|  |  | 

Мәдениет Руханият

ҚАЗАҚТЫҢ АДАМТАНУ ІЛІМІ

Qazaq ayeli

Әрбір халықтың табиғи жаратылысында өзін басқалардан ерекшелеп тұратын кемел қасиеті болады. Айталық, ағартушы Ыбырай Алтынсарин 1879 жылы Орынборда жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» атты еңбегінде, қазақ жаратылысы өте таза халық, оның сана-сезімі мен сұңғылалығы біреу салып берген тар шеңберге сыймайды десе, ХІХ ғасырда өмір сүрген поляк зерттеушісі А.Янушкеевич күнделігінде, «қазақтардың ақыл-ой қабілеті мен сұңғылалығына еріксіз таңырқай, таңданбасқа басқа амал жоқ» деп халқымыздың басқалардан артық кемел қасиеті жайлы тамсана жазады.
Демек, халықтың басқа жұрттан ерекшелігі – оның сұңғылалығы екен. Бірде атақты Қаз дауысты Қазыбек би таң бозымен жылқы үйірін шолып келе жатып, беткейде ерін жастанып ұйықтап жатқан жиені Жәнібек батырды көріп: «Еліңді ел етерсің, Ежелгі жерге жетерсің, Екі бөрің тұрғанда, Екеленбей не етерсің» деп сақалын сипаған екен. Расында абыздың айтқаны келді. Жиені ерен батыр болды, елін Алтай асырып ежелгі жеріне жеткізді. Тарихта «көк бөрілі Жәнібек» деген аты қалды.
Сол сияқты қазақта «Аяз би» атты ертегі бар. Осында хан ертегінің бас кейіпкері Жаман дейтін уәзіріне өзін сынатады. Жамекең ханның бетіне қарап тұрып: «Тақсыр сіз жеті атаңыздан хан емессіз, қарапайым наубайшының баласысыз» дейді. Хан анасын шақырып сұрайды. Расында солай болып шығады. «Мұны қалай білдіңіз?» дегенде Жаман: – Алдыңызға алғаш келгенімде сіз мені наубайханадан ас ішуге жібердіңіз, содан білдім, – дейді.
Жоғарыдағы оқиғалардан біз қазақта аса керемет адамтану ілімі болғанын аңғарамыз. Бұл ілімді аталарымыз «сұңғылалық» деп атаған. Бірақ екінің бірі сұңғыла бола бермейді. Сұңғылалық – адамға сезімтал түйсік, терең таным арқылы берілетін қасиетті ілім. Бұндай ілім иелерін қазақ қоғамы ел бірлігін сақтайтын, әділ үкім ететін би, яғни қазы етіп сайлайтын болған.
Ғылымда адамтану, яғни сұңғылалық ілімін – физиономистика деп атап, бұған: «Адамның сыртқы табиғи қимыл-қозғалыс ерекшеліктерін негіздей отырып, тұлғаның жеке мінез-құлқын аңғару арқылы ішкі сырын аңдай алатын ғылыми психологиялық сала» деген анықтама беріпті.
Ал мұсылман әлемі бұл ғылымды «Илмул Фироса» деп атап, оны үйренуге өте-мөте мән берген. Қазіргі қолданыстағы «парасат» сөзі осы «фиросаның» қазақыланған түрі. Тарихта фироса ілімін ежелгі исрайыл қауымы жақсы игергені жайлы айтылады. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар заманында ежелгі исрайыл қауымы «рас пайғамбар ма, әлде өтірікші ме, барып білші» деп фироса ілімінің асқан білгірі Хусейн ибн Саламды жұмсайды. Ол кісі Алла елшісінің бетіне ұзақ қарап тұрып: «Бұл рас пайғамбар» дейді. Қалай білдіңіз дегендерге, «жүзінен жалғандықтың ізін таппадым» депті.
Жоғарыдағы оқиғаны негіздей отырып ислам ғұламалары фироса-адамтану ілімін үйренуге талап еткен тұлғаның бойында, ең әуелі шыншыл, әділет сүйгіш, адалдық қасиеттері толық болуы тиіс дегенді алға тарады. Бұған дәлел ретінде олар Құраның «Әнфал» сүресі, 29-шы аятындағы: «Мен шыншыл құлыма ақ пен қараны ажырататын ілім берем» деген үкімді ұстанып, адамтану ілімінің өзегі адалдық пен әділдік, яғни аятта айтылған «ақ пен қараны ажырату» үкімі адамтану ілімінің өзегі деген пайым жасап, оған тағы екі шартты қосады. Олар: үнемі жақсы нәрсе ойлау және адал тамақ жеу. Яғни, мұндағы адал ас шартын бұзатын дүние – ішімдік пен доңыз еті делінген кітапта. Ары қарай пайымдай беріңіз. Біздің қазіргі таңда аталмыш ілімнен ажырап қалуымызға себеп неден екенін.
Кезінде осы ілімді игеру үшін атақты ғұлама, мазһаб иесі имам Шафиғидің өзі Иеменге барып бірнеше жыл оқыған екен. Қайтар жолында үйренген білімін тексеру үшін жолай бір бәдеуидің үйіне қонақ болып түседі.
Үй иесіне қарап: «Өте сараң, ақшақұмар болу керек» деп пайымдайды. Бәдеуи болса имамды танып оның атына шөп салып, өзіне жақсылап кешкі ас дайындайды. Имам: «Мен қателестім-ау» деп ойлайды. Кешкі астан кейін, үй иесі: «Сізге бұл жер жайсыз, төргі салқын бөлмеге төсек салып қойдым» деп қиылғанда имам қателескенім-ай деп қатты өкінеді.
Ертеңінде аттанатын болып үй иесіне: – Сізге көп рахмет, қоғадай жапырылып қонақ еткеніңізге, өте ризамын, – десе, үй иесінің түрі өзгеріп кеткен: – Тез есебіңді төле, атың 2 динардың шөбін жеді, өзің 3 динардың асын іштің, салқын бөлмеге қонып шықтың барлығы 15 динар бересің, – дегенде имам Шафиғи оқуының тегін кетпегеніне қатты қуанып: «Алған ілімім зая кетті ме деп қорқып едім, құдая тәуба қателеспеген екем» деп, 15 динарды қуана-қуана төлепті.

Бекен Қайратұлы

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: