|  |  |  | 

Көз қарас Саясат Әлеумет

Оларды бұл елде сол СЕНІМІ ғана ұстап отыр…

Ata jurtqa tabinuБылтыр Қытайдан досым көшіп келді, өзі қытай қазағы. Көшірісіп басы қасында жүрдік. 
 Содан бір күні ол менімен хабарласып: “Хан Шатырына барып ұсақ – түйек заттар алсақ қалай, мен орысшаға жоқпын ғой, өзің білесің” деп қолқа салды. Жарайды деп тартып кеттік. Жолда келе жатып мен оның жетім көңілін жұбатқандай болып келе жатырмын. 
 “Ой досым – ай, үйіңнен шығып мына Хан Шатырына шейін жол – жөнекей жөн сұрасаң бәрі де қазақша жауап береді, бұл қалада қазақша білмейтін адам жоқ, қорықпағын досым, батылдау бол, бұл өз отаның” деп есіп келе жатырмын. 
 Содан Хан Шатырына келдік, бір бутикке кірдік, екі сатушы қазақ қыз тұр екен. Сөйтсе, оның біреуі қазақша білмейтін боп шықты. Ол қызарақтап жер шұқып тұрғасын, екіншісіне барсақ, екіншісінің қазақшасы – менің испанша сөйлегенімдей екен. “Ой бәтусыздар ай, жүр келесісіне барайық” деп досымның алдында ұялып алдында айтқан сөздерім үшін міңгірлеп ақталғандай болдым. Тұмсығымыз тасқа тигендей болды. Келесісіне барсақ онда орыс сатушылар отыр екен, оны айналып өттік. Үшінші бутиктегі сатушы қазақша біледі екен, бірақ ол орысша – қазақша сөйлеп тұрғасын, “мына бауырым түсінбейді оныңды” деп оның таза қазақша сөйлеуін сұрадым. Әйтеуір сол жерден зат – дүниемізді алып кете бердік. Досым, “келесіде осы жерге келейінші, мыналар қазақша біледі екен” деп жатты. 
Жалпы, бізге ата – жұрт деп аңсап келетін біздің оралмандарға қиын, олар орысша білмейді де түсінбейді. Бұл мәселе қостілді Қазақстан қазақтарына аса біліне қоймайды әрине. Бірақ біздің оралман қазір тіл зардабын тартып жүр. Әсіресе әліпбиі де өзгеше қытай қазағының бізде орналасуы қиындау. Шетелде ол үшін арнайы бейімдеу орталықтары болады, бізде ондай жоқ. 
Мысалы дейік, Қазақстан қазағы қытайша қақпайды, міне сол қазақты ал да Қытайдың Шыңжаңдағы Алтай қаласына қоя берсең не болады? Ол Алтай қаласында қазақша білетін қазақ іздеп сол жерде әр қытайға соқтығатын еді. Мына жерде де дәл сондай жағдай. 
Атамекенге келген қазақ, шаруасын бітіру үшін біздің арамыздан қазақша білетін қазақты іздейді. Сөйтіп оның әркімге қарағыштап жүргені. 
 Мен мысалы сондай азапты басымнан өткерсем, “итшілеп қазақтың арасынан қазақ іздеген бұндай ата жұртыңның тап атасының ауызын ұрайын” деп көшімді жиып, кейін қайта тартып кетер едім. 
 Сондықтан, көңілдері алып – ұшып бізге жеткен қандастарымыздың біздегі өз ана тілінің жағдайын көріп көңілдеріне кірбең ұялап, қынжылатыны ол – заңдылық. Бірақ олармен кім ашық әңгімелесіпті бұл елде. “Өздері “қашқынның ұрпағы” деп түрткілемей аулақ жүрсе бопты” деп көбінесе ашыла қоймайды да ол қандастар. 
 Алайда, біздің бұл қандастырымыздың атажұртына деген, оның болашағына деген, оның келешекте қазақыланатына – СЕНІМІ шексіз. Оларды бұл елде сол СЕНІМІ ғана ұстап отыр. Балаларымыз қытай болмай, моңғол, өзбек болмай қазақ боп қалсын дейді олар, көпшілігі сондай мақсатпен келіп отыр осында. Ал бұнда келмегендерінің ол жақта ендігі болашағы бұлыңғыр, ол да рас. 
Осы СЕНІМДЕРІ үшін бұл ағайындарға Астана мен Алматының арасынан самалатып ескерткіш қойсаңыздар да болады. Себебі бұл қауым бізге мың – мыңдап ел қосып отыр. 
Біздің сыртқа шыға салып елін, халқын жамандаушы идрисовтар осы ағайындардан біраз нәрсе үйренсе де болады. 
 Баласы мектепке барғанда оның алғашқы қоңырауындағы әнұранды естіп, толқып көздеріне жас алған бұл досымның жанұясының отаншылдықтары, қазақшылықтары біздің қайсыбыр мәңгүрттердің отаншылдығынан мың есе артық.

Олжас Әбілдің facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: