|  | 

Тарих

Тұрардың Қытайға құпия сапары

ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының халқы үшін атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Олардың ерен істерін әлі толық зерттеп-зерделеп үлгермей жатырмыз. Сондай тұлғаның бірі – Тұрар Рысқұлов. Бұл адамның қайраткерлік қабілеті Кеңес Одағы деңгейінен асып, Коминтерн өкілі ретінде әлемдік масштабтағы саяси істерге араласуына ықпал етті. Соның бір парасы – Азия құрлығындағы көшпенді жұрт Моңғолияның конституциясын жасап, елдің саяси-экономикалық дамуын социалистік бағытқа бұрып беруі. Істі тиянақтау үшін қайраткер аталмыш мемлекетке 1924 жылдың қазан айында барып, 1925 жылдың шілдесіне дейін 9 ай қызмет етті. Т.Рысқұловтың Моңғолияда атқарған еңбегі жайлы «Егемен Қазақстан» газетінің жылашар санында «Тұрардың Күредегі күндері» атты көлемді мақала жарияланған еді. Осы жазбада қайраткердің ол жақта атқарған жұмысы жайлы баяндалған болатын. Дейтұрғанмен Т.Рысқұлов осы сапарында көшпенді елдің саяси бағытын дұрыстап қана қоймай, іргедегі Қытай Республикасына құпия барып келгені жайлы көп айтылмай жүр. Біз осы тақырыпты қаузап көрмекпіз.

 Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

Қазақ князі Қасықбай

Өткен ғасырдың 1923 жылы Оңтүстік Қытай, яғни Кантон үкіметінің төрағасы лауа­зымына қолы жеткен ұлт көсемі Сун Ят Сен берекесі кеткен қытай қоғамын біріктіріп, Жапония бастатқан шетелдік басқыншылар ықпалынан қорғану үшін Кеңес Одағымен ымыраласты. Бірақ 1925 жылы бұл адам дүниеден өтіп, қытай елінің ішкі жағдайы шиеленісіп, мемлекет  билікке таласқан бірнеше генералдың күрес алаңына айналды. Бұл тартыс-таластың Кеңес Одағы мен оның жас досы моңғолдар үшін тиімсіз тұстары көріне бастады. Мысалы, елдің шығыс үш провинциясының билеушісі Жан Золин «Моңғолия  жеке мемлекет емес, ол Қытайдың бір бөлігі» дейтін астамшыл мәлімдеме жасап, Кеңес Ода­ғына осы мәселені мойындауын талап етті. Большевиктер көсе­мі В.И.Ленин көзі тірісінде қытайлықтардың жоғарыдағы талабын дұрыс көріп, құптау арқылы Моңғолияны басып алмаққа әрекеттеніп жатқан Жан Золинның шабуылын тоқтатты.

Жоғарыдағы бір-бірі­мен тайталасып жатқан генерал­дар­дың бірі Фын Ю Сян 1925 жылдың басында Кеңес Ода­ғының Қытайдағы елшісі Лев Михайлович Караханға жолы­ғып, Моңғол мемлекетімен байланыс жасауға көмектесуін өтінеді. Елші мырза бұл мәселені Мәскеуге хабарлайды. Сөйтіп Моңғолия басшыларына саяси құбыласы Мәскеуден «тез арада қытай генералымен байланыс жасаңдар» деген тапсырма келіп түседі.

Нәтижесінде, 1925 жылы 19 наурызда моңғол басшылары ақылдасып, Қытайға баратын өкілдерді іріктеп, қаулы қабылдайды. Олар мұндай   ма­ңызды іске Шаруашылық ми­нистрі Амар, Ішкі істер ми­нистрі Набансерен, Орталық пар­тия комитетінің хатшысы Геліксенге үшеуін лайық көріп, «сіздер не айтасыз» деген­дей Мәскеу жаққа жалтақтап қарайды.

Көп ұзамай КСРО Сыртқы істер ми­нистрі Г.Чичериннің атынан Моңғол үкі­метінің басшыларына жеделхат келіп тү­седі. Хатта: «Қытайға баратын өкілдер құрамына Т.Рысқұлов енгізілсін» делініпті. Содан  Моңғол Халық партиясы Орталық Комитетінің басқарма мүшелері 23 наурыз күні қайтадан жиын өткізіп, жоғарыдағы құрамға «Моңғолиядағы аз ұлт өкілдері қазақ Қасықбай мен ұранқай Тебіктіні қосу туралы» шешім қабылдайды. Мұндағы Қасықбай деп отырғанымыз – Тұрар Рыс­құлов та, екінші адам қазақ тілін еркін меңгерген Тебікті. Мұн­дағы мақсат –  қытайлармен  жүр­гізілетін келіссөз барысында ол мән-жайды Тұрарға қазақша тәржімалап отырады.

Жоғарыдағы өкілдер Қытай генералымен ресми келіссөз жүр­гізетін болғандықтан, олар­ға жаңадан атақ-дәреже бе­ріледі. Мәселен, Амарға – бейс-маркиз, Набансеренге – хан, Геліксенгеге – гүн, ал Қасықбайға (Т.Рысқұловқа) – қазақ князі деген атақ беріліпті.

 

Калгандағы кездесу

Қытайға баратын ресми өкілдер белгілі болғаннан кейін Моңғол Халық партиясының Орталық Комитеті төтенше комиссия жасақтайды. Бұған Т.Рысқұлов мүше болды. Мұн­дағы мақсат – қытай еліне баратын өкілдер не айтуы керек және қарсы тараптан қандай сұ­рақтар қойылуы мүмкін, оған қалай жауап берілуі тиіс.., т.б. мәселе талқыланды. Бұл жер­де маңыз беретін дүние, өкілдер өздері біліп ешқандай келіссөзге қол қоюға болмайды, екінші шарт, бұлар алдымен Бейжіңге барып сондағы КСРО елшісі Л.Караханға жолығып, ақылдасқаны жөн.

Сөйтіп Қытайға баратын Моңғолия өкілдері 1925 жылы 25 наурызда жолға шығады. Арасында қазақша киінген, басында төрт сайлы пұшпақ керей тымақ, көк қасқалап тіккен саптама етігі бар Тұрар жүр. Өкілдер 18 тәулік дегенде Калган қаласына жетеді. Бұлармен кездесуге тиіс генерал Фын Ю Сян осында күтіп жатыр. Өкілдер Мәскеуден берілген тапсырма бойынша Бейжіңдегі елші Лев Караханға жолықпай тұрып, қытай генералымен кездесуге болмайды. Енді қайтпек керек?

Қысқасы, қулық ойлап табады. «Біз әуелі аруақ аттағандай болмайық,  Бейжіңге барып қытай халқының көсемі Сун Ят Сеннің қабіріне тағзым етейік, содан кейін келеміз» деп бұларды күтіп отырған генералға сәлем айтып, Бейжіңге жүріп кетеді. Бұл жерде Т.Рысқұлов елшіге жолығып толық мәлімет алады. Осы сапарында Тұрар ағамыз Лев Михайловичтің нұсқауымен Қытай елінде отырған Жапония елшісі Кэнкити Ёсидзавамен жолығады. 1937-38 жылдары жоғарыдағы Л.Караханның да, Т.Рысқұловтың да атылуына осы оқиға басты себеп болған, дейді жазушы Шерхан Мұртаза.

Онан соң өкілдер Калган қаласына келіп  Фын Ю Сянмен кездеседі. Қытай генералы бұ­ларды өз үйінде қабылдап, тайталасы мол саяси сұрақтар қойып, оған дүдәмал жауаптар алады. Осылардың кейбіріне тоқталсақ: «Кеңес Одағы Моңғолиядан әс­керін қашан әкетеді?» «Моң­ғолия әскерінің арасында орыс кеңесшілер неге көп?» «Егер Қытайға үшінші бір ел ша­буыл жасаса, Моңғолия көмектесе ала ма?» т.б. Моңғолдар бұл сауал­дарға жауап беру үшін жаутаңдап «тіл білмейтін» Қасықбайға қа­райды.

Осы тақырып бойынша­ көп­ жыл зерттеу жүргізіп, бір­­­не­ше кітап жазған тарих ғылым­дарының докторы Мініс Әбіл­тайұлы, қытай генералы Моң­ғолия өкілдерімен келіссөз жүр­гізу барысында кейбір мәсе­лені делегация басшысы Амар бейіспен жеке отырып әңгімелескісі келетінін айтыпты, соған қарағанда ол өкілдер құрамында орыс тыңшысы болуы мүмкін деп сақтық жасаған көрінеді деп жазады.

Сөйтіп Амар мырза Фын Ю Сянмен бірнеше рет кездескен. Осы бір жеке сөйлесу кезінде қытай генералы Моңғолияны тәуелсіз ел ретінде мойындайтынын айтып, ең бастысы моңғол даласы арқылы Ресейден қару-жарақ алу ниетін жеткізген. Осы мәселені Т.Рысқұлов Мәс­­кеуге мәлімдеген сияқты. Өйт­кені қытай генералы орыстан қару-жарық алып, өзінің ішкі қарсыластарына соққы бергені белгілі.

Кездесуді сәтті аяқтаған өкіл­дер 1925 жылы мамыр айының 1-і күні Моңғолияға оралып, айдың 3-4-і күндері Моңғол Халық партиясы Орталық Комитетінің Басқарма жиналысында Тұрар Рысқұлов өкілдіктің Қытайға жасаған сапары туралы баяндама жасайды. Осы баяндама мәтінінде қытай генералы Моңғол халқының мүддесі үшін емес, өз мүддесі үшін келіссөз жүргізуге мәжбүр болғанын ай­тып, сапар кезінде жолда кездескен қиыншылықтар, Бей­­жіңге барып істің мән-жайын анықтағаны туралы т.б. мәселелерге тоқталған екен.

egemen.kz

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: