|  |  | 

Көз қарас Саясат

Қытай мен Ресейдің “су стратегиясы”

247236657_2169411199889122_7473905225124737115_nКаспи мен Балқаш түптің түбі Арал теңізінің аяғын құшады. Қазақстанды “су тәуелсіздігі” декларациясын жариялаудың жаңа бір кезеңі күтіп тұр. Бір жұтым су- мұнайдан қымбат заман келе жатыр. Тарихқа қарасақ, Қазақ хан-сұлтандарының басты соғыс аймағы Түркістан мен Самарқан арасындағы стратегиялық сауда кенттерде көп орын алған екен. Заман өзгерді, дүние шыр көбелек айналды. Қазір ол аймақтың трансшекаралық өзен-суларының 70-80 пайызы өзге елдерге тәуелді. (М: Өзбекстан 70% сыртқа тәуелді)
Қытай мен Ресейдің ұзақ келешекке жоспарланған “су стратегиясы” биыл біртіндеп нәтижесін көрсетіп жатыр. Бізге “су қымбат ба, әлде мұнай қымбат па?” дейтін таңдау түсері анық. Басқасы емес “балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған” Еділ мен Жайық тартылады десе кім сенеді?!
Алда Стратегиялы мемжобаға екі ірі нысан сөзсіз кіруі керек деп ойлаймын. Олдар:
Сібір Хандығы және Ібір-Сібір су стратегиясы.
Сібір хандығы біздің тарихи стратегиялық құндылықтарымыздың кем-кетік тұсын толықтыра түседі. Негізінде біз “Сырдың бойынан шықпайтын тарих” жазғанымыз үшін көбірек Ресейдің саяси провокациясына ұшырап жатамыз. Ібір мен Сібірді игерген біздің төл тарихымыз ескерусіз кетіп жатады. Мәскеу біздің солтүстік аймаққа не үшін қызығады, өйткені ол Сібір даласының ең жанға жайлы аймақтарының бір бұшпанағы. Бізде қалған тоқымдай аймақты тіліп алып бірбүтін Сібірді қалпына келтіргісі келеді… Келешекте әлем алпауыт елдері Сібір үшін таласқа түспек, Қытай екібастан Сібірге қолға салып жатыр. Алаш көсемдері Семей мен Қараөткелді неге армандады, ол да әне Сібірдің қаптал қолтығы болғаны үшін.
Ал, “Ібір-Сібір” проектісі біздің су стратегиямыздың жаңа арқау көзі болмақ. Шоқан мен Әлиханның Сібір жаққа аңсарының аууы текке емес. Түптің түбі осы аймаққа тәуелді боламыз, осы бастан соның ірі жобасын қолға алуымыз керек. Қазақ хан-сұлтандары Самарқан мен Тәшкен үшін соғысса, осы күні біз Сібір үшін “соғыс” салуымыз керек.
Қазір Ресей, АҚШ және Қытайдың “Арктика соғысы” жүріп жатыр. Біз Арктика үшін белдеспесек те Ібір-Сібірге жақын аймақтарды игеруге барынша назар аударуымыз тиіс. ол үшін ірі мемжобалар Сібірге түйіскен қалаларда орындалуы керек. Қыл қысқасы келешекте оңтүстік аймақ құбы шөлге, ал Арқа ыстық белдеуге өзгереді. Климаттың өзгерісіне сай солтүстіктегі шағын елді-мекендер болашақта зәулім мегаполиске айнала бастайды. (Оңтүстік аймақтардағы қалалар тарихи, мәдени қала-кент болып сақтала береді.)
Елдес ОРДА

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: