|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Пан-Қазақизм қозғалысы

QazaqhanigiБұл құжаттық материял “Шетелдегі бөлшектеуші күштердің шығыс түркістан және ұлы қазақ мемлекетін құру жолындағы атқарған қызметтері” деген атпен дайындалған екен. Шамасы 90- жылдары жарық көрген ішкі саяси материял. Сол себепті ресми кітапхана, дүкендерден табу тым қиын.

Неше жүз беттік ішкі құжатты ыждағатпен оқу барысында Қытай, Моңғолия және советтік Қазақстанда бір-бірімен қанаттас отырған қазақтар туралы және 80- жылдың соңы, 90- жылдың басында пайда болған ұлттық қайта өрлеу, ес жию кезеңін бүге-шігесіне дейін зерттеп, сараптап отырғанын байқадым.

Деректі құжат Шыңжаң өлкесінде ішкі материял есебінде жарық көрген. Тілі ұйғырша және түзуші мамандар да тағы солар. Неше жүз беттік деректі материялда “қазақ мәселесі” үшін арнайы жеке тарау арнаған. Олар жеке-жеке мынадай (сүгіреттегі):92243401_1673005952862985_6228293137203200000_o-1

1. сүгірет:
*Ұлы қазақ мемлекетін құру жолында (яғни пан-қазақизм)

92285350_1673005966196317_2172153334557835264_o2. сүгірет:
*Шетелдегі бірбөлім қазақ бүлгіншілердің қарекеттері (іс-қимылдары)

92241330_1673006012862979_6043196548009951232_o-13. сүгірет:
*Ұлттық бүлгіншілердің қазақ мемлекетін құру арманы және қарекеттері

Менің оқу барысында таңғалғаным 80-жылдардың соңында Алаш зиялыларының ақталуымен басталған ұлттық ояну кезеңін (мысалы, Алаш партиясын құрамыз дейтін іс-әрекеттер, Азат қозғалысы, Қазақ қауымдастығы, тб) және алыс-жақын шетелдердегі қазақ ұлтшылдарының қоғамдық, саяси бүкіл қызмет, іс-қимылдарын бүге-шігесіне дейін майын тамызып отырып талдап жазған. сондай-ақ бұны Пан-Қазақизм қозғалысы деп бағалаған, қортынды шығарған.

Естеріңізде болса осыдан үш жыл бұрын (2017-ж) “қытайда қазақ қаупі бар ма” деген бір пост дайындаған едім. Сол жылдары қытайша бірқанша ақпарат көздерінен сондай “қауіпті” айтып дабыл қаққан білгіні оқып едім, мына қолыма түскен деректі материял соны айғақтай түсті.

Ішкі құжаттық деректі материялды дайындаған мамандардың аналитикасына шынымен де таңғалдым. Ол жылдары біз қытай туралы дым білмей тұрған кезімізде олар біздегі іс-қимылдың бәрін әбден сараптап үлгеріпті. Сөйтіп келешекте бұл аймақтардан қандай қауіп келуі мүмкін дейтін сұраққа күні бұртын жауап дайындап қойыпты.

Дәл қазіргі саяси әлеуетке талдау жасасақ, қытай орталық азия аймақтарындағы ұлттық, дінни өрлеу кезеңі мен қыр-сырын қанық деңгейде біледі. Ауғаныстандағы үкіметке балама діни күштермен ынтымақтасып үлгерді, сайып келгенде бұл аймақтардан келетін ұлттық, руқани һәм діни қауіп әлсіреді.

Орталық азия елдеріндегі ұлттық немесе діни күштердің қайта жандануы үшін Ақш арадағы ықпадастыққа ойыншы ретінде қатысу пиғылы басым. Орталық азия елдеріндегі автократтық жүйе тез арада жылдам демократияланбайды, бұны Ақш та біліп отыр, Ақш бұл аймақта тым көбірек діни күштермен ынтымақтасу мүмкін, өйткені діни күштер жылдам әрі сергек іс-қимылға көшеді. Бірақ аймақтағы ең белсенді діни күштер Ақш-қа қарағанда қытаймен ертерек тіл табысып отыр. Сол тіптен қызық…

Қазір әлем коронавируспен әбігер… Коронавирустан кейінгі әлемнің ауқымды саясаты мен аймақтар арасындағы саяси қатынастарға да ойлана беруіміз керек. Олай дейтін себебім, 90-жылдарда біз ес жиіп етек жеңімізді түре алмай жатқанымызда шығыстағы көршіміз бізді бүге-шігемізге дейін әбден зерттеп, бізден келетін келешектің қаупін бесігінде тидау салып отырған. Дәл бүгін олар бізді одан да сапалы, одан да маңызды анализдермен жіті бақылап біздегі саяси түйсікті өзімізден ерте сезіп отырмағанына кім кепіл?!

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: