|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

ӘМІР ТЕМІРДІҢ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ҚАЛДЫРҒАН ҮШ ЕСКЕРТКІШІ

Орта ғасырдағы қазақ тарихынан
ӘМІР ТЕМІРДІҢ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ҚАЛДЫРҒАН ҮШ ҰЛЫ ЕСКЕРТКІШІ
МОВЗОЛЕЙ
1.Әмір Темір 1397-99- жылдары Яссауи мовзелейін салдырған.

тайказан
2 Әлемде теңдесІ жоҚ, салмағы екі тонналық ТАЙҚАЗАНДЫ (Өнер туындысы)
ҚҰЙДЫРҒАН.

ТЕМІРДІҢ ТАСЫ
3 . Ұлытаудың Алтын шоқы деген төбесінде үлкен қара тасқа араб және шағатай
тілінде жазу жазып қалдырған. (Бұл тас қазір Эрмитажда тұр)
АҚСАҚ ТЕМІР
Әмір Темір1370- жылы Мауреннахр билігіне келді. Айналдырған он жылдың ішінде
Әмір Темір Ауғанстанды, батыс Үндістанды , батыс Қытайды, Парсы елін, Араб
елдерін , Қап тауы елдерін бағындырып, Осман империясының падишағы Баязитті
жеңген. Ә,ТЕМІРГЕ аз уақыттың ішінде жиырма алты мемлекет бағынышты болған.
1380-жылдары Алтын Орда әлсіреген кезде Алтын Орда тағына Ә.Темір Тоқтамысты
отырғызған. Тоқтамыс
Маңғыстаудағы Орыс хан өлтірген Түй сұлтанның баласы еді. Тоқтамыс хан Алтын
Ордада күшейген кезінде Әмір Темір Парсы елінде жүргенде, Тоқтамыс Самарқан мен
Бұхараға әскерімен келіп, елді тонаған. Одан кейін Әмір Темірге бағынышты Қап
елдерін жаулаған. Тоқтамыстың осы опасыздығын Әмір .Темір кек тұтып, 1391-
Тоқтамыспен шайқасуға аттанады. 200 мың әскермен ені 400шақырымдай елсіз,
сусыз Бетпақдаланы үш аптада басып өткен екен! Содан Сарысу өзеніне кездесіп,
оны кешіп өтіп, Жошы ұрпақтары билеген Алтын Орданы шабуға бара жатқанын
ескеріп, Ұлытаудағы Жошы ханның мазарына соғып, дұға оқыған, бата сұраған. Содан
шығыс жақ беттегі Алтын шоқы деген жерге әскерін тоқтатып, шоқының басына тас
үйдірген екен. (Ол тастар әлі бар деседі) Сосын бір үлкен тасты күйдіртіп арап және
шағатай тілінде сөз жазғызыпты. Біріншісі құран сөзі екен, екіншісінде " «В стране
семисот черных токмак в год овцы, в средний весений месяц султан Турана Темурбек
шел двумястами тысячи войск, имени своего рода на кровь Тохтамыш хана.
Достигнув этой он воздвиг этот курган, дабы он был знаком. Бог да скажет
правосудие! Если богу будет угодно! Бог да окажет милосердие людям! Да вспомнит о
нас милосердием!" Әмір Темір қалдырған бұл тасты 1935- жылы Қаныш Сәтпаев
тауып 1936-жылы Эрмитажға жіберген. Бұл тастағы жазуларды аударғандар
прфессор Пеппе мен акаднмик Ə.Марғұлан . Содан кейін Әмір Темір Жайықтан өтіп,
Қап тауының солтүстік бетінде Тоқтамыс ханның әскерін талқандайды, бірақ,
Тоқтамыс хан қашып кетеді. Әмір Темір 1395-96- жылдары Тоқтамыс ханды екінші рет
қуып барып, Құндызды өзенінің бойында тағы жеңіп шығады. Бірақ, Әмір Темір
Тоқтамысты тағы қолына түсіре алмаған. Әмір Темір сол шайқастан оралып келе
жатқанда Түркістанға соққанда Ахмед Яссауидің шағын мазарын көріп, сұрағанда,
Яссауидің сопылық жолды ұстанған, есімі елге аңыз болған ұстаз екенін естіп, сол
жерде үлкен мовзелей салуды бұйырады. Нешетүрлі шеберлер мен ұсталарды парсы
елінен алдырып, екі жылда үлкен мовзелейді тұрғызады. Мовзелейдің төбесі
күмбезделіп, қабырғалары айшықты керамикалармен қапталған. Сырт

қабырғаларындағы айшықтарда құран сөздері ойылып, жазылған. Мовзелейдің кіре
берісінде кешенді "1597-98-ӘМІР ТЕМІР КӨРЕГЕН САЛДЫРҒАН" дегенде жазу бар.
Ал, мовзелейдің ішінде тұрған салмағы екі тонналық Тай қазанды Әмір Темір
Шарафиддин Тәбризи деген ұстаға қүйдырған екен. Бұл әртүрлі металлдар
қосындысынан құйылған әлемде теңдесі жоқ өнер туындысы, әрі қасиеті ерекше
қазан!
Сонымен Әмір Темір қазақ жерінде қалдырған ұлы үш ескерткішті атап өттік. Бұл
ескерткіштер қазақ жерінің даңқын әлемге асырып тұрған ерекше қасиетті
ескерткіштер!

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, ақын, жазушы, тарихшы
Суреттерде ӘМІР ТЕМІРДІҢ XIY-ғасырдағы миниатюралық портреті, Ахмет Яссауи
кесенесі, Кесененің ішінде тұрған атақты ТАЙ ҚАЗАН

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: