|  |  | 

Көз қарас Суреттер сөйлейді

Сыр өңіріндегі коронавирус қым-қуыты


IMG_20200330_100710
Елімізді дүрліктірген осы жалған (виртуалдық) науқас Қызылорда аймағын да қинауда. Қоғамдық көліктің жүрісі тоқтатылған. Тіпті, нацисттердің қоршауында қалған Ленинградта қоғамдық көлік жолаушыларға қызмет көрсетті. Адам баласының тазалығын қамтамасыз ететін монша, шаштараздар жабылған. Тіпті, темір тордың ар жағында қалған жандар шаштараз бен моншадан айырылған жоқ. Кафе-ресторандарда тамақтанудан қағыс қалғандығы былай тұрсын, тіршіліктің тірегі – еңбек – қызылордалықтардың басым көпшілігі үшін қолжетпес арманға айналды.

Жалпы алғанда, Сыр өңірі әлем бойынша ең сорлы аймақтардың бірі. Арал теңізінің қасіреті, у шашатын Байқоңыр ғарыш айлағы, лепра сұмдық ауруының ошағы және тағы басқа кесірлі жағдайлар әлгі аймақтың көркін кетіреді. Жергілікті сайланбаған әкімдер парақорлыққа белшесінен батып, қызылордалықтардың қамын жемейді. Түрлі кемшіліктер – шаш етектен. Мысалы, Қызылорда қаласының Ұзақ Бағаев көшесі, 2, мекенжайында орналасқан “Уют” қонақ үйінде қол жуатын орындарда сабын мен антисептик жоқ. Айтуға ұят, оның туалеттерінде унитаз қақпағы да жоқ. Әлихан Бөкейхан көшесіндегі Әнипа Назарбаеваның SMALL дүкенінде мерзімі біткен тауарлар сатылады: https://m.youtube.com/watch?v=3BdEbZI8L1U Міне, дәл сондай антисанитария жағдайлар қандай болса да науқасқа жол бермек!

Жергілікті тәртіп сақшылары қызметінің сапасы да онша емес. Мысалы, мен өз басым комендант сағатын төрт рет бұзып, түнгі Қызылорданы жаяу араладым. Ал, егер менің орнымда террорист, тыңшы болса?! Менің қыдыру туралы бір ғана үзінді: https://m.youtube.com/watch?v=gzcbYy9-in0 Қызылорда аймағы ішкі істер департаментінің бастығы – полиция полковнигі Ұлтан. Әлде, Ұлтарақ па? Не де болса, тас қамалдай қорғалған департамент ғимаратында тығылған әлгі қара полковник жеке басының қауіпсіздігін толығымен қамтамасыз етті, ал бұқара халықтың қауіпсіздігін аяқ асты етті Ұлтан мырза.

Күні бүгінгі дейін, Қызылорда өңірі геронтократия (кәрілердің билігі) темір шеңгелінен құтылмай жатыр. Зейнеткер Назарбаев пен қартайған Көшербаевты жырлайтын жарнама күні-түні қала тұрғындарының миын жейді: https://m.youtube.com/watch?v=6ZE7EmoVUL4 Сөз жүзінде президент Тоқаев пен сайланбаған хатшы-әкім Әбдіқалықованың шынайы салмағын осындай сыртқы жарнама көрінісінен аңғару қиын емес. Мал тұмылдырығы тәріздес масканы киген тобыр да үнсіз, момын. Басын салбыратып, сандалып жүреді әйтеуір.

Шетелдіктердің шешендік сөздеріне ден қойсақ, үлгі аларлық өнегелер баршылық. Беларусь президенті Лукашенко коронавирусты “пневмония” деп атап, өз елінде ешбір карантин жарияламады. Орыс полковнигі Квачков коронавирусты “әлем үкіметінің оқу-жаттығулары” деп есептейді. Расында, менің туыс-таныстарым, сіздердің дос-жарандардың арасында коронавируске шалдыққандар бар ма осы? Есесіне, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, ресейлік әнші Лев Лещенко немесе Киев қаласы полициясының бастығы Крищенко сынды бай-атқамінерлер қақсап тұр: “Мен коронавируспен ауырып қалдым!” Әрине, жарнама, саяси ұпайларды түгендеудің бір түрі осындай байбалам.

Жалған науқастан гөрі, шын мәніндегі қиыншылықтармен күрескеніміз жөн. Өкпе ауруы қазақ ұлттық індетіне айналған. Мыңдаған қазақ балалары парақор қазақстандық дәрігерлердің өтірік диагнозымен аурушаң деп танылып, шетелге сатылған. Көшелерімізді бұралқы иттер қаптап кеткен. Тышқан, егеуқұйрықтан тазарту жұмыстары тиісті дәрежеде жүргізілмейді. Есесіне, әлем үкіметінің жергілікті нөкерлері еліміздің халық шаруашылығы мен мәдениетінің тамырына балта шабу үшін өтірік науқасты қолдан жасауда. Айтпақшы, коронавирус сары орыс пен қара қытайға да тиімді. Өйткені, жалған науқастың салдарынан Сирия мен Украинадағы орекеңдердің әскери қылмысы ұмытыла бастады. Ал, ханзу еліндегі ұйғырлар, қазақтар мен басқа түркітілдес ұлттарға арналған концлагерьлер де әлем назарынан тыс қалуда.

Мырқымбай! Сен сайланбаған аудандық әкім екеш аудандық әкімге де өз шағымымен жете алмайсың. Торонтодағы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИАТА) немесе Базельдегі Халықаралық есептесу банкі (The Bank for International Settlements) секілді әлем үкіметінің бөлімшелеріне қалай бас сұғасың?! Орыс патшаларының отаршыл саясаты, Голощекиннің ашаршылығынан әрең аман қалдың, Мырқымбай. Әлем үкіметінің темір қамыты бұндай еркіндік бере қоймас. Қосанов, Тайжан, Мәмбеталин іспеттес оппозиционерсымақтар сені құтқарар емес. Кенесары Қасымов, Амангелді Иманов ата-бабаларымыздай жаһандық қанішерлерге қаруланған тойтарыс бермесек, күніміз қараң болмақ. Себебі, әлем үкіметінің түпкі мақсаты – адамзаттың санын азайтып, қалған халайықты іріктелген мырзалар мен оған құлшылық ететін малайларға бөліп тастау.


Данияр НАУРЫЗ

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: