Тұрым батыр
Тұрым батыр Орынбай ұлы (1830 ـــ 1904) тұрым 15 жасынан бастап батырлықпен аты шыққан екен. Әсіресе оның 15 жаста үш бірдей ұрыны қызыл қолмен ұстап алғаны, 17 жасында аюмен алысқаны сол кезде елге аңыз болып тараған. Тұрым 19 жасынан бастап, өз елін асыраудың әбігерлігіне түсіп, ерлігімен төңірегіне таныс болған. Россияның орта жүз елінің қоныстанған өңірлеріне өртең салып, тың ашып, әскер түсіруі ондағы елді ерен шошындырып, ел тозғындап, бытырай бастағанда, 1860 – жылдары елді берекеге шақырып, қанды қырғын соғыс салып, совет жерінен үш жүз семиәмен жеменей шекарасынан көшіп өтеді, мұнда 180 дей уақ руы Тарбағатайды бетке алып бөлініп кетеді де, 120 дай ителі түтіні тұрыммен бірге өрлеп, көктоғайдың Үліңгір өзені бойындағы «сәртерек», ертіс өзені бойындағы «талдысай», «өртеңсәй», «сәудәгер», «томарбұлақ», «тал жебе», «қадыраты» өңірлерін жайлау қыстау етіп мекендейді. Тұрым бұл өңірге келген соң да төңірегіне ерлігімен аты шығып, асқан ержүрек, батырлығымен, «қызыл аяқ» соғысында елге танылса, төңіректегі әрқандай жауына өз елін бермей, халықтың қадырменды адамына айналады. 1904 – жылы қажылық сапарда болып, қайтқан жолында зайсан өңірінде қаза болады, сапарластары оның сүйегін туып – өскен мекеніне, ел – жұртына жеткізіп, көктоғайдың сәртерек деген жеріндегі тірісінде өзі салдырып кеткен қабырға жерлейді. Оның қабыры көктоғайдың «тұрым сәртерегі» деген жерінде.
Kerey.kz
Пікір қалдыру