|  |  | 

Езутартар Әдеби әлем

ҚУ- ҚУ, ДУ- ДУ

Жұмат ӘНЕСҰЛЫJumat anesuli

ҚУ- ҚУ, ДУ- ДУ

( Жұматтың әзілдері мен қалжыңдары)

 
«Беті бес елі қалың ұятсыз өсекші арамызда жүр екен ғой!»
Ауылдағы жаңалықтарды үйден үйге жеткізіп отыратын бір ақ әйел бар. Оны жұрт “Қаражорға” деп атайды. Aуылға бір “жаңалық тараса “Кім айтыпты” деп сұрағанда, “Қаражорға” айтты” десе, бітті, “Ә,ә! Қаражорға айтса, қалт айтпайды” дейді екен жұрт.
Содан ойда жоқта Қаражорғаға бір бәсекелес шығады. Соңғы кезде көрші қаладан жеткен “жаңалықтар” пайда бола бастайды. Сосын Қаражорға өзінен басқада “жаңалық” айтушыны іздеп, көршісінен: “Кім айтып жүр бұл әңгімені?” деп сұрайды. Көршісі: “Ауылсоветтің қатыны жексенбі сайын қалаға барып келеді, сол айтты” десе, Қаражорға: “Көтек! Беті бес елі қалың ұятсыз өсекші өзіміздің арамызда жүр екен ғой!”деп бетін шымшылаған екен.
«Менікі автобустың газынан тазарақ!»
Бір жігіт артымен де, аузымен де САСЫҚ ЖЕЛ шығарғыш екен.
Замандасы: “айналаңды сасытып бара жатсың ғой” десе, анау:
“Менікі автобустың газынан тазарақ!” деп құтылған екен.

«Бір шекілген қант әрі қарай шекіле береді»
Ерте заманда біздің Торғай жақтағылар қант, шәй және тұрмысқа қажетті ол пұл заттарды Атбасар, Қарқаралы базарына барып, малға айырбастап әкелген. Ол кездегі қант ат басынанда үлкен, шетінен шекіп жейтіндей ірі болған. Сол базаршылап келген бір жігіт ағасы үлкен шаруа бітіріп келгеніне ырза болып, төрде көрпенің үстінде, жастыққа жантайып,маңызданып жатады. Алдына дастархан жайылып, құрт, ірімшік, маймен шәй ішу басталса керек, сонда базардан келген жігіт ағасы:
-Қатын ау, дастарханға анау Атбасардан әдейі әкелген ат басындай қантты қойсай, аузымыздың дәмін алып, рахаттанып бір шәй ішейік”- десе, бәйбішесі:
-Алда наурыз келе жатыр, одан кейін жайлауға шығамыз. Жазға дейін жетсін деп жүрген ғой менікі. Қант дегенің шетінен бір шекіліп кесе, әрі қарай шекіле береді ғой!- депті. Сонда күйеуі
-Қатына ай, бұрын аузыңа түспеген ұлағатты сөз айттың ғой!
Жарайды, сонда да әкел бері,көршімен бірге тәтті шәй ішіп бір көрейік -депті.

 

 

«Келесі жолы екі миллион берсе, өзім ақ жығыла салам!»
Екі мықты боксшы Төрт миллион үшін рингте ұзақ шекіседі. Ақырында біреуі ұпай санымен жеңіп шығады. Ұпаймен жеңгені 2,5 миллион алып, жеңілгені 1,5 миллион сыйақы алады. Сонда жеңілген боксшы доллармен сыйақы алып тұрып: “Келесі жолғы шайқаста маған екі миллион берсе, өзім ақ жығыла салам!” деген екен.

 
«Мұның денесін шыныға салып, ғылым үшін сақтау керек»
Көл жағасында тасбақа мен жылан қыдырып келе жатады. Бір кезде алдарынан төрт аяғы көкке көтеріліп өліп жатқан жасыл қоңыз кездеседі. Жылан әп дегенде жасыл қоңызды жұтып жіберейін деп ,
тілін сумаңдатып жатқанда, оған тасбақа:
-Тоқта! Бұл өліп жатқан әлемге атағы шыққан дүниедегі ең ҚУ ЖУЧОК еді. Бұл көп өмір сүреді деуші еді, неғып өліп қалған?
-Енді, ажалы жеткен шығар.
-Иманды болсын. Мұны лақтырмау керек. Бұл өте сирек кездесетін қу ҚОҢЫЗ. Бізде кунсткамера бар ма?
Жоқ
Ал, ғылыми лаборотория бар ма?.
-Ондай бар ғой.
-Бар болса, сондағы шыныға салып, мұның басының ерекшелігін , денесін ғалымдарға зерттеуге беру керек.Ал, саған жемтік любой уақытта табылады ғой- депті тасбақа жыланға.

 
«Ойбай, онда мұныңды алып кет, мен бұл столға отырмаймын!»
Бір жігіт телеарнаның бастығы қызметінен босап, орнына бiр құрдасы келіпті. Кетіп бара жатқан экс бастыққа құрдасы:
-Мына жерде қимайтын затың болса, қалдырма, алып кетсейшi- деп күледі.
-Иә, әсіресе, мына столды қимаймын. Бұл столдың менің кезімде көрмегені жоқ. Талайға ыстық төсек те болды ғой- депті. Сонда Жаңа келген бастық шошып кетіп:
-Ойбай, олай болса, мұныңды қазір алып кет! Мен бұл столға отырмаймын! -депті.
 

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,жазушы

Related Articles

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: