|  |  |  | 

Көз қарас Тарих Қазақ шежіресі

Сұраған Раxметұлы. ИТЕЛІ

… Бүгін бірнеше пенделер керілдесіп жатқанын көрдім. Шежірегерлер секілді. Арасында бәлеқорлары да бар. Бәрі білгір, кемел сәуегей! Абақ бабамның “ұрғашы” екенін өз көзімен көргендей!? Әлде бір рудың “ит еміп” өскенін біледі!? Мен болсам “атан түйе мініп, тай жетектеген… ” екенмін… Бақытбек Бәміш менен де сорақы!?

Себебі, оның руы Ителі!!! Ойландым.Не десем болады!? Расында қалай еді өзі,ә!

… Керей елі. Жошыдан сілем тартады. Ерекше одақ тайпалар құрамасы. ХҮ ғасырда Мәуреннаһр мен Хорасанға дейін қаптал жайған. ХҮІ ғасыр батыстан шығысқа қарай үдерген ұлы жұрт. Таңбасы - крес. Он екі ата Абақ. Шәкерім дана, соңынан ғұлама Мағауин ағам солай деген. Іргелісі – Жәнтекей. Шамамен жан саны 800.0 санды өскен ру. Бұқарадан Бұқақараған алқабына дейінгі жайылым кешкен көшпелі ел.

Ал, Он екі ата Абақтың құрамында Ителі руы бар. Өз кезегінде “ноқта Керей” атанған еңселі әулет. Шамамен жан саны 200.000-ға жуық дейді. Бағыналының кенжесі болған, желі ұстар Қойлаудан тараған соң солай аталуы әбден мүмкін. Ителі – Ақпақты, Әуметәлі, Ақмерген деп әр салаға бөлінетін көрінеді. Қасиетті Сәбитұлы Зуқа қажының ұйықты аймағы.

“Ителі туралы көп деректер сақталмаған.” Солай да шығар!? Алайда, Ителі атауы итке қатысты емес секілді. “Еділ елі” немесе “Ед елі” болуы мүмкін. Бұрынғы Қазара қазіргі Каспи теңізіне құятын Еділ дариясының көбесінде Ителі (Ед елі) деген жер атауы бар. Солай тартсақ ше? Бабақұмар Қинаят інім не дейді!?

Сұраған Раxметұлы

Bakhytbek Bamyshuly Жуырда Мақидолда ақсақал мені көп іздепті. Жолыға алмадым. Жарықтық осындай бір сөздің шығарын сезген-ау?! Бұлай демесе Сұраған Сұраған бола ма? Сен не білесің, тегіңнің атауын тектедің бе? деп тұр ғой. Жоқ! Түркі баласының Бөріні емгені баршаға аян. Анау Ата Шыңғыс ханның ата-бабасы Бөрте бөрі мен Құба Марал!Керейге мәлімі “Ноқта ағасы”. Сөздің түп қазы, ежелгі мағынасы Қара Жерге барып қадалады. Жерді бағзы бабаларымыз солай ИД десе керек. Жақсы лепес жарым ырыс. Ел Сөзі. Абылай ханның түсін оңға жорысаң Айың оңыңнан туады. Адам баласын маймылдан жаратқан ғалымдар да өткен. Асқар Сүлейменов: «Басқа халық маймылдан жаралса жаралған шығар, ал, дәл біздің қазақ жылқыдан жаралған» депті ғой… Әзірге осы…

Сұраған Рахметұлы Мұндағы бір анық ұғым – “уд”ұғымы. Етүкен – ежелгі түркілік кие. Ат көмген орын.”Ноқта Керей” атауы қалайда жылқыға тартып тұр. Уд-иелі, ед-иелі, ат-иелі атаулары ит тұқымына қарай жүрмей тұр!? Бабатекті Кере – жұрт кие тұтқан текгіне бекер “ноқта” салмаса керек. Мұнда бос болжам,түс жорамалдан гөрі анық ұсыныс күтіледі. Ру сойы мазақ болмауы тиіс. “Ит” сойын жек көрмеймін. Алайда оны “ат”- қа қарай тартуға да негіз бар.”Ед”- ежелгі аттылар жүрген ұйық. Аттылы бабам ие тұтқан жерінде туған бір киелі ұлығын “Едиелі” деуі де ғажап емес-ті. Ал, оған ноқта салған ел Керей! Ұлы Қазақтың бір түтіні. Қазара (Қас-бұ)-дан Алтайға дейінгі далада тек ат ізі ғана жатыр. Ал, ат пен ит Адам атамның алғашқы досы.

Ықылас Әділет Итиелі руы қырғыздарда да бар. Оларда Италы деп аталады. Ит сөзінің лексика-грамматикалық даму жолында бірнеше гомогенді дербес мағыналы сөздер қалыптастырған. Мәселен, Ит, От, Ет, Ат – бұлар зат есім қызметінде. Ал, осы түбірлердің гомогенді варианты Ут, Ұт түбірлері түркі тілдерінде түпкі мағынасын жоғалтқан. Тек, хакас тілінің бір диалектсінде ут “бөрі, қасқыр” деген мағынаны береді. Бұндай түбір варианттарын тілдік фактілерді салыстырсақ: удмурт, керейт, оймаут, торғаут, аймауыт – яғни этноним қалыптастырған. Ут түбірі көбіне түркі тілдерінде ономастика, жасауда актив қолданылған. Түркі-қазақ этнографиялық атуына жататын құт қалыптасуы да осы түбір негіз болған. Моносиллабтың ішкі флексиялық құрылсы: қу+ут, мұнда көне қу түбірі “ақ” түсті білдіреді. Мәселен бұл түбір қыпшақтардың кезіндегі этникалық “қуман” атауына негіз болып, ақ-сары өңділер деген мағынаны берген. Түркі-қазақ танымында құт сөзі ең алдымен дәстүрлі айран сүт таамдарына қарай айтылып, ақ деп аталатыны белгілі. Бұдан шығатын қортынды, кезіндегі түркілік антропонимдер Құтлық, Идіқұт, Тәңірқұт деп айтылатыны осыдан. Ит түбірі тіл дамуының ең алғашқы кезеңдерінде, яғни түркі тілдерінің флективті сатысынан бері қалыптасып жеткен. Бұдан Ит сөзінің семантикасында бірнеше түркілік этнотанымдық атаулар бар.
Итаалы руы туралы мифтік деректерді Плиний еңбектерінен кездестіреміз.

Көкбөрі Мүбарак Ед, Ид – жер.
Едіқұт, Итикут – жер иесі.
Еден-жерден болымсыз биік үй табаны.
Едір-қылтиған шөп басы.
Ит – бөрінің екінші тергеу аты.
Едік – шұңқыр.
Еділ – қазан.
Төбе ит – төбет.
Ите – құдық.
Итеру – тереңге құлату.
Иіу – тереңдегінің шығуы.
Иітіл – бұлақтың қайнары.
Иілу- еңкейу.
Ителі – түп сөзде төгілу, ағып кету, шаптарапқа жайылу деген атауды білдіреді. Ителі руында бұлақ қайнарына табынып, іркіт пен айранды бұлақ қайнарына төгетін салт бар. Ителі шежіресінде осы әдет айтылмай қалмаған.

facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: