|  | 

Жаһан жаңалықтары

Қытай Қазақстан жері арқылы әлем экономикасын дүр сілкіндірмек

Қытай Орталық Азия аумағында өзінің дәнді-дақыл дәлізін салуы мүмкін, осылайша олар Африка, Азия және Қытайдың өзіне жылына 160 миллион тонна дәнді-дақыл экспорттауды көздеп отыр. Сонымен қатар қазақстандық диқандар осы супержобада басты рөлде болады, – деп хабарлайды “Независимая газета” ға сілтеме жасап tengrinews.kz .

Қытай статистикасына сәйкес, Орталық Азия жерінде егістікке жарамды 38 миллион гектар жер бар екен. Соның 74 пайызын яғни 28 миллион гектар жерін Қазақстанның жері алып жатыр. Болашақта елдегі егістікке жарамды жерлер 60 миллион гектарға жетуі мүмкін.

Басылым Бейжің аграрлық экспансиясынан қауіптенеді, егер Қытай өз жоспарын іске асыратын болса, олар Қазақстанның жері арқылы әлемдегі дәнді-дақыл саудасын Қазақстанның жері арқылы іске асырады. ” ның қаншалықты ауқымды екенін түсіну үшін, Ресейдің экспортқа шығаратын өнімінің 37,5 миллион тонна екенін айта кетейік. Яғни бұл дегеніміз, Қытай Ресейге қарағанда төрт есе экспорт шығармақшы. Егер Қытай осы жобаны іске асыратын болса, Ресей өзінің ауылшаруашылық даму жоспарын қайта қарауы керек болады. Әлемдік саудада баға түсіп кетуі де мүмкін. Қытай өндірушілерімен бәсекелс болған өндірушілер банкротқа ұшырайды”, – делінген мақалада.

“Қытай Қазақстан жерін пайдалана отырып Ресейге қарағанда екі есе артық өнім алып, 3-4 есе экспортқа шығаратын болса, біздің дәнді-дақыл экспортынан түсетін кірісіміз қандай болады?” – деген сұрақ қояды автор.

“Қосымша өндірілген 160 миллион тонна дәнді-дақыл бағаны 30-50 пайызға төмендетіп жіберуі мүмкін. Дәнді-дақыл әлемдік бағасы жыл сайын 1,3 пайызға өсіп келеді, ал Жер бетіндегі адамдар саны – 1,12 пайызға өседі екен. Яғни тамақ артылып қалмайды. Қазіргі уақытта бір жылда 150-160 миллион тонна астық жетіспейді. Осы дефициттің орнын Қытай толтырмақшы”, – дейді IFC Markets сарапшысы Дмитрий Лукашов.

“Қытай өзіне дұрыс бағытта қозғалып келеді. Алайда “Дәнді-дақыл дәлізі” атты жобаның қазір іске қосылуы екі талай”, – деп ойлайды маман. Оның айтуынша, АҚШ оларға кедергі жасау үшін барлығын жасайды, сонымен қатар Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан елдеріне қысым көрсетеді.

“Егер Қытай Қазақстан арқылы өз жоспарын іске асыратын болса, онда әлемдік сауда күрделі өзгеріске ұшырайды. Бағаның төмендеп, сапалы өнімге сұраныстың көбейетіні анық. Айтылған көлемдер – бұл өте көп. Олар егер іске қосылса, Ресей дәнді-дақыл экспорттаудан көшбасшы болмайды. Дәнді дақылдан түсетін пайа қазіргідей болмайды”, – дейді “Алор Брокер” компаниясының сарапшысы Кирилл Яковенко.

Сонымен қатар біршама сарапшылар Қытай жобасын фантазия немесе жаһандық алаяқтық деп атады. “Бұл жоба “дәліз” дегеннен гөрі көбірек “панама” аферасына ұқсайды”, – деді Аграрлық сауда конъюнктурасы институтының бас директоры Дмитрий Рылько.

“Әзірге бұл жоба қиял болып көрінеді. Қытайлықтар көз тігіп отырған осы Орталық Азия аумағында су тапшылғы бар. Ауа райы өте қолайсыз. Қосымша бір дүниелерсіз мына жерлерді иемдену өте қиын”, – дейді “Совэкон” аналитикалық орталықтың директоры Андрей Сизов. Оның айтуынша, өңірлердегі өнім алуды осы деңгейде сақтап қалу басты мақсат болып табылады. Осындай ауқымда өндірілген күннің өзінде оны сол елден алып шығу мүмкін емес. Оған мысал ретінде Қазақстаннан Қытайға экспортталатын аз ғана мөлшердегі дәнді-дақыл себеп болады”, – деп түсіндірді ол.

 Kaz.tengrinews.kz 

Related Articles

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: