|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекеде Орталық Азия текетірес аренасына айнала ма?


Қытай лидері Си Цзинпин (оң жақта) мен Қазақстанның сол кездегі президенді Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қытайдан Батыс Еуропаға жүк таситын теміржолдың ашылу салтанатында. 8 маусым 2017 жыл.

Қытай лидері Си Цзинпин (оң жақта) мен Қазақстанның сол кездегі президенді Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қытайдан Батыс Еуропаға жүк таситын теміржолдың ашылу салтанатында. 8 маусым 2017 жыл.

Қытай мен АҚШ арасындағы бақталастықтың артуы Еуразия елдеріне әсер етпей қоймайды. Себебі қос держава да әлемнің басқа бөлігімен салыстырғанда Еуразияға өзгеше стратегиялық көзқараспен қарайды. Бұл құрлық екі держава арасындағы бәсекедегі негізгі аренаға айнала ма?

Пекин мен Вашингтон қарым-қатынасының нашарлауы 18-19 наурыз күндері Аляскада АҚШ пен Қытайдан келген ресми тұлғалардың арасында өткен екікүндік келіссөзде айқын көрінді. Кездесуде екі тарап сөзбен шарпысып қалды. Аляскадағы кездесу қос мемлекеттің қарым-қатынасы түзелуі мүмкін деген үмітті жоққа шығарды.

Бұл – Джо Байден АҚШ президенті болып сайланғалы әлемдегі ірі екі держава өкілдерінің арасында бірінші рет өткен жоғары деңгейлі жеке келіссөз еді. Кездесу алдында қос тарап халықаралық ақпарат құралдарының алдында бір-бірін қатаң сынап мінеді.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан Қытайдың Тайваньға қатысты әскери позиция ұстануын, елдің батысындағы Шыңжаң өңірінде мұсылмандарды лагерьге жабуын, Гонконгтағы демократияны басып-жаншуын және Австралияға экономикалық қысым көрсетуін сынады.

Аляскада өткен келіссөздерде Қытай сыртқы істер министрі Ван И және саяси бюро мүшесі әрі Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің жоғары шенді елшісі Ян Цзечи “АҚШ-тың қырғи-қабақ соғыс кезіндегі менталитетке сүйеніп”, әлем елдерін Қытайға қарсы айдап салуға тырысып отыр деп айыптады. Ол АҚШ-тың ресми тұлғаларын “нәсілдік мәселелер” үшін сөкті.

АҚШ пен Қытай делегациясы Аляскадағы кездесуде отыр. 18 наурыз 2021 жыл.

АҚШ пен Қытай делегациясы Аляскадағы кездесуде отыр. 18 наурыз 2021 жыл.

Бұл шарпысу Пекин мен Вашингтонның арасын суытып, текетірес алдағы жылдары өрши түсетінін көрсетті. Демек, екі ел арасындағы салқындықты көрген басқа елдерге арқаны кеңге салуға әлі ерте.

АҚШ-Қытай қарым-қатынасындағы салқындық Шығыс Еуропадан Орталық және Оңтүстік Азиядағы елдерге әртүрлі әсер етеді.

Көп сарапшы аталған өңірде Қытайдың экономикалық және саяси ықпалы артып келе жатқанын, бұл болашақта Вашингтонның қарсылығын туғызуы мүмкін екенін айтады. Бірақ қос мемлекет арасындағы текетірестің негізгі тақырыбы Қытайдың шығысындағы Оңтүстік Қытай теңізі мен Тайвань болады.

“Еуразия АҚШ пен Қытай бақталастығының ортасында тұрған жоқ. Бұл Еуразия маңызды өңір болудан қалады дегенді білдірмейді, бірақ негізгі бәсеке Қытайдың батыс қақпасында емес, шығыс жағалауында жүретін болады” дейді Джонс Хопкинс университетінің профессоры және АҚШ мемлекеттік департаментінің Оңтүстік Азия тақырыбын зерттеген бұрынғы қызметкері Дэниел Марки.

ШЫҒЫС ЖАҒАЛАУ VS БАТЫС ҚАҚПА

Бұл өңірдің басты назарда екенін көрсету үшін АҚШ-тың ресми тұлғалары Аляскадағы келіссөздердің алдында Жапония мен Оңтүстік Кореядағы одақтастарымен кездесіп, Қытайға қатысты іс-қимылдарды тағы бір пысықтап алды. Ал Токио мен Сеул үшін Қытай қауіпсіздік саласындағы басты мәселе саналады.

Пекин кездесудің күнтәртібіне көлемді мәселелер шығарып, бүкіл әлемде Қытайға деген сенім артып келе жатқанын көрсетуге тырысты. Қытай экономикасы АҚШ президенті Дональд Трамппен болған сауда соғысына төтеп беріп, пандемия салдарынан туған қаржылық қиындықтарды еңсерді.

Бұған кейінгі онжылдықта Қытайдың экономикалық және саяси ықпалын арттыру үшін “Бір белдеу – бір жол” инфрақұрылымдық жобасын жүзеге асырып, Еуразиядағы рөлін нығайтуы себеп болып отыр.

“Бір белдеу – бір жол” бастамасының аясында жүзеге асқан жобалардың ықпалы артып, Қытай үшін Еуразия геосаяси зертханаға айналды. Ал Қытайдың мемлекеттік банктері тәуекел деп қымбат құрылыс жобаларын қаржыландыру арқылы өз компанияларына жаңа мүмкіндіктер ашып, Пекиннің ықпалын одан әрі күшейтті. Қазір Қытай Пәкістандағы Гвадар порты, Орталық Азия арқылы өтетін темір жол және Ирандағы көлемді болғанымен, мәселесі көп мұнай секторы сияқты стратегиялық нысандарға инвестиция құйып отыр.

“Пекиннің Еуразиядағы әрекеттері үлкен маңызға ие. Қытай мақсатына жетсе, бұл жобалар ары қарай да маңызды болып қала береді. Бірақ бұл оңай жеңіс болмайды” дейді Марки.

Шығыс Азия әлі де АҚШ-тың әскери базасы мен одақтастары шоғырланған өңір саналады, ал Еуразия Пекинге қастығы аз әртүрлі мемлекеттерден тұратын құрақ көрпеге ұқсайды.

Қытайдың “Бір белдеу – бір жол” жобасы арқылы экспансияны батысындағы өңірден бастауына шетелдік капиталды аңсаған, арбауға тез көнетін үкіметтер, АҚШ-тың әскери базалары жабылған үлкен территория және Америка әскерінің Ауғанстаннан кете бастауы себеп болған.

“Қытай Батыс елдерімен ашық қақтығысқа шыққысы келмеді. Сондықтан Еуразиядан мүмкіндіктер іздейтін стратегиясына көшті. АҚШ әскерінің Ауғанстаннан кетуімен бірге Қытайдың өңірдегі ықпалы арта түседі” дейді Техастағы A&M университетінің Орталық Азия бойынша сарапшысы Эдвард Лемон.

ЕУРАЗИЯЛЫҚ МҮДДЕ

Американың Еуразиядағы процестерге араласуы біркелкі емес. Байден әкімшілігі үшін Иран әлі де маңызды мәселе саналса, Вашингтон сыртқы саясатында Орталық Азияға басымдық беріп отырған жоқ.

АҚШ-тың Орталық Азияға қызығушылығы мен өңірдегі ықпалы Совет одағы тарағаннан кейін біресе күшейіп, біресе бәсеңдеп отырды. Әсіресе, АҚШ Ауғанстанға әскер алып кіріп, терроризмге қарсы әскери операция бастағаннан кейін оның Орталық Азиядағы рөлі біршама артты.

Вашингтон Қытай мен Ресейді басты қарсыласы көретіндіктен, Орталық Азия қайтадан әлем назарына ілінді. Бірақ Вашингтон Орталық Азияға Пекин сияқты қыруар қаржы жұмсап, Мәскеу сияқты белсенділікті арттыруға ынталы болмайтын сияқты.

АҚШ-Қытай қарым-қатынасының ушығуымен қатар Шыңжаңдағы қуғын-сүргін мәселесі (әртүрлі деректер бойынша, Қытай билігі өңірде бір миллионға жуық ұйғыр мен басқа да мұсылмандарды лагерьлерде ұстап отыр) жиі талқыланатын болады. АҚШ пен батыс елдері қазірдің өзінде лагерьлер туралы жиі айта бастады. 22 наурызда Еуропа одағы Пекиннің Шыңжаңдағы әрекетіне байланысты Қытай шенеуніктеріне қарсы санкция салды.

Қытайдың Шыңжаң өлкесінде жүрген полицейлер. 2014 жылы түсірілген сурет.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ЕО, АҚШ, Британия және Канада Қытайға санкция салды. Батыс мұнымен тоқтамақ емес

Кейінгі жылдары Пекин Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен шекаралас Шыңжаң өңірінде бақылауды күшейтіп, жергілікті түркітілдес мұсылман халықтарды қудалай бастаған.

Бұл саясаттың негізгі зардабын ұйғырлар көрді, бірақ лагерьде отырған этникалық қазақтар мен қырғыздар да жетіп артылады. Осының бәрі Қытайдың беделіне едәуір нұқсан келтірді.

2020 жылы ақпанда АҚШ-тың сол кездегі мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Орталық Азияға сапары барысында Қытайдың бұл аймақтағы рөліне назар аударып, жемқорлық, кредит және Шыңжаңдағы қуғын-сүргін мәселесіне қатысты алаңдаушылық білдірген. Ірі державалармен жақсы қарым-қатынасын сақтап, Пекин мен Мәскеудің аймақтағы рөлін ескеріп, Вашингтоннан іргесін аулақ ұстауға тырысатын жергілікті билікке АҚШ өкілінің Қытайға қарсы айтқан сыны ұнамады.

“Орталық Азия АҚШ-Қытай бақталастығының негізгі алаңы болмайды, бірақ қос мемлекет арасындағы қарым-қатынастың ушығып, бәсекенің артқанын ескерсек, бұл майданнан тыс қалу қиын болатын сияқты” дейді Гарвардтың Қытайдың Орталық Азиядағы рөлін зерттеумен айналысатын аға ғылыми қызметкері Наргис Қасенова.

Бірақ саяси ахуал нашарлап, Пекин мен Вашингтон арасындағы бәсекенің артуына қарамастан, қос мемлекет те Орталық Азия мен оның сыртындағы елдермен қарым-қатынасында дәстүрлі әдісінен жаңылмайды.

Қытай лидері Си Цзинпин (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) Мәскеуде кездескен сәт. 5 маусым 2019 жыл.

Қытай лидері Си Цзинпин (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) Мәскеуде кездескен сәт. 5 маусым 2019 жыл.

Қасенованың айтуынша, АҚШ пен Қытай арасындағы текетірес шағын мемлекеттерге қиындық туғызады. “Өйткені олар Вашингтонмен қарым-қатынасы нашарлаған соң, Қытайға жақындай түскен Ресеймен байланысын да сақтап қалғысы келеді” дейді ол.

Сарапшының сөзінше, сыртқы негізгі ойыншылар Орталық Азияны немесе оның көршілерінің жерін жаңа қақтығыс алаңына айналдырғысы келмейді.

“Олар әрдайым жергілікті ерекшеліктерге құрметпен қарап келген. Ары қарай да солай бола беретін сияқты” дейді ол.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: