|  |  |  | 

Мәдениет Суреттер сөйлейді Шоу-бизнис

Қазақ патриот құрылысшысы

kulybayev rysmendiev

11 тамыз күні, бұрынғы Кеңес Одағының аумағында
құрылысшылардың кәсіби мерекесі атап өтілді. Еріксіз, менің досым
Александр Владимирович Рязановты (1958-2009) еске алдым. Иә, биылғы
тамыздың басында Одесса қаласына қысқа сапар шектім. Осы аймақта өмір
сүретін Алекеңнің туысқандарымен қауыштым: бөле ағасы Александр
Браилов, бөле қарындасы Оксана Позняк, бөле інісі Андрей Барбакар. Одесса
аймағының құрамасындағы Измаил қаласында тұратын оның досы, журналис
Александр Ободовскиймен сөйлестім. Зымырап өтетін уақыттың қарқыны
соншама: биыл А.В. Рязановтың мезгілсіз қазасына дардай он жыл толды.
Қайран Александр Владимирович әйгілі американдық эстрадалық әнші
Майкл Джексондей (1958-2009) жарқыраған жұлдыздай өтті. Еліміздің
құрылыс саласында Алекең де біртуар жұлдыз емей немене?
Алайда, кең-байтақ мемлекетімізде күні бүгінгі дейін оның құрметіне
бірде-бір көше, алаң, даңғыл аталмады. Ешқандай ескерткіш тұрғызылмады.
Құрылыс мамандығын жетік меңгеретін оқушыларға Рязановтың сыйлығы
әлде стипендиясы берілмейді. Әрине, оның дос-жарандары мүмкіндігінше
Алекеңнің жетістіктерін құрметтейді. Мысалы, оның атындағы «Нөмір 25-ші
көпір салатын жасағы» ашылған. Бірақ, бұндай тұлғаның Қазақстан үшін
жасалған еңбегі мемлекеттік деңгейде танылуы керек. Ол басқарған
Қапшағайдағы «Трансстроймост» компаниясы бұрынғы Кеңес Одағының
аумағында ең ірі көпір салатын фирмаларының бірі болды.
«Трансстроймост» компаниясында алты мың астам жұмысшылар мен
инженерлер істеді. Қазақстан түгіл, Ресейдің өзінде осы фирма бірнеше ірі
жоспарларын орындады. Өздеріңіз білесіздер, солтүстік көршіміздің
құрылыс нарығында қандай қатаң бәсекелестік баршылық! Соның өзінде,
Саша ағай мұнай немесе бидай секілді тез өтетін шикізат бұйымымен емес,
құрылыстың ең күрделі саласы – көпір салу өнеркәсібі – арқылы Ресейдің
нарығында нық орның басты. Оның батыл өмір ұстанымы күрделі саяси
мәселелерді де қамтитын. Теле сұхбаттарының бірінде Александр
Владимирович былай деді: «Қазақстан әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің
алғашқы бестігіне кіруі тиіс!» Не деген асыл, жұлдыздарға қарай жетелейтін
мұрат!
Алекең ауылшаруашылық батыры Нұрмолда Алдабергеновтей
еліміздің нағыз еңбек ері болған еді. Бәлкім, марксизм-ленинизм іліміндегі
«тарихтағы тұлға маңыздылығы» («роль личности в истории») ұғымынан
хабардарсыз. А.В. Рязановтың мезгілсіз ажалынан кейін көп ұзамай табысты
«Трансстроймост» қирап, банкроттыққа ұшырады. Нұрекеңнің де дүниеден

2
өткенінен соң, оның ұйымдастырушылық дарынының арқасында гүлденген
Мұқыры ауылы екі-үш жылдан кейін қайтадан артта қалды. Айтпақшы,
Алекеңнің мезгілсіз ажалы оның аса қарқынды еңбекқорлығының салдары
болса керек. Ірі бастық бола тұра, пәлен құрылыс орнында шұңқырдың
қазылуын да кейде бақылады еңбек батырымыз! Соншама мұқиятты жетекші
болған Александр Владимирович! Чернобыль апатының құтқару-қалпына
келтіру жұмыстарына қатысты жігерлі Алекең, алпауыт елдің алдында
азаматтық борышын орындап.
Сонымен қатар, Александр Владимирович керемет достық қасиеттерін
иесі болған. Мысалы, 2009 жылдың қаңтар айында өткен оның 50-жылдық
мерейтойының құрметті қонақтарының арасында Қазақстан
Республикасының бұрынғы құрылыс министрі Асқар Алтынбекұлы
Құлыбаев пен Жамбыл аймағы Мерке ауданының сол кездегі әкімі Болат
Қанатбайұлы Рысмендиев көзге түсті. Мерейтойлық фотосуретімде қос
бірдей мемлекеттік қайраткерлер қатарласып тұр. Артқы қабырғада
бейнеленген көпір – «Трансстроймост»-тың белгісі. Гүлшоқтың тасасында
тұрған мұртты ер азамат – осетин халқының баласы, А.В. Рязановтың
орынбасары Тимур Вильгельмович Накусов. Алекеңнің басқа досы, Астана
қаласының сол кездегі әкімі Асқар Ұзақбайұлы Мамин, мерейтойдың өзіне
қатыспаса да, мерекелік шара өткізілетін алматылық «Анкара» қонақ үйіне
келіп, А.В. Рязановты жеке түрде құттықтады. Алекеңнің мерейтойында
асаба ретінде белгілі теле жүргізушісі Валдис Пельш болса, оның мәдени
бағдарламасына Нұрлан Абдуллин, «Дос Мұқасан» тобы, Жәмила
Серкебаева, Юрий Лоза, «Верасы» тобы және басқа өнер қайраткерлері
қатысқан.
Үлкен капиталист болса да, Александр Владимирович туған еліне
қолынан келгенше көмектесті: Мерке елді мекенінде оқыған мектебін күрделі
жөндеуден өткізіп, көпір салды. Жасыратыны жоқ, өзге ұлттың
жетекшілерінің көбісі қазекеңдерді техникалық мамандықтарға жолатпауға
тырысады. Өз кезегінде, Алекең көптеген қазақтарды тиімді жұмыс
орындарымен қамтамасыз етті. «Трансстроймост» кеңсесінде кабинет
есіктері атауларының бәрі дерлік қазақша жазылған еді. А.В. Рязановтың
үлкен баласы Валентин де (1981-2008) отан сүйгіш азамат болды. Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің Академиясына түскенде, Вакең бүкіл талапкерлердің
арасында ең жоғары ұпай жинады! Алекең отанымыздың баспагер мен
баспасөз саласына елеулі үлес қосқан жан еді. Оның «Мы соединяем
берега…» кітабы ағылшын мен қазақ тілдеріне аударылған, тұсаукесері ҚР
Ұлттық кітапханасында өтті. Жетісу өңірінің тілшілеріне бірнеше сүбелі
тапсырыстарын берді қайран көпір салушысы. Қапшағайдағы баскетбол
құрама командасына демеушілік жасады.

3

Данияр НАУРЫЗ

Украина

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

1 пікір

  1. Автор ззззз

    Автордың қатесі, Алекеңнің мерейтойы 2008 жылы өтті.

POST YOUR COMMENTS TO Автор ззззз (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: