|  |  | 

Саясат Суреттер сөйлейді

Курил аралдары және аяқталмаған соғыс

Ресей үшін Курил аралдары – әскери олжа, ал Жапония үшін – Батыстың араласуы және советтік басқыншылық салдарынан айырылып қалған территория.

Екінші дүниежүзілік соғыста соңғы рет қару атылғалы бері 70 жылдан астам уақыт өтті. Бірақ төрт аралдың мәселесі әлі күнге дейін бейбітшілік бітімін жасаспаған Ресей мен Жапония арасындағы жер дауына айналған.

Reuters фотографы Кунашир аралында түсірген иттің суреті. Бұл Ресей иеленіп алған төрт аралдың бірі, Жапония оны солтүстіктегі өз территориясы санайды. Кунашир аралы Жапонияның негізгі территориясынан небары 20 шақырым қашықтықта орналасқан.  
1

Кунашир аралында көлікте ернін бояп отырған орыс әйелі. Аралдарға қатысты дау Ресей мен Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанын ресми бекітетін бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қоймағанын білдіреді. Жергілікті тұрғын әйелдердің бірі айтқандай: «Соғыс жоқ, бейбітшілік те орнамаған».
2

Курил аралдары (ортада) Жапония мен Ресей арасын тіліп өткен ұстараның ізі іспеттес. Екі ел арасындағы тарихи шекара бұрын бұл аралдардан солтүстікке қарай өтетін, алайды Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шекара оңтүстікке қарай жылжып, Жапонияның негізгі территориясының іргесіне тірелді.
3

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ пен Ұлыбритания Мәскеуге егер СССР Жапонияға қарсы соғыс ашса, қарымына Курил аралдарын беруге уәде еткен. Мына суретте әлгі аралдардың біріне совет әскерінің түсіп жатқан сәті бейнеленген.
4

1945 жылы Курил аралдарын басып алған кезде қаза тапқан совет жауынгерінің сүйегі. Токио Жапонияның негізгі территориясына тақау орналасқан төрт арал Курил тізбегінің бөлігіне жатпайтынын, сондықтан СССР-дің ол аралдарды басып алуға хақы болмағанын айтады.
5

Кунашир аралындағы жапон зираты. 1945 жылы аралды совет әскері басып алғаннан кейін екі жыл бойы онда жапондар мен СССР азаматтары аралас тұрған (ол туралы оқиғалар 2014 жылы шыққан анимациялық фильмде суреттерген). 1947 жылы СССР басшысы Иосиф Сталин жапондарды бұл аралдан Жапония территориясына күштеп көшіруді бұйырған.
6

Итуруп аралындағы қыс. Бүгінде даулы аралдар территориясында 19 мыңға жуық ресейліктер тұрып жатыр.
7

Итуруп аралындағы қыс. Бүгінде даулы аралдар территориясында 19 мыңға жуық ресейліктер тұрып жатыр.

Кунашир аралы маңындағы шығанақта ымырт жабылған кез. Жергілікті тұрғындардың негізгі табыс көзі – балық аулау, бірақ тиісті инфрақұрылым салынбағандықтан мұнда тұратындардың экономикалық болашағы бұлыңғыр болып көрінеді. Аралдар 1947 жылы күштеп көшірілген жапон азаматы 2005 жылы атамекеніне келгенде мұндағы жағдайды «құла дүз» деп суреттеген.
8

Кунашир аралындағы Ленин ескерткіші жаныннан өтіп бара жатқан совет әскери қызметкері, 1989 жыл. Совет одағы тарағаннан кейін көп ұзамай Курил тұрғындары Жапония үкіметіне бұл аралдарды қарамағына алу туралы өтініш жасауға келісесіз бе деген сауалмен «референдум» өткізген. Ресейлік шенеунік дауыс беруді ұйымдастыру туралы бастама көтерген жергілікті тұрғындарды сөгіп, «бұл адамдардың көпшілігі – ешкім де, еш нәрсе де емес» деген.
9

Кунашир аралы жағалауындағы теңіз мысықтары. Даулы аралдар төңірегіндегі суда балық пен теңіз жануарларының небір түрі тіршілік етеді. Балық шаруашылығының экономикалық әлуеті жылына төрт миллиард доллар деп бағаланады. Жапония билігі егер Ресей даулы төрт аралды өзіне қайтаратын болса, оңтүстік Курил аралдарының балық шаруашылығы мен туристік әлуетін ұқыппен пайдалануға уәде еткен.
10

Ресейлік балықшылар оңтүстік Курил аралдарын Ресейдің қарамағында қалдыруды қолдау шеруін өткізіп тұр, 1990 жылдардың басы. 2016 жылы өткізілген сауалнама нәтижесі бойынша, ресейліктердің 78 пайызы аралдарды Жапонияға қайтаруға қарсылық білдірген.
11

Оңтүстік Курил аралдарының біріндегі жапон әскери танкінің қаңқасы. Ресейліктердің көпшілігі СССР 20 миллион азаматынан айырылған сұрапыл соғыста нацистік Германияның одақтасы болған елге аралдарды қайтару туралы идеяны қабылдамайды. Ресейлік саясаткерлердің бірі кезінде бұл мәселе бойынша айқын ұстанымды білдіріп, былай деп мәлімдеген: «[Жапония] соғысты бастаған және жеңілген ел ретінде толық және сөзсіз капитуляция туралы актіге қол қойғанын, ол акті бойынша территориясы мен саяси тағдыры жеңімпаздың еркінде екенін ұмытпағаны жөн».
12

Курил аралдары маңындағы атом сүңгуір кемесі, 1998 жыл. Даулы аралдарға қатысты Ресейдің ұстанымына Мәскеудің әскери стратегиясы да себеп болып отыр: оңтүстік Курил аралдарының арасынан өтетін терең су дәлізі Ресей сүңгуір кемелеріне Тынық мұхитқа шығуына мүмкіндік береді.
13

Шикотан – Ресей мен Жапония арасындағы даулы аралдардың бірі. Егер бұл территорияны Жапония алатын болса ол жерде АҚШ әскери бекінісі пайда болуы мүмкін деп қауіптенетін Мәскеудің аралдарды беруге келісе қоятыны күмәнді. Әйткенмен, жер дауы шешімін табуы да әбден мүмкін: 2013 жылы Жапония премьер-министрімен бейбіт келісім жасау мүмкіндігін талқылаған кезде Ресей президенті Владимир Путиннің «хикиваки» (дзюдода «итжығысты» білдіретін әдіс) туралы айтқаны бар.
14

Екі тарап үшін де ең тиімді шешім «екі плюс альфа» тәсілі болмақ, ол бойынша Жапонияға Шикотан аралы (суретте) мен Хабомаи аралы (балық аулау аймақтарымен бірге) және тағы бір арал (Ресей келісетін болса ол қосымша анықталады) өтеді. Бұл жағдайда Жапония осы уақытқа дейін даулап келе жатқан екі үлкен арал – Кунашир мен Итурупты қайтаруды талап етуден бас тартатын болады.
15

Кунашир аралындағы туыстарының зиратына келген жапондар. Талдаушылар «екі плюс альфа» тәсілі бойынша Жапонияға екі үлкен арал маңында балық аулауға немесе Жапония азаматтарына даулы аралдарға емін-еркін барып, онда бизнес жүргізуге құқық берілуі мүмкін дейді. Егер Ресей мен Жапония екі жаққа да қолайлы шешімге қол жеткізетін болса, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанын ресми бекітетін бейбіт келісімге қол қойылуы мүмкін.
16

Кунашир аралындағы туыстарының зиратына келген жапондар. Талдаушылар «екі плюс альфа» тәсілі бойынша Жапонияға екі үлкен арал маңында балық аулауға немесе Жапония азаматтарына даулы аралдарға емін-еркін барып, онда бизнес жүргізуге құқық берілуі мүмкін дейді. Егер Ресей мен Жапония екі жаққа да қолайлы шешімге қол жеткізетін болса, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанын ресми бекітетін бейбіт келісімге қол қойылуы мүмкін.                       Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Камилла ВАЛИЕВА Коллаж авторы — Тимур Тимаев Шілденің аяғында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерді қайта қарауды тапсырды. Қолданыстағы келісімдерді Мәскеу Астанамен 2013 жылы, ал Ташкентпен 2016 жылы жасаған. Қазір бұл құжаттар қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді, әскери мақсаттағы өнімдер алмасуды және технологиялар беруді реттейді. Алайда келісімдерде нақты не өзгеруі мүмкін және Ресей оларды дәл қазір неге қайта қарап жатыр? Әзірге Кремльдің Астана және Ташкентпен жасалған әскери-техникалық келісімдердің нақты қай тұстарын қайта қарастырып жатқаны белгісіз. Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Азаттық радиосының сауалына жауап бермеді. Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі құжаттар бойынша жұмыс аяқталғанға дейін олардың мазмұнына түсініктеме бермейтінін мәлімдеді. “Шектеулі түрде таратуға жатпайтын ақпарат жұртқа мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: