|  |  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Сібір хандығы немесе керей Тоғырұл ханның ұрпағы Тайбұға әулеттері билік құрған мемлекеттің қилы тағдыры мен тарихи аренадан жоғалуы

9-zcr_4k2ZA

Тарлан тарихтың бізге беймәлім тұстары көп, ақиқаты ашылмаған және
әлі күнге дейін құпия парақтарынан өзіндік орын алған Тайбұға әулеттерінің
орта ғасырларда билік құрған жұрты Сібір өлкесі немесе Сібір жұрты екендігі
баршамызға аян. Керей Тоғрыл ханның Үкіден (кейбір шежіре аңыздарда Ұйқы
дейді, ал қытай деректерінде Тоғрыл ханның бір ұлының есімі Ойху) туған
немересі Тайбұға бұл аймақта он үшінші ғасырдың бірінші жартысында інісі
Тайшықпен бірге Керей хандығынан қалған бір қауым елді соңына ертіп өз
алдына жеке хандық құрып жер көлемі орасан зор аумаққа билігін жүргізді.
Шыңғыс хан империясының ұлан-ғайыр Еуразия кеңістігінде билік құрған
дәуірінде осы империяға тәуелді жеке өз алдына мемлекеттік құрылымы бар ел
болған Тайбұға династиясы немесе Тайбұға жұртының тарих сахнасына алатын
орыны өзіміздің қазақ шежіресі мен аңыздарын ескере отырып қолға алынуы әлі
толық зерттелмей жатыр. Зерттегеннің өзінде орыс тарихи құжаттарына
имандай сенумен қатар әр кезеңдерде Ресейге бодан болып отырған
халықтардың империялық саяси ауанына байланысты саналы түрде
бұрмаланған аңыз-әңгімелері мен щежірелік көзқарастары тұрғысынан негізге
алынған күманды тарихының төңірегінен аса алмай жүрміз.
Он үшінші ғасырдың бірінші ширегінде құрылған хандық жүйедегі
мемлекет Сібірдің соңғы ханы Көшім 1598 жылдың 20 тамызында Құлынды
(қазіогі Новосибирск) даласындағы Қарасуық өзенінің жағасында Тарыщы
(Тарск) қаласынан шыққан атамандар И.Масальский мен А.Воейковтың
тұтқиылдан жасаған шабуылынан кейін жеңіліске ұшырап біржола біржола
тарих сахнасынан жоғалды. Арғы түбі Алтын ордадан шыққан Мәскеу
кінәздігіне қызмет жасаған тұз өндіруші алпауыт Григорий Строгановтың
ақшасыныюмлнң буына масыққан ел тонап, жол торуылдаған баскесерлер мен
қарақшылар жайбаращат жатқан Сібір өлкесіне ағыла бастады да жергіоікті
халыққа қырғидай тиді. Бұл кезең керей Тоғрыл ханның Тайбұғадан тараған
ұрпақтары саналатын және ғасырлар бойы хандық тақты мұрагерлік жолмен
иелік еткен Қасым балалары Жәдігер мен Бекболатты Шайбан ұрпағы Көшім
хан тарих сахнасынан біржола жоғалтқанымен онымен тайталасуға шамасы
жететін және керей руының ішіне сіңіп кеткен Тайбұға әулеттері әлі де

баршылық еді Мәскеу кінәздігінің қолдауымен және Строгановтардың
қаржыландыруымен батыстан Сібір жеріне лек-легімен ағылып, мұздай
қаруланған қарақшы топтарға қарсыласуға Көшім ханның қауқары жетпеді.
Батысында Орал тауынан, солтүстігінде ит жегіп, аң аулап, бұғы өсіруді
кәсіп еткен бұғылдардан (орысша воогуулы, қазіргі уақытта халқының саны он
бес мыңнан аспайтын Хантылар мен Мансылар) шығысында Енесай, Аңғар
өзендері, оңтүстістік шығысында сонау Алтай өлкесін қамтыған, оңтүстігінде
қазіргі қазақ жерінің Торғай даласы мен Қорғалжын, Нұра өңірі, одан асып
Ұлытау аймағына дейін жеткен, Сарыарқаны бүтіндей жайлап, қоныстанған
Тайбұға династиясының иелік еткен аумағы да ұлан байтақ зор еді. Әрбір
тарихи деректерде біресе Сібір жұрты, енді бірде Тайбұға жұрты атауымен
белгілі мемлекеттің негізгі құрамын керейлермен және уақтармен бірге кіші
жүздің жеті ру бірлестігі, орта жүздің ноқта ағасы саналатын тарақты руы,
қыпщақ руы және арғынның «жеті момын» тобы мен кіші арғындар (қазақ
шежіресінде бұларды кейде тоқал арғындар деп айтады) құрады. Русияның
озбырлықпен жасаған жаулап алу саясатының салдарынан Сібір хандығы
құлағаннан кейін бұл тайпалардың көпшілігі Есім ханның заманында Қазақ
хандығының құрамына кірді. Кейбір рулық қауымдары Башқұрт халқының,
Сібір мен Түмен, Тебріз, Бараба татарларының құрамында да бар. Бір ғана
башқұрт ішіндегі – ягалмайлы, тамянлы, табунлы және гирей руларының
атаулары көп жайттардан хабар береді. Башқұрт ішіндегі Гирей руы Идель
гирей және Орман гирей болып екі топқа бөлінеді. Олар өздерінің түп тамырын
Керейдің Буюрук ханынан таратады.slide_13
Керей Торы немесе Тоғрыл ханның немересі Тайбұға жұртының алғаш
қазық қағып, хандық бидік құрған жері Шымтұрақ (Есипов жылнамасында
Чимга тура) қаласы. Бұл қазіргі Тұрғақ өзенінің жағасына орналасқан Түмен
қаласының аумағы. Қазақтар бұл өзенді ерте кезде Тұрғақ десе қазіргі орысша
атауы Тура. Қаланы қоныстанушылар алғашқы үй-жайларын шымнан ойып
тұрғызғаны жөніндегі деректер орыстардың құжаттарында айтылады. Жалпы
шымнан ойып тұрғызжан үйлер мен мал қораларын теріскейдегі қазақтар
бертінге дейін қолданды. Географиялық ерекшеліктеріне байланысты жері
қыртысты келетін (жердің бетіндегі қатты қыртысын 15-20 см шамасында
кірпіш тәрізді төрт бұрыштап ойып алып құрылыстық материалдар ретінде
пайдалану) Сібір өлкесінде осындай әдіспен есімдері ел белгілі тұлғалардың
кесенелері де тұрғызылды. Шымнан ойып тұрғызылған үйлер жылдам әрі
қолайды еді. Ауқатты адамдар өзендер мен көлдердің маңайындағы қызыл
топырақ пен құм араласқан сары балшықты күйдіріп, қыштан өріп баспана
жасады. Жалпы айтқанда географиялық аймақтың жер бедерін жақсы білетін

қазақтардың ұғымында Түмен деген сөзге қарағанда Төмен атауы лайықты
тәрізді. Өйикені Батыс Сібір жазығындағы немесе Батыс Сібір ойпатындағы
Түмен қаласы өзге өңірлерге қарағанда ең төменгі нүктеге орналасқан.
Савва Есиповтің 1632 жылы жазылған жылнамасында, орыстардың ел
арасынан жинаған басқа да деректерінде Шыңғыс ханның (кейбір жылнамада
Шағатайдың) алдына келген жиырма жасар Тайбұға тоқсан жастан асуымен
өмір сүрген делінеді. Осы леректерді негізге алсақ Тайбұғаның билік құрған
уақыты 1220-1290 жылдар шамасы. Қазақтың ауыз екі щежіресінде және орыс
жылнамаларында Тайбұғадан кейін Мамық би жасы жетпістен асқанша ширек
ғасыр хандық құрды дейтін жорамал бар. Енді бір шежірелік аңызда Мамық
биді Тайбұғаның әкесі деп айтады. Логикалық ойға жүгінсек Мамық би
Тайбұғаның ұлы және хандық құрған уақыты 1290-1315 жылдар аралығы деп
мөлшерлеуге болады. Осы тұрғыдан алғанда хандық билікті уысында ұстаған
Мамық бидің өмір сүрген уақыты 1240-1315 жылдар. Ал, орыс тарихи
деректеріне үңілсек, 1667-1670 жылдары Тобыл воеводасы болған Петр
Годуновтың бұйрығы бойынша жергілікті қазақтар арасынан жинастырылған
аңызда басқаша: «.. когда монголский хан Чингиз завоевал Бухару, то царевич
Киргиз-кайсацкой орды по имени Тайбуга, сын хана Мамыка, выпросил у
Чингиза во владение места по рекам Ишиму, Иртышу и Туре. Чингиз передал
эти земли ему и потомки Тайбуги продолжали править этими землями…». Яғни,
қарапайым қазақ тілімен айтатын болсақ, «… моңғол ханы Шыңғыс Бұхараны
жаулап алған кезде Қырғыз-қайсақ ордасының ханы Мамықтың Тайбұға есімді
ханзадасы Есіл, Ертіс және Тұрғақ өзендері аумағындағы жерлерге иелік етуді
сұрады. Шыңғыс оған бұл жерлерді берді және Тайбұға әулеттері осы жерлерге
биліктерін орнатуды жалғастырды.»
Қорытындылай келгенде Шыңғыс ханның тұсында Мамық есімді хан
болған жоқ. Ал, П.Годуновқа шежірелік ақпарат берген тұрғылықты қазақтар
Мамық пен Тайбұғаның тарихи орындарын ауыстырып отыр немесе байырғы
жұрттың тілін жете білмегендіктен аудармашылардан қате кетіп отыр. Бірақ,
Мамықты хан ретінде атап отыр. Терістікті жайлаған керей елінің аңыз-
әңгімелерінде Мардан есімді адам жиырма жылдай хан болғаны туралы түсінік
бар. Мамықтан кейін оның ұлы Мардан да хандықтың тізгінін жиырма жылдан
астам уақыт ұстап алпыстан асқан шағында дүние салды. Марданның хан
билігіне келген мерзімі 1315-1336 жылдар және өмір сүрген уақыты 1265-1336
жылдар аралығы. Мардан ханның тұсында ұлыста ислам дінінің ықпалы арта
бастады. Ақ орда мен Алтын орда хандарының арасындағы бақталастықты өз
мақсаттарына сәтті пайдалана білген Тайбұға әулеттері кең байтақ аймағында
өз биліктерін шеберлікпен жүргізді. Арғы аталары керей Тоғрыл ханнан мирас

болып қалған ел басқару үрдісін жетілдіре білді. Шыңғыс ханнан мұра болып
қалған екі бірдей ұлыстың арасынан саяси ахуал, дербестік мәселелерінде
өзіндік сара жолын тауып ұлысын сыртқы қауіп-қатерден аман сақтады.
Тайбұға елінің билігіне Мардан ханнан кейін мұрагерлік жолмен оның ұлы
Қожа (орыс щежірелік дерегінде Ходжа) келді. Он жеті жылдай хан тағына
иелік еткен. Қожа қайтыс болған 1354 жылдан бастап Тайбұғаның бауыры
Тайшықтан тараған Қаған бектің (кейбір аңызда Қазан бек) ұлы Алшағыр мен
Тайбұға ұрпағы Сауысқан өзара ымыраға келіп, кезектесіп жиырма жылдан
асуымен билік жүргізді. 1354-1375 жылдары Алшағыр, 1375-1384 жылдары
шамасында Сауысқан билікке келсе, одан кейін Марданның ұлы Омар он
жылдан асуымен билік жүргізді, бұл щамамен 1384 – 1393 жылдары. Алщағыр
мен Сауысқан өзара келісіп билік құрған кезеңде Сауысқанмен бірге туысатын
Тайбұға әулетінен шыққан Торғай есімді тұлға да хан кеңесіндегі дуанда
(Тайбұға династиясына жататын ұрпақтар билік жүргізетін аумақтық бөліністің
басшылары мен қаращылары, орыс жылнамаларында «Ханский диван») билікке
араласқаны белгілі. Сібір қазақтарының Ақ патшы заманынлағы Құсмұрын
дуаны, Атбасар дуаны, Баянауыл дуаны тәрізді ауиақтық-әкімшілік
бөліністердің атаулары сол заманнан келе жатқан ұғым тәрізді. Сауысқанның
билік құрған кезеңінде Алтын орда ханы Беркенің ізімен Сібірде Ислам діні
қанатын кең жая бастады.
Кейінгі орыс тарихи құжаттары мен жылнамалық деректерінде Чегре,
Чегир ныспысымен белгілі Алшағырдың баласы Шегір 1393 жылдан бастап
1412 жылға дейін хан болды. Шегірден кейін Тайбұға әулетінің даңқына үлес
қосқан Омарұлы Дәулетше (орыс деректерінде Даулатша Шаих оглан) жеті
жылдан астам хандық құрған кезеңде мемлекеттің аумағы Еділ өзенінің арғы
жағына дейін кеңейді. Алшағырдың хандық құрған дәуірінде өз алдына Түмен
хандығы (1359 ж.) атанған аумақтың негізінде араға ғасыр салып Астрахань
(Хажы тархан) (1459-60 ж.ж.) хандығы пайда болды. Ал, Марданұлы Омардың
Дәулетшеден туған немересі Әбілқайыр 1420- – 1431 ж.ж. ширек ғасырдан
асуымен хандықтың тізгінін ұстады. Кейбір тарихи мағлұматтарда, әсіресе орыс
тарихында және өзге тарихшылардың еңбегінде Шағатайдан тарайтын Шайбан
тұқымы Әбілқайыр мен Тайбұға ұрпағы Әбілқайырды шатастыру басым.
Ордасы Сығанақ шаһары болған Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың жер
қашықтығы үш мың шақырымнан асатын және сол кезеңдегі өзінің бақталасы
Алтын орданың ықпалында болған Чимга – тура қаласына келіп хан тағына
отыруы қисынға келмейді. Қазақ ішінде билікке қол жеткізген Әбілқайыр есімді
біршама тұлға бар. Мысалы Түмен облысын мекендеген Сібір татарлары
өздерін Көшім ханның орыс тұтқынына түскен баласы Әбілқайырдың

ұрпағымыз дейді. Ол орыс тарихында Андрей Кучумович-Сибирьский
ныспысымен белгілі есім. Көшім ханның ұрпақтарынан Сибирьский тегімен
орыс мемлекетінің нығаюына игілікті істер атқарған – Касимов хандары,
дворяндар, сарай қызметкерлері, воеводалар, генералдар және басқа да
қайраткер тұлғалар шықты.
Терістіктегі керейлердің ауыз екі шежіресі мен аңыздарында Абалақ хан
да Ібір-сібір жұртының хандық тағына билігін жүргізді. Оның есімі ел аузында
Абақ хан деген атаумен белгілі. (өткен ғасырдың 20 жылдары Қазақ АССР-інің
халық ағарту комиссары болған А.Байтұрсыновтың нұсқауы бойынща Сібір
қазақтарының тарихи деректері мен шежірелерін жинаған Омар Сансызбаевтан
алынған мәліметтер негізінде). Абақ ханнан кейін орыс деректерінде Ангишты
хан деп пайымдайды. Сібірді мекендеген қазақ, башқұрт және бараба
татарларының арасында Аңғал есімімен белгілі. Сол замандағы Тайбұға
әулеттерінің Алтын ордаға да, Ақ ордаға да жалтақтамай бейбіт саясат жүргізіп,
хандық билікті уысында нық ұстағанын ескерсек Абақ хан мен Аңғал ханның
билік құрған жылдары шамамен отыз жыл шамасында, яғни, 1431-1460 жылдар
аралығы тәрізді. Біз есипов, ремезов, строганов, ноғай, татар салжуит және
басқа да қазақ руларына қатысы жоқ дереккөздеріне сілтеу жасаған орыстардың
мағлұматтарына сүйеніп әлі күнге дейін тарихтың бүркемеленген оқиғаларын
ескермей келеміз. Бұл арада осы хандықтың негізгі тірегі болған рулардың бірі
керейлердің аңыздары мен шежіре деректеріне ден қоюдан қымсынамыз.
Абалақ немесе керей шежіресіндегі Абақтың хан болған жылдары 1431-1454
жылдар десек, Аңғалдың (Ангиш) хандық құрған мезгілі 1454-1460 жылдар.
Ал, енді Кеңестік кезеңде өткен ғасырдың соңына дейін жалпы
пайдаланылып келген Үлкен Ресей энциклопедиясындағы дерек көздеріне назар
аударып көрелік: «…Тайбугинцы 15-16 в.в. уверенно связывается с кланом
буркутов. Лидеры этого клана –Кепек ходжа (Ходжа бек) и бий Омар (Мар) в
1420 г.г. правили в крупнейшем городе Тюменского вилайета – Чинги тура».
Орыс тарихшыларының осы деректерін ескеретін болсақ «…уверенно
связывается с кланом буркутов…» дегеніміз өздерін бүркіт таңбалы туысқандар
одағымен байланыстарына сенімді тәрізді ойды білдіреді. Ал, терең қойнауына
зер салатын болсақ мал өсірумен қатар аң аулап, құс шалдырумен айналысқан
керей Тоғрыл ханның тотемдік таңбасы бүркіт екені баршамызға аян. Бұл арада
Тайбұға әулеттерінің тотемдік таңбасы Сібір өлкесінің орманды-тоғайлы
аймақтарына кең тараған кәдімгі су бүркіті. Ол ұясын өзендер мен көлдердің
жағасындағы биік өскен ағаштардың басына салады. Аталарымыз су бүркітті
қасқыр, түлкі сияқты түз аңдарынан бөлек, денелері біршама ірі келетін қаз бен
дуадаққа да салған.

Он бесінші ғасырдың екінші жартысында Алтын орданың басынан бақ тая
бастаса, Ақ орданың құрамынан Қазақ хандығы жеке дара бөлініп шықты (1465
жыл)). Бұл Шыңғыс хан құрған құдіретті империяның біржола ыдырай бастаған
кезеңі еді. Бұл тұста Мәскеу кіназдігі күш ала бастады. Бір кездері өздері
тәуелді болған Новгород, Рязань, Тверь, Смоленск және тағы басқа да орыс
кінәздіктері Мәскеудің айналасына топтасып әр хандыққа бөлінген Алтын орда
ұлысымен санасуын саябырлата бастады. Шу алқабындағы Қозыбасы жерінде
Шағатай ұрпағы Әбілқайыр ұлысынан бөлініп Қазақ хандығы құрылған
дәуірден бастап Мәскеу билеушілері Сібір жұртымен қарым-қатынасын нығайта
бастады. Иісі қазақ халқының, одан қалды Алаш жұртының құрамындағы ру-
тайпалардың (Керей-Уақ, Қыпшақ, Арғын, кейіннен кіші жүздің құрамына жеке
бірлестік болып енген Жеті ру тайпаларының) Тайбұға әулеттерімен бірге біте
қайнасып, өсіп-өркендеген дәуірі тарихтың тасасында қалды. Осы дәуірдегі
хатталып, қағаз бетіне түскен тарихи оқиғаларға сүйене отырып орыс
жылнамашылары мен тарихшылары жазып кеткен мағлұматтар мен деректерге
зер салатын болсақ Сібір хандығы немесе Тайбұға жұртының алтын тағында
отырғандар:
Мұса би – 1460-1480 ж.ж. арғы тегі Тайбұға әулетінен шыққан; орыс
деректерінде – Муса бий, «Тайбугинская мурза сибири». Марданұлы Омар
бидің ұрпағы. Тарихты зерттеушілер көп жағдайда Маңғыт әулетінен тарайтын
ноғай мырзасы Мұсамен щатастырады.
Ибақ хан 1480 – 1496 ж.ж. Шайбан тұқымынан, орысша Сайид Ибрагим
хан, сын Махмудека, яғни Шайбан ұрпағы Махмүдектің баласы, Көщім хан
Мұртазаұлының атасы, Мұхамед Тайбұғаның қолынан қаза тапты. Татарлар
Әйбак десе, қазақ ұғымында тағы да Абақ хан.
Мұхаммед Тайбұға 1496-1502 ж.ж., Тайбұға әулетінен тарайтын Әбдір
бидің екінщі баласы, Ибақ ханды тақтан тайдырып билікті қолына алды.
Қасым Ахметұлы -1502 – 1530 ж.ж., кейбір жылнамалық деректерде
Мұхамед Тайбұғаның ұлы ретінде қабыданады, бірақ керей версиясы бойынша
Мұхамед Тайбұғамен бірге туысатын Ахметтің баласы. Ахмет Астрахань
ханының бас уәзірі болған адам.
Жәдігер Қасымұлы 1530 – 1563 ж.ж. туған бауыры Бекболат
Қасымұлымен бірлесіп хан болды. Бекболаттың хан болған мерзімі 1555-1558
жылдар:
Орыс тарихшыларының еңбектерінен дерек келтіретін болсақ: Бек-булат
– сын Касима Тайбугы (1555- 1558 г.г.), возможный отец Симеона

Бекбулатовича. Бекболаттан – Сейдахмет, Сайынболат, Қайырболат,
Құлтайболат, Қантайболат есімді ұлдар туған. Оның ұрпақтары замананың
әрқилы саяси оқиғалары мен аумалы-төкпелі кезеңіне орай керей руларының
арасына сіңісіп кетті. Симеон (Сайынбулат) Бекбулатович Иван IV Грозныйдың
қолдауымен 1575 – 1576 жылдары бүкіл Русьтің Ұлы кінәзы атанды, қазақтың
бір ауыз сөзімен айтқанда Тұңғыш патшасы (царь) болып жарияланды. Оған
дейін Ресейде патшалық лауазымы болған емес. Тек қана кінәз атауы болды.
Сейт Ахмед (Сейдяк) – 1582/83-1588 ж.ж. Тайбұға әулетінің Сібір
жұртына ие болған соңғы ханы. Қазақ арасында Сейтен хан деген есіммен
белгілі. Мәскеу кәназдігі Сібір жерін жаулаған кезде хан ордасы Торғай үстірті
мен Торғай өзенінің алқабында орналасса, кейінгі ұрпақтары орыс-казактардан
қысым көріп, керейлер мен арғындар жайлаған Бұқпа тауы мен Бурабайдың
атырабына ығыстырылды. Орыстың энциклопедиялық деректерінде Сейтен хан
жөнінде мынадай деректерді кездестіреміз «Сейдяк (Сейд-хан) соперник
Кучума, изгнал его сыновей из Искера, но в 1588 году сам был пленен Данилой
Чулковым». Орыстың тарихи мұрағаттық құжаттарында Тайбұға жұртының
негізгі құрамы қазақтар бола тұрса да, оларды түркі тілдес болғандықтар
татарлар деп жазады. Бұл орыс шапқыншылығы мен отарлаушыларының 1552
жылы Қазан хандығын құлатуымен, 1556 жылы ноғайлының соңғы тірегі
Астрахань (Хажы тархан) хандығын жаулап алуымен байланысты болуы да
мүмкін. Есипов жылнамасында Көшімнің әскербасы Мәметқұлдың орналасқан
тұрағы туралы Ермакқа хабар жіберетін Сенбахты деген кісінің есімі аталады.
Бұл оқиға 1582 жылдың 20 ақпан айында болғаны жайында Ремезов
жылнамасында да жазылған. Он алты ғасырдың соңғы онжылдықтары Тайбұға
әулеттері мен Көшім ханның билікке таласқан кездерін ескерсек Тайбұға әулеті
саналатын Сенбахтының Ермакқа хабар жіберуі тарихи заңдылық. Ал, қазақтың
ауыз екі шежіресінде Тарышы тайпалық одағына жататын Ақсары керей
руының ішінді Есенбақты есімді адамның Бұхарада жеті жыл оқығаны және
Сібір жұртына белгілі діни қайраткер болғаны шындық. Есенбақтыдан тараған
ұрпақтары да дін жолын қуды. Сондықтан болар теріскей өңірді мекендеген
қазақтар арасында «Есенбақтылардың өгізіне дейін молда, көздерін жұмып,
мүлгіп тұрады» – деген тұжырым қалыптасқан.
Көшім Мұртазаұлы – 1563-1598 ж.ж. Сібірдің соңғы ханы. Бұхар ханы
Абдолланың қолдауымен Сібір жұртының ханы болды. Туған жылы 1525,
қайтқан жылы 1602. Он тоғызыншы ғасырдың 1819 жылы дүниеге келіп 1901
жылы қайтыс болған Жиеналы қажы Досқожаұлының жазып, қалдырған
назымында – «… Кәпірді көп шулатқан Көшім еді, Сырбаз хан туған жылы
мешін еді…» деген өлең жолдары бар.

Ақ орданы билеген Шайбан ұлысының аумағында шаңырақ көтеріп,
Алтын ордаға бірде бас иіп, бірде жеке дара саясатын жүргізген керей Тоғрыл
ханның немересі Тайбұға әулеттері (династиясы) басынан қилы тарихи
кезеңдерді өткізді. Керей руының ішінде қалған аңыздар мен шежірелерді
ескерумен қатар, Сібірді мекендеген басқа да халықтардың арасынан жинаған
орыс тарихшыларының мағлұматтары мен талдауларына сүйене отырып Сібір
хандығы немесе Тайбұға жұртының билеушілері жайында келесідей
тұжырымдар жасап көрелік:
1. Тайбұға, Тоғрыл ханның немересі – хандық құрған мерзімі 1220-1290
жылдар. Өмір сүрген уақыты 1201 – 1290 ж.ж.
2. Мамық хан, Тайбұғаның баласы, хандық құрған жылдары 1290 -1315,
өмір сүрген уақыты: 1240 – 1315 ж.ж.
3. Мардан Мамықұлы, Тайбұға – 1315 – 1336 жылдар аралығы, өмір
сүрген уақыты 1240 – 1315 ж.ж.
4. Хожа Марданұлы, (орыс дерегінде Ходжа Марович), Тайбұға, хан
билігіне келген мерзімі 1336 – 1354 жылдар,
5. Алшағыр Қағанұлы, Тайбұға – 1354 – 1375 ж.ж.
6. Сауысқан, Тайбұға әулеті 1375 -1384 ж.ж.
7. Алшағыр Қағанұлы, Тайбұға – 1384 – 1393 ж.ж.
8. Шегір Алшағырұлы, Тайбұға – 1393 – 1412 ж.ж.
9. Дәулетше Омарұлы, Тайбұға – 1412 – 1420 ж.ж.
10. Әбілқайыр, Тайбұға әулеті – 1420 – 1431 ж.ж.
11. Абалақ (Абақ) хан, Тайбұға – 1431 – 1454 ж.ж.
12. Ангиш (Аңғал!) хан, Тайбұға – 1454 – 1460 ж.ж.
13. Мұса би, Тайбұға әулетінен – 1460 – 1480 ж.ж.
14. Ибақ хан (Саийд Ибрагим хан, қазақша Абақ хан), Шайбанидтер
ұрпағы – 1480 – 1496 ж.ж.
15. Мұхамед Тайбұға Әбдірұлы – 1496 – 1502 ж.ж.
16. Қасым Ахметұлы, Тайбұға – 1502 – 1530 ж.ж.
17. Жәдігер Қасымұлы, Тайбұға– 1530 – 1555 ж.ж.
18. Бекболат Қасымұлы, Тайбұға – 1555 – 1558 ж.ж.
19. Жәдігер Қасымұлы, Тайбұға – 1558 – 1563 ж.ж.
20. Көшім хан Мұртазаұлы, Шайбанид – 1563 – 1583 ж.ж.
21. Сейдахмет Бекболатұлы, Тайбұға (Сейтек, Сейтен) – 1583 – 1585 ж.ж.
22. Көшім хан Мұртазаұлы, Шайбанид – 1588 – 1598 жылдар.
Соңғы он жылда (1588 – 1598 ж.ж.) Көшім хан билеген тұста ұлан –

байтақ аумақты мекендеген байырғы жұрттың қауқары кете бастады. Оған
көршілес қазақ хандығымен арадағы қырғи қабақ қатынас әсерін тигізсе,
іргедегі қанатын кеңге жая бастаған ойрат-шорас тайпаларымен текетірес те
хандықтың шаңырағы шайқалып, біржола тұралауына себеп болды. Көшім
ханның ұлдары Әли мен Есім сұлтандар, немерелері Әбілкерей мен
Дәулеткерейлер қиюы кеткен хандықтың шаңырағын қайта көтеруге қаншама
тырысқанымен Батыстан жайлы қоныс іздеп лек-легімен қаптаған кезбелердің,
мұздай қаруланған орыс отаршыларының ағынына тосқауыл қоя алмады.
Басынан бағы тайып тарих сахнасынан біржола жоғалған Сібір хандығының
қалған жұртын мекендеген ру-тайпалар Есім ханның тұсында Қазақ
хандығының құрамына өтті. Тайбұға әулеттерінің билік құрған заманында Абақ
пен Ашамайлының бірлігі мен татулығын меңзейтін «Көшебеде көл көп,
Жантекейде жер көп, Тарышыда ел көп» деген нақыл сөз қалды. Шыңғыс
ханның заманынан бұрын Еуразия даласында өз алдына Ұлыс атанған, дербес
саясаты, өзіндік мемлекет құрылымы болған Тоғрыл ханның ұрпақтары
Тайбұғалықтар Сібірдегі керей мемлекетінің қара шаңырағын көтеріп, ірге
тасын бекітті. Шыңғыс ұрпақтарымен болған дүрдараздықтың, бақталастықтың
салдарынан бір кездері өздеріне құлшылық етіп, бас иген орыс кінәздарының
қанды щеңгеліне түсіп тарихтың терең қойнауына кетіп біржола жоғалды.
Кейінгі ұрпаққа Тайбұға әулеттерінің іргелі ел болғаны жөнінде ата-
бабаларымыздан қалған аңыз-әңгімелері мен шежірелік деректері және орыс
жылнамашыларының шовинистік көзқарасты жазылған тарихи деректері бүгінгі
күнге жетті. Тайбұғаның ұрпақтары төрткүл дүниеге шашыраған керей
руларының арасында қалды. Он тоғызыншы ғасырға дейін олар көбінесе
терістіктегі керей руларының арасында Тұрғақтар әулеті деп жеке аталғанымен,
соңғы екі ғасырдың ішінде орыс империясының өктем саясатына байланысты
«Ұлы орыс» шовинизмінің отарлаушылық пиғылына орайластырылып
жадымыздан көмескілене бастады.

Шалқарбек Кәрібаев, Қазақстан журналистері одағының мүшесі, Сібір
қазақтарының тарихын зерттеуші, өлкетанушы.

Ескерту: тарихи деректер мен мағлұматтар тарих ғылымдарының
докторы, абыз-ақсақалымыз – Аманжол Күзембаев ағамыздың еңбектерін
негізге ала отырып, орыс тарихшылары мен жылнамаларын сараптап талдау
арқылы және өзіміздің керей рулары арасындағы аңыздар мен шежірелерге
сүйеніп жазылды. Кейбір тарихи мағлұматтар мен Тайбұға әулеттерінің хандық

құрған жылдары сол замандағы белгілі бір саяси оқиғалармен қабыспайтын
деректер көзге ілінетін жағдайда өзіміздің керейден шыққан тарихшы
ғұламаларымыз мен шежірешілеріміз түзетулерін, ұсыныстарын енгізіп жатса
тіпті тамаша болар еді. Бәрімізге де ортақ дүние ғой.

kerey.kz

Related Articles

  • САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    Тарихты түгендеу, өткеннің шежіресін кейінге жалғау – атадан балаға жалғасқан ежелгі дәстүр. Шежіре, ұлт-ру, тайпа тарихы – атаны білу, арғы тарихты білу болып қалмастан ұлттың ұлт болып қалыптасуы жолындағы бастан кешкен сан қилы оқиғалары мен ауыр тағдырынан да мол дерек береді. Шежіре – тұтас халық тарихының іргетасы ғана емес, ұлт пен ұлыс танудың әліппесі  саналады. «Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса да әр рудың өз шежіресі болған. Шежірешілер жүз, тайпа, ру, ата тарихын терең талдай білген»(1). Патшалық ресейдің дәурені аяқталар тұста қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіруді мақсат тұтқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан (1866-1937) алғашқы болып қазақ тарихының қажеттілігін алға тартып, башқұрттың әйгілі ғалымы Уәлиди Тоғанмен кездесіпті. Уәлиди Тоған өзінің естелігінде: «Мен бірнеше

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: