|  | 

kerey.kz TV

БАҚЫТБЕК

 

…Бұлғын деген – ұшқатты қойнау, ұларлы, ұшпалы ұйық дүр. Жусаны үлбірек, изені табадай, жирені күдірейген түмен белестерден мұнарты-ып тұратын тәңір жер. Алтайдың тұман жамылған жүлгесінің іргелі қиығы осы өңір. Осы бейғажайып мекеннің басы – жайлау, балағы- күзеу, ойпаты қыстау. Бақ тұнған баялыш, ақбұйра өзенді өлкеде Бақытбек Бәміш туыпты. Шудабай бәһадүр зәңгінің табынан. Мен оны “тірідей” тоқсаныншы жылы көрдім! Қан – сөлі жоқ ақсұры, сұрқы сұсты суық, иығынан төмен желбіреген жалбыр шашты, осызаманауи “Баба түкті Шашты Әзиз”!!! Қолтығына қысқаны Мағауиннің екі кітабы… Саусағында бадана тасты жылтырақ жүзігі бар әйтеуір сықиып келіп тұр. Түрінен, қимылынан, шәлт мұрт қойысынан ежелгі massagtai ме, текті Мағауин бе, әйтеуір бір сұлба көрінердей. Өзіне сенімді, күреңкі паң! Ежелгі танысындай ежірейіп келіп әй, шәйсіз “жүр” дейді! Кеудесіне кигені моңғолдық жас сәнқойларға тән құрақ- құрақ қырым күртеше. Кеттік! Өзінен гөрі қазақ әдебиетінің күйін шертіп-шертіп жібереді. Көбінесе көңілі толмайды!? Қайда тоқтайтынын да өзі білмейді! Сол кездегі біздер оның танауының астында күнелтіп жүргендей секілді екенбіз! – Өлеңің жақсы, дейді. Кекірең! Бірақ, өзі ғана оқи жөнеледі екен!? Тіпті алды, артында ешкім жоқтай дес бермей сөйлеуі маған ұнай қоймаған. Есімде қалғаны – “Арауақ” деген өлеңі. Демігіп, сілкініп алады… “Едігенің жырын” – “… Мен бүгінгі түсімде… деп, ербиген мұртын ерінімен көсеп оқиды! Жіпсиген қарақты көзінен жас парлап,кірпігін шылайды! Зуқаның ұрпағы, бандының кейкиген ізі – кейпінен тыс мүлдем көңілшек пәк! О, дүние! Кешу, кешу өтінем! …Біз сәттен кейін дос болып кеттік. Таңдауы поэзия болса да кезегінде төрт амалдан өрлеп, физматпен шатысқан.Ғылыми задылы шамалы технолог! Ізденісі қонымды өзіне. Ол, өзін зім кідірлі мір тартпадай шыңай берді. Содан бері біршама заман өтті.Ол,не жазса да шарқатты,шатқалды бұла Бұлғынды сызды, жырлады.Барақат Бұлғынның қарақатының дәміндей өлеңдері кіді! “…Сырқыраған сүйегім, сенің тасың – Бұлғыным…” Қаракөлдей тұнжыр шумақ! Бақытбектің бір өлеңінен кіші елінің ерлік ісі, санқилы кісілер тағдыры үндесе, бір өлеңінен ермен иісі аңқиды! Азаматтық зердесі өрен биік! Тамаша поэмалар мен кіл өлеңмен роман ұсынды! Әлдебір тосын тақырыппен еңбек қорғады. Маған бірде – “Айторы ғұмыр” жинағын жолдапты. Мұқабада жағыз тал білте тұр! Өшпейтін шырақ!!! Бақытбек дос Алматыда ақ еспе жыр кешін ширатпақ.Құтты болсын! Оның бүткіл ғұмыры – өлең! Мағауиннің Ағасының күдір жолымен жортқан бөрі текті ақын аман болсын! Сұраған Рахметұлы бейнені жобалаған Жұмабай Мәдібайұлы

Kerey.kz

Related Articles

  • ЗАМАНБЕК НҰРҚАДІЛОВТІҢ ҰЛЫ ӘКЕ КЕГІН ҚАЙТАРМАҚШЫ

    ——————- «Сені өлтіру шыбыннан да оңай»: Нұрқаділовтің ұлы құпияның шетін 17 жылдан кейін шығарды (ВИДЕО) Авторы: Нұрлан Әлинұр, 03.03.2022, “Түркістан” газеті Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына алғаш рет сұхбат беріп, 17 жыл бойы айтпаған құпиясын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, енді әкесі Заманбек Нұрқаділов туралы бар шындықты айтудың сәті келген. Шындықты айту менің парызым деп санайды. «Әкем саясаттың құрбаны болды. Екі рет жүрегінен, бір рет маңдайынан атып, өз-өзіне қол жұмсады дегенге келіспеймін. Қайтыс болғанда департаменттегілер мені жәбірленуші болып, барлық сараптама құжаттарға сен қол қоясың деді. Бір жұма өткеннен кейін пальто киген ұзын бойлы органдағы екі жігіт келді. Олар «өз-өзін өлтірді болады, суицид деп жазамыз, сен соған

  • Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар туралы сұхбатымның қазақ тіліндегі нұсқасы

    Армысыздар, құрметті достар! Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар туралы сұхбатымның қазақ тіліндегі нұсқасын өз арнама салуды жөн көрдім. Сұхбатта аталған оқиғадан кейін үкімет нақты қандай жұмыстарды қолға алуы тиіс және елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қандай шараларды жүзеге асыру керек деген мәселе жөнінде сөз қозғадық. https://youtu.be/BhPWztjzHYw?t=712 https://www.youtube.com/watch?v=BhPWztjzHYw

  • Елордалық филармонияның әртістері ақ халаты абзал жандарға ән арнады.

    https://youtu.be/scqqgINrA6U   Елордалық филармонияның әртістері Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин ақ халаты абзал жандарға ән арнады.  ​ Короновируспен алдыңғы қатарда күресуде өз уақытын өз-өзіне немесе жақындары мен туыстарына емес, науқастарға арнай отырып,  үлкен ерлік пен батылдық танытқан  қазақстандық дәрігерлер де болды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының    әртістері ақ халатты абзал жандардың ерлігін жырлап “Дәрігерлер” әнін жазды және оны дәрігерлерге арнады. Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын Мәдениет қайраткері, “Қорқыт” этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазды. Қуат Ежембек осы шығармашылығы арқылы науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, ауыр ауыртпалықты

  • Қазақ Сібір хандығына – 800 жыл!

          Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектер де Қазақ хандыгының тарихы бір жақты көрсетіліп жүр. алғашқы Қазақ хандығымен соғысқан көрші елдер халқымыздың бітіспес жауы ретінде баяндалады. Солардың бірі – Сібір хандығы. Ғасырлар бойы Қазақ Хандыгының теріскей жағында жатқан қазақ тайпалары Сібір хандыгының құрамында ғұмыр кешкені белгілі. Бүгінде Ноғай ордасы мен Сібір хандыгын Ресей ғалымдары меншіктеп алып жүр. Ал қазіргі қазақ елінің құрамына кіретін керей тайпасының сол заманда өз хандығы болған. Керей хандарының ғасырдан ғасырға созылған ежелгі әулеті Оң ханмен, Сәнгүнмен бітпейді. Әрқилы тарихи жағдай, әртүрлі кейіпте одан әрі жалғасқан. Оң ханның «Жинақты тауарих» пен «Қастерлі шежіреде» арнайы аталмайтын ұлдарының бірі, кей деректерде, немересі Тайбұға (Тай-Бұқа) азды-көпті жасағымен, Тұрғақтарымен,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: