп тұрған тәннің бұл дүниедегі заттық қауһары біткен кезде,  яғни физиологиялық өзгерістердің дұрыс жүру мүмкіндігі аяқталып, жан,  рух өздерінің нәзік денелерімен бірге тәнді тастап бақи әлемге өтетінін түсініп, Әруақтардың көмусіз немесе елеусіз қалуына жанын салған орынсыз,  дүрдараз пәтуаны тыйсақ қайтеді.

Иә,  сізше (салафиттер мен уахабистерше) болғанда «Әруақ көміліп,  топырақ болып кету керек» . Жөн-ақ,  алайда, Оны ауызға да алмай,  елеусіз қалдыруымыз,  тіпті олардың дүниеден көшкеніне жыламай,  қайғырмай,  түк болмағансу керек болғаны ма?. Ендеше,  бұдан не адамгершілік іздейміз,  мейірімділіктің,  жаратқанның адами деңгейі осы сүйіспеншілікте жатса,  сен оны жоққа шығарсаң,  Жаратушының «Мені сыйлап,  қүрметтеймін десең,  әуелі ата-анаңды аялап,  құрметте»  деуі қайда қалады?

Ақсақ Темірдің әруағы бастаған соғыс

Иә,  Әруақ демекші,  1941 жылы   21 маусымда ақсақ Темірдің қабірінің ашылған күні екінші дүниежүзілік соғысы басталады, сол кезде нағыз Әруақты мойындамайтын азуы кере қарыс Сталиннің өзі ақыры сүйекті орнына қойдырған күні соғыстың аяқталғанын көп ел біледі. «Әруақ»  деп бабаларымыз талай жауының бетін қайтарып,  сол Әруақты бабалардың қасиетке ие рухымен өз рухтарын биікке көтеріп,  жандарына жылулық алып отырған емес пе еді?

Дінмұхаммед атамыз Әруақты құрметтеп өтті

Өз заманында Дінмұхаммед Қонаевтың Араб елінде сапарда болғанда Тихрандағы кездесуде діни топтың өзіне Құдайдың құлы,  хақ пайғамбардың үмбеті екені жөніндегі сауалдарына жауап беріп,  өзінің мұсылмандығын мойындата отырып:

– Сіздің елде Мұхаммед пайғамбарға сахаба әрі ақылшы болған,  әлдеқайда жасы үлкен бір ұлы Әруақ жатыр деп естиміз,  оның мазарына бір адам басын сұқпайтын көрінеді,  тастанды болып айдалада жатса керек,  осы сөз рас па,  одан хабарыңыз бар ма? – деген сұрағына. Қонаев:

– Иә,  хабарым бар,  Арыстан баб деген кісі біздің елде жатқаны рас,  – дегенде отырғандар жабал орындарынан тұрып, еріндерін жыбырлатып,  күбірлеп,  беттерін сипап барып қайтадан орындарына жайғасады.

– Осыған байланысты менде тағы бір сұрақ бар,  – дейді енді бір сәлделі кісі:

– Сұраңыз,  құлағым сізде.

– Ол кісі сіздерде қалың елдің ортасында жатыр ма?

– Қалың елдің ортасында емес,  шеткері,  оңаша жатыр,  – дегенде отырғандар бастарын шайқайды,  арада әлгі адам:

– Біз қалың елдің ортасына әкеп қойып,  тірілерді тәрбиелейтін ардақты да құрметті Әруақ тұлғасына айналдырсақ,  бізге сүйекті бересіздер ме?

– Бұрынғы өткен атақты адамдардың барлығы да дүниеден кешкен жерлеріне қойылған деген дерек бар,  қозғамаған дұрыс шығар,  біздің бір үлкен ғұлама,  оқымысты бауырымыз Шам шаһардың ортасындағы зиратта жатқан Әл-Фарабидің сүйегін сұрағанда Сирияның ғұламасы мен басшылары да осылай жауап берсе,  ал пайғамбарымыз да сол сияқты әлемге танылған көптеген адамдар қаза болған жерлерінде жатыр ғой,  бұл жөніндегі құптауды пайғамбарымыз Мұхаммедтің аузынан Әбубәкір Сыдық естігенін дәлелдейді ғой.

(«Жаратушының құдіреті — Әруақтар қозғалысы тілсім»,  Әсет Мұқашбек,  Алматы).

Назарбаевтың Әруақ туралы көзқарасы

Міне, көрдіңіз бе? Нағыз Ислам дінінің ордасы болған Араб елдерінің Әруақ жөніндегі көзқарасы мен Әруаққа деген құрметінің қандай екенін? Сондықтан пайғамбарымыз «Қабірге (мазарға) зиярат ететіндер,  олар әлбетте сіздерге ақыретті естеріңізге салады»  деуі адамдардың Әруақ арқылы өз ұрпағына қандай деңгейде ұлағат,  парасат,  күш-қайрат сыйлап отырғанын ескертіп,  адамның тірлігін мәнді,  мағыналы өткізу арқылы артына өшпес қасиет қалдыруды мұрат еткен еді. Бұл жөнінде бүгінгі Қазақстаның тұңғыш президенті Назарбаевтың: «Мен Елбасы болсам да  Қазақ дейтін атасын ардақтап,  анасын сыйлаған,  әруағын қастерлеп,  Алласына сиынған елдің президентімін.  Әруақтың бар екені рас болса,  Атырау мен Алтай,  Алатау мен Арқаның арасында талай төбе дөңбекшіп,  талайы орнынан аунап түсіп,  бүгінгі біздің ісімізге ақ батасын беріп жатқан болар деп ойлаймыз. Илаһим,  сол бабалардың батасы қабыл болсын дегім келеді…

Біз екі жарым ғасырдан астам Ресейдің боданы болып келдік,  сондықтан мен санадағы құлдық психологияны өзгерту үшін ата-бабалар Әруағына сиынып,  солардың қасиетті рухын тірілттім,  бүкіл Қазаққа сауын айтып,  оларға ас беріп,  тойларын өткіздім,  «өлі разы болмай,  тірі байымайды» дейді халқымыз, сол Әруақтар риза болсын деп жатқан жерлерін тауып басына белгі орнаттық,  есімдері ел  жадында жүрсін деп олардың атын мектептерге,  көшелерге,  ауыл-селоларға,  аудандарға бердік… Ендеше сол Әруақтар бізді қолдамайды деп кім айта алады?!»  (Қазақстан республикасының президенті А. Назарбаев).

Арабтың діні мен мәдениетін шатастырмау керек

Міне біз айтатын Әруақтар, ата-бабалар рухы жөніндегі көзқарасымызды бүгінгі Қазақстан Елбасы осылай қорытады. Шынын айтқанда біз ислам дінінің қасиетін мойындай отырып,  парыздар мен уәжіптерімізге қатаң болуға хақылымыз. Дінді қабылдау әсте Қазаққа Араб ұлтының тұтас мәдениеті мен дәстүрін көшіріп әкеліп қабылдап,  өзіміздегі ұлтты сақтап тұрған дәстүрден айырылып,  Араб болып кету дегендік емес. Әсілі дәстүр,  салт-сана,  ғұрып – әдетімізден ұрпақ үшін,  дәуір үшін,  ұлтымыз үшін айрылмауымыз керек. Ұлттың жаны – дәстүрде жатқанын түсіне отырып,  жоқ пәтуаларды шығарғаннан көрі пайғамбарымыздың: «Пенденің бұл дүниеде жасаған зұлымдығы – Ол дүниеде өзіне жасаған зұлымдығы»  дейтін қасиетті тағылымдарымен ұрпақты нәрлендіріп,  тірлікте ұрпақтың ізгілікті болуының өлген кезде де сауабы болатынын түсіндіру арқылы пайғамбарым хазіреті Мұхаммед (с.а.у)-ның: «Адамды ниетіне қарай тірілтеді»  дегеніндей,  таза рухты,  адал қасиетті пайғамбарымыздың,  қаншама сахабаларымыздың,  Әруақты хандар мен батыр – жырауларымыздың,  шешен – шежірешілеріміз бен әулие-әнбиелеріміздің қасиеті әлі күнге дейін ұрпаққа ізгілікті насихаттап тұрғанын ұрпаққа жеткізе білсек болғаны.

Байахмет Жұмабайұлы

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: