|  | 

Мәдениет

АНА ТІЛІМ – БАЙЛЫҒЫМ

Кокажаева А.Б.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,
математика кафедрасының қауым.профессор м.а.Qazaq

Заман талабына сай инновация мен технологияның жаңа кезеңіне қадам
басқан халқымыз үшін басты мәселелердің бірі ол – тіл тағдыры, яғни «Тіл
тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры».
Елбасымыз атап көрсеткен жаңғырудың Үшінші кезеңіне көшуіміз
жаһандық технологиялық бәсекелестігімізді арттырумен қатар, рухани-
мәдени  дамуымызға да серпін берері баршаға мәлім. Осыған орай, қазіргі
заманауи қоғам азаматтары тілдік ортаны жетілдіруге, оның ішінде қазақ
тілін өз еліміздің болашақ дамуы үшін ортақ тілге айналдыруға
атсалысуымыз қажет.
Тіл мәселесі – болашақ ұрпаққа мақтанышпен тапсыратын ата-
бабамыздың қалдырған аманаты. Осы ана тіліміз қарым-қатынас жасап келе
жатқан ұрпағымыздың өткені мен бүгінгісін салмақтай келе, келешегі баянды
болатын халықтың мәңгілік бейнесін көрсетеді. Тілдерді дамыту мен
қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға
негізделген Республика көлемінде тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын
кеңейтуге бағытталған ісшаралар жоспары әзірленіп, жұмыс барысы бүгінгі
күні әр салада жүйелі жолға қойылуда.
Жалпы мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына енгізу арқылы
2025 жылға дейін қазақ тілін меңгерген қазақстандықтардың үлесін арттыру
көзделіп отыр. Бұл тапсырма баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейтіні
белгілі. Осы бағытта мемлекеттік тілге жанашыр, яғни оған жан-жақты көңіл
бөлу, ана тілде сөйлейтін, өз қызмет ортасында осы тілге төрден орын
беретін жанашырларының қатарын көбейтіп, оның қолданыс аясын
кеңейтуге күш салу. Бұл дегеніміз Ана тілімізге деген шексіз құрметтен,
ұлтқа деген сыйластық пен мейірімділіктің нысаны.
Сөз өнерін қадір тұтып, киелі санап, тілді барынша насихаттап жүрген
жастарға қолдау көрсету – ұлтымыздың рухани жаңғыруы мен отаншылдық
қасиеттерін көтерудің бірден-бір негізгі мақсаты. Егеменді елімізде
көкжиегімізді кеңейтіп, рухани кемелденуіміздің кепілі болмақ. Өркениеттің
өр биігіне шығарар берік тұғыр – ұлттық болмыс десек, сол ұлттық
болмыстың бір қиыры тілмен сабақтас. Қоғамдық сананы рухани тұрғыдан
жаңғырту рухани қазыналарымызды, соның ішінде қастерлі қазаақ тіліміздің
тұғырын одан әрі биіктете түсумен және оны ұрпақ кәдесіне жаратумен
тығыз байланысты екекні баршаға аян. Сондықтан, осындай
құндылықтарымызды бағалап, өскелең ұрпаққа әдемі күйінде аманат ету
бүгінгі міндеттердің бірі.
Мемлекеттік тіл саясатына ақпараттық қолдау көрсету арқылы оны
бұқараға кеңінен насихаттау, сол арқылы қоғамдық пікір қалыптастыру

мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының, интернет-ресурстарының
әлеуеті кеңінен пайдаланылады.  Тілдік ахуалды одан әрі жақсарта түсу
мақсатында бүгінде алдымызда үлкен міндеттер тұр. Осылардың ішіндегі ең
бастыс мәселе – қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында қазақ
әліпбиін латын графикасына көшіру.
Тәуелсіздіктің тірегі – ұлттың тілі және діні. Тәуелсіз елімізде көптеген
ұлт өкілдері алаңсыз өмір сүріп келе жатқаны баршамызға аян. Елбасының
көреген саясатының арқасында еліміздегі ұлттар өз тілдеріне ешқандай
нұсқан келтірмей, мемлекет қолдауымен өркендеп дамуда.
Сонымен қатар, тілдерді құқықтық тұрғыдан қорғау Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, ҚР «Қазақстан Республикасындағы
тіл туралы» Заңымен және өзге де заң актілерімен қамтамасыз етілген.
Тәуелсіз Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп
жатқанын мақтанышпен айтуға болады.
Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең бейбітшіл, саяси тұрақтылық,
әлеуметтік-экономикалық өркендеу қалыптасқан мемлекет ретінде танылып
отыр. Бұл жетістік қазақстан халықтарының көз қарашығындай сақтайтын
байлығы деп айтсақ артық болмас.
Осы орайда еліміздегі ұлтаралық келісімге, әлеуметтік – экономикалық
даму үрдісіне, азаматтық қоғамның орнығуына кепілдік болып отырған
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын
ел болып бағалай білуіміз қажет.
«Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге
де ана тіліңді құрметтете аласың», – деп атақты жазушы бабамыз Ахмет
Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміз өркендеп, асқар шыңдардан көріне
берсін!. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі
бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа
өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына
ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп
отырады.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы қазіргі жастардың қолында.
Сондықтан да болар Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»,
«Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі
бар. Ал соңғы жолдауында айтылған «Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз
өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің
қатары 95 пайызға дейін жететін болады. Еліміздегі барлық мектептер мен
оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр» деген.
Тіл – ұлтымыздың байлығы, тіл ұмтылса – салт-дәстүріміз де ұмтылады,
«Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте» демекші, өз тілін білмеген адам
ата – баба тарихын ешқашан түсіне алмайды.
Сөзімізді қорытындылай келе, тілдердің әлеуметтік-коммуникативтік
қызметін кеңейту мен нығайту, белсенді қолданылуын қамтамасыз ету,
жалпы мәдени қызметін сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз болмақ.

Kerey.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: