|  |  | 

Тарих Әдеби әлем

Қатыш дөңі АЗАПТЫ КҮНДЕРДЕН ҚАЛҒАН ІЗ

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ7eb51e88be20b5b871cf8c2a3b8499ded9de7ada

17-жылдың кезі еді, Патша құлаған. Увқытша өкіметінің құзыры жүріп
тұрған кез. Елдің солтүстүгінде де, оңтүстігінде де көтерілістер болып,
елдің аласпыран кезді басынан өткеріп жатқан ды. Қаратауды
жайлаған Қоңыраттардың арасынан шыққан Қабақан есімді кісі
аңшылықпен өмірі өткесін "ҚАПҚАН" атанып кетен. Сол Қабекең ер
жеткен ұлы Садақбайды, қызы Хадишаны, сосын он бес шақты жақын
туыстарын ертіп, елден бөлініп, Қордай жақтағы Тереңөзек деген
шағын көлді мекен екткеніне де бір жылдай болып қалған.
Тереңөзектің маңы қалықң қарағай , адам өтетін жер шамалы, өзекке
келетін бір ғана жалғыз аяқ жол бар. Қапан аңшы адам аяғы баса
бермейтін қуысты мекен етіп отырғанымен, тауға шыққанда , бір шама
елдің анда санда Қордай асып бара жатқанын байқап жүр. Кезіккен
біреуінен сұрағанда «Үрімші жаққа бет алып бара жатқанын» айтатын.
Бірде Қабекең мен Садақбай тау ешкісін аулап жүріп, қалың ағаштың
ігшінде бір атты орыс солдатының өлігіне кездесті, Винтовкасы мен
маузері бар екен, бұлар соны олжа деп алды. Сосын әкесі мен баласы
Қордай жаққа тау үстінен барып, шолу жасап қайтқан. Бесін кезі
болатын. Тараз жақтан болуы керек, елу шақты түйеге жүк артқан
қазақ көші Қордай тұсынан өтіп бара жатқан. Көз ашып жұиғанша
болмай Қордайдың тұсындағы төбеге орнатылған пулеметтен тізбек
тізбегімен оқ атылып, әлгі көшті түгел қырып тастады..(Әрине, көшті
қырып салғандар қызыл жағы ма, әлде ақтар жағы ма, ол да белгісіз болып
қалған.
Қапан аңшы мен Садақбайдың зәресі ұшып келген жағындағы тау
тастың арасымен Тереңөзекке қарай ғайып болды.
Тереңөзекке бір күні жалғыз аяқ жолмен елу шақты шинелді орыс
солдаттары келді, Бәрі атты, бір түйеге артқан пулеметі бар. Олар
Қабекеңнің ауылына қосылмай, көлдің бір шетінде түнеп шықты.
Сосын солдаттардың ақ елтірі бөрік киген, бір көзін қара былғарымен
жауып алған бастығы Қапанды шақырып
алып, "бұл жерде неге отырғандығын, және Қордай бұл жерден алыс
па, Қытай жаққа өтуге бола ма?" деп сұрады. Қапан оған орысша

түсінбейтінін айтты. Солдаттардың арасында бір татар бар екен ,сол
солдаттардың бастығының сөзін Қапанға түсіндірді. Қапан сосын оған:
Қордай бұл жерден елу алпыс шақырымдай жер екенін, Қапаннан ьұл
жерде неге отырғандарын, Қордай бұл жерден қанша шақырым екенін,
ол жерден Қытайға қауіпсіз өтуге бола ма" деп сұрады. Қапан орысша
білмейтінін, өздерінің бұл жерде малы жоқ кедей екенін, таудан аң аулап
күн көретінін айтып еді, солдаттардың арасында татар жігіті бар екен,
содаттардың бастығы мен Қапанның сөзін сол аударып отырды. Ақ
бөрік киген, бір көзін қара қайыспен танған бастығы төмен қарап, біраз
ойланып отырды да, " Ертең ертемен Қордай жаққа жолға шығамыз,
сен жолбасшы боласың, бүкіл ауылыңды ертіп аласың" деді де өз
қостарына кетті,
Таң сібір беріп жаңа атып келе жатқан. Садақбай он алты жастағы
қарындасы Хадишаны түйенің қомындағы үлкен қоржынға отырғызды.
Қоржыннан Хадишаның басы да көрінбейді. Қоржынның түбінде анада
ағасы тауып әкелген жиырма оғымен маузер жатыр. Хадиша
жастайынан мылтық атып, аң аулап көрген.Сонымен бірер сағаттан
кейін Қабакеңнің көші жүруге дайын болды. Сол кезде ақ бөрікті
жалғыз көзді ақтардың бастығы келді де "дайынсыңдар мА?" деп
сұрады.Қабекең басын изеді . Сол кезде ақбөрікті жалғыз көзді
командир белінен маузерін суырып алып, Қапан аңшыны басынан
көздеп атып салды. Иіріліп тұрған жұрт жылап, айнала даңғазва
болды. Жалғыз көзді командир сол кезде ақырып "Керек болса, қазір
бәріңді атып тастаймын!" деп ақырды. Жұрт ттың дауысы басылғандай
болған кезде, Жалғыз көзді "Қордайға бізді сен бастап апарасың"
деген. Сонымен ақтың елу шақты отряды да , Садақбайдың көшіде
Қордайға қарай қозғалды. Ақтың отряды жүз елу екі жүз метрдей алда
келе жатқан. Қордайға шамамен бес шақырымдай қалған. Ақ отрядтың
алдында келе жатқан жалғыз көзді командир бі сәтте кілт бұрылып,
қазақ көшінің алдында келе жатқан Садақбайды көздеп атып жіберді.
Садақбай жерге сылқ ете қалды. Осының бәрін қоржынның тесігінен
көріп келе жатқан хадиша түйе жетектеп келе жатқан інісіне жерде
жатқан Садақбайдың винтовкасымен патрондарын әкеп беруді
сұрадыү Түйеші жігіт еңбектеп барып, винтовкамен патрондарды
Хадишаға әкеп берді. Хадиша мерген болатын. Садақбайды атқан
жалғыз көзді командир енді ештеңеге алаңдамай, аяң желіске салып
Қордайды бет алып бара жатқан. Іші ызаға толы Хадиша винтовканы
иығына қондырып, сар желіспен кетіп бара жатқан ақ бөрікті, жалғыз
көзді командирді жүрегінен көздеп, шүріппені басып жіберген болатын.
Ақ бөрікті, жалғыз көзді командир аттан мұрттай ұшып түсті. Ақ
солдаттыр әуелі не болғанын түсінбей қалды, сөйтсе, арттан атып
жатыр екен. Енді қырық шақты ақтар солдаты қазақ көшіне қарай
қылыштарын жалаңдатып, шапты. Олар Хадишаның түйесіне екі жүз

метрдей жақындағанда, Хадиша он рет атып, он солдатты ат матымен
тоңқалаң асырды..
Хадиша енді маузерді қолына алды, атуын біледі.Солдаттардың он
бес шақтысы бұған жүз елу метрдей жақындап қалған. Хадиша
маузермен он рет атып, он аттыны төңкеріп тастады. Ақтардың
қалғандары енді састы. Кейіін шегініп аман қалуға тырысты. Олар бір
кезде алыстап, көз ұшында кетіп бара жатты.
Хадиша он алты жастағы бала қатты шаршаған, әрі жауларынан
құтылған сияқты….Кетіп бара жатқан ақтардың отрядының қалдығына
ұзақ қарап отырып, көзі ілініп кетіпті. Бір кезде біреудің дөрекі орыс
дауысынан оянды, қараса қара бөрік киген мұртты казак бұған
винтовка кезеп төніп тұр екен. "Аха, живая, киргизка!" деді де
винтовкасының шүріппесін басып қалды. Хадишаның көз алды
қарайып кетті, ол енді қайтып көзін ашып, жарық дүниені, көк аспанды
көре алмады. Аңшылардың көшіне шабуыл жасаған солдатттардың шуы
басылғанынына да біраз уақыт өткен. Бір кезде Хадиша отырған түйенің
үстінен винтовканвң дүңк еткен дыбысы естілді. Түеге жегілген арба бар еді,
соның астында Садақбайдың туысы Қолмерген өлген адам құсап жатқан .
Сол мылтық дауысы ойда жоқ жерде швққасын, басын көтеріп қараса,
Түйенің екінші қоржынының үстінде винтовка кезеніп қара сеңсеңді солдат
винтовкасын Хадишаның отырған қоржынға кезеніп тұр екен. Сол ақ, екен,
винтовканың атылған дауысы естілді. Қолмерген де аңшы болатын, бірақ,
аңдарды қонышындағы қара пышағымен атып жығушы еді. Анау солдаттың
Хадишаны атқанын көріп, орнынан атып тұрды да, қонышынан қара
пышағын суырып алып, солдатқа қарай зу еткізді. Қара пышақ солдаттың ту
арқасынан барып қадалған екен, солдат түйенің үстінен сылқ етіп, жерге
құлады. Сөйтіп , Қақпан аңшының көші мен ақтар отрядының шайқасы
осындай трагедиямен аяқталып еді.
Атыс шабыс кезінде әр жерге қашып, тығылып қалған ҚАПАР
аңшының оншақты туыстары бірер күнде жиналып, Қапар аңшының,
Садақбай аңшының, әкесі мен ағасы үшін кек ала білген Хадиша
баланың басына бейіт көтеріп, үлкен белгі соққан. Басына "Қоңырат
батырлары Қапар, Садақбай аңшыға, Хадиша батырға ескерткіш" деп
ескіше сөз жаздырған. Сол кезден бұл бейіт "ХАДИША БЕЙІТІ" деп
аталып кеткен. Кейін 37-жылдары ел мұны "Қатыш дөңі" деп атап
жүрген.
39-жылдар шамасы. осы "Қатыш дөңі" деп аталатын жерге Үрімші
жақтан келе жатқан екі жолаушы дөңнің көлеңкесіне тоқтап, аздап дем
алып алмақ болды.Екеуінің үстіне кигені тәжіктің ала шапаны. Бірақ,
бұлар баяғы осы жердегі үлкен шайқста аман қалған жігіттер екен.
Екінші жігіт алғашқысынан кішілеу екен
-Аға , бұл бұрын "Хадиша бейіті "деп аталатын еді, қазір жұрт мұны
неге "Қатыш дөңі" деп атайды?" деп сұрады.

–Қалқам ау, күн сайын заман өзгеріп жатыр. Бұл жерден сан мың адам
өтіп жатыр. Олар бұл бейіттің тарихын қайдан білсін. Білсек, көзбен
көрген біз білеміз Қайран, қапыда кеткен туыстарым ай! деп, үлкені
Қапқан аңшының, Садақбай аңшының аруағына, ондаған жауынан кек
алған Хадиша батырдың аруағына әлгі екеу құран бағыштады.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, ақын, жазушы, тарихшы,
ардагер журналист

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: