|  |  | 

Саясат Сұхбаттар

Галеотти: “Долы риториканың күні өтті”


Ресей президенті Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путин

Ресей мен Батыстың қарым-қатынасын зерттеп жүрген белгілі ұлыбританиялық саясаттанушы, Кремль саясаты бойынша сарапшы Марк Галеоттимен сұхбат.

Марк Галеотти – Прага Халықаралық қатынастар институтында аға зерттеуші, Еуропа қауіпсіздігі орталығының жетекшісі.

Азаттық: - Бұрынғы әскери тыңшыны Англияда улау дауына қатысты Ұлыбританияның Ресейге қарсы дипломатиялық шектеу әрекетін АҚШ белсене қолдап шықты. Орталық және Шығыс Еуропадағы кейбір еуроскептик ел басшылары да бірнеше ресейлік дипломатты кері қайтарды. Бұл нені білдіреді? Бұл жолы не өзгерді?

Марк Галеотти: - Бұл – жағдайды біржола өзгертетін сәтке айналып тұр. Ресейге болсын, я басқа елге болсын мұндай ауқымды әскери емес қысым жасалғанын ешқашан көрмеппіз. Оның себебі бұрынғы тыңшы Сергей Скрипальді өлтіруге тырысу әрекетінде ғана жатқан жоқ. Шыдамның шегін үзген, ақырындап қордаланған ресейлік авантюризмде жатыр. Мәскеу жасады деп күдік тағылған қастандықтарда жатыр. “Бұған қатысты бір шара қолдану керек” деп ойлайтын кез жетті. Осы жағынан қарағанда бұл – ұзақ процестің кульминациясы.

Көре отырыңыз: Сергей Скрипаль деген кім?

Азаттық: - Ресейге тағылған осы айыптауларға қатысты Батыстың ең ауыр санкциясы не болуы мүмкін?

Марк Галеотти, саясаттанушы

Марк Галеотти, саясаттанушы

 

Марк Галеотти: - Жағдайды бұлай ушықтыруға Мәскеудің басқару жүйесінің нашарлығы себеп болды. Ресейге жан-жақты экономикалық санкциялар салынатын күн тууы да мүмкін деп айтуға болады. Бірақ оның ауылы алыс сияқты. Көбіне саяси ишаралар жасалатынын көретін сияқтымыз. Өйткені бұл – ынтымақтаса жасалатын өте нәзік мәміле. Батыс Ресейге: “Мына қылықтарыңды енді көтермейміз, қымбатқа түседі” дегісі келеді. Бірақ Путинді “режиміме қатер төнді” деп ойлайтындай мүлдем тұйыққа тіреп тастағысы да келмейді. Ондай жағдайда Путин болжап болмайтын кесірлі әрекет жасауы мүмкін. Өйткені жоғалтатын нәрсесі аз. Сол себепті бәрібір ынтымақтасу бар.

Қырым бір себебі еді, Скрипальды улау жалғасы боп шықты. Сол себепті осындай жауап туды.

 

Ресейге қарсы дипломатиялық шектеу қолдануға Канададан Австралияға дейінгі аралықта біраз ел қосылды. Сөйте тұра біраз ел қосылған жоқ. Кейбір елдердің ашық түрде өздеріне тиісті рөл ойнаудан бас тартқанын көрдік. Қолда бар коалицияны бөлшектеп алмауға тырысып жатыр.

 

Біле отырыңыз: “Новичок” деген қандай у?

Азаттық: - Ресейдің дипломатиялық жанжалға қатысты алғашқы реакциясын көріп отырмыз. Кремль де шетелдік дипломаттарды елден кетірмек. Мәскеу бұл жағдайдан бір сабақ алды деп ойлайсыз ба?

Марк Галеотти: - Дәл қазір бірдеңе деу ерте. Ресейдің көкіректене жауап қайтаратынын білгенбіз. Басқаша жасай да алмайды. Басқа бірдеңе қылса, әлсіз болып көрінуі мүмкін. Ал ресейліктердің әлсіз боп көрінгісі келмейді. “Сахнаның артында не болып жатыр?” деген сауал туады. Өткен апта Мәскеуде болдым. Сол кезде Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Ұлыбританиядан ресейлк дипломаттардың алғашқы легі шығарылатынын хабарлап жатқан. Ресей дәл соншама британ дипломаттарын қайтарып жатқан. Ресейдің сыртқы саясат мекемесінде кіммен сөйлессем де, жанжал осымен бітті деп ойлайтынын байқадым. Сол себепті мына жағдай Мәскеуді есеңгіретіп тастайтын сияқты. Болған жағдайды қалай түсінді дегенге келсек. Бұны тек ишара көріп отыр ма? Жоқ әлде күшімізді шамалай алмай қалдық деп отыр ма? Батыстың реакциясын болжап білеміз, ойнай тұрамыз деді. Енді мұның қате екені көрінді. Өздеріне қарсы үлкен кампания басталды. Сондықтан қайта ойлануға мәжбүр. Бұдан Ресей Батысқа жақсы болып көрінуге тырысады деуге де болмайды. Қатая түсуіміз керек деуі де мүмкін. Бірақ саясатының өзгергенін көріп отырмыз. Долы риторикалы жауап қатудың күні өтті.

Оқи отырыңыз: Ресейдің “Скрипаль дауына” қатысты жауабы

Азаттық: - Қырымды аннексиялап алған кездегідей емес, Ресей бұл жолы Батыстың қаттырақ саяси қысымына ұшырады. Себебі не?

Марк Галеотти: - Бірнеше себебі бар. Қырымның аннексиясы халықаралық заңдарды қаншалықты өрескел бұзу болса да, бірқатар Батыс елдері белгілі бір мөлшерде мұны мойындады. Қырымдағы референдум заңсыз өтсе де, түбек халқының басым көпшілігі Ресейдің бір бөлігі болғысы келетінін түсінген сияқты. Тұтас хаос орнаған кезең еді ғой. Бірақ маңызды бір жайт – Қырымды аннексиялау мына процестің басына айналды. Ешкім ол кезде бұның әлдененің басы екенін білген жоқ. Одан бері Донбасты көрдік, басқа әрекеттерін көрдік, сайлауға араласуды көрдік. Мұның тізбекке айналғаны аңғарылды. Сол себепті мұны тоқтату үшін қатаң шаралар қолданылды. Қырым бір себебі еді, Скрипальды улау жалғасы боп шықты. Сол себепті осындай жауап туды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: