|  | 

Жаһан жаңалықтары

Украина шығысында “шығынға ұшыраған” Ресей һәм Херсондағы шайқас. Соғыста не болып жатыр?


Украинаның шығысындағы Бахмут аймағындағы шайқас. 6 қараша 2022 жыл.

Украинаның шығысындағы Бахмут аймағындағы шайқас. 6 қараша 2022 жыл.

Украиналық әскерилер Донбасста Ресей күштерінің бірнеше шабуылына тойтарыс бергенін мәлімдеді. Ал Украина президенті Владимир Зеленский “Ресей әскерінің әр жеңілісі Мәскеудің әскери тактикасының ақылға сыймайтынын көрсетті” деді. Майдан шебінде не болып жатыр? Қысқаша шолып шықтық.

Киев “Ресей Украина күштері Херсон қаласын қайтару үшін шабуыл жасайды деп қауіптенеді, сондықтан бос қалған үйлерді тонап, бұл үйлерге қарапайым киінген әскерилерді орналастырып, көше шайқасына дайындалып жатыр” деп айыптады. Ресей Украинаға басып кіргенде алғаш жаулап алған қалаларының бірі осы Херсон болды. Кейінгі уақытта Мәскеу Херсонға Украина әскері шабуыл жасауы мүмкін деп тұрғындарды қаладан кетуге шақырған. Екі тарапта қазір Херсонда жарық пен су жоқ екенін айтады.

Кремль Украина тарабын “саботаж жасады” десе, Киев “Ресей бір жарым шақырым электр торабын үзді” деп те айыптады.

Киев “ресейлік күштер бейбіт тұрғындардың жеке үйлері мен инфраструктура объектілерден құралдарды, тамақтарды, транспорттарды ұрлап, Ресейге әкетіп жатыр” дейді.

Украина әскерилері елдің шығысындағы шепте жүр. 8 қараша 2022 жыл.

Украина әскерилері елдің шығысындағы шепте жүр. 8 қараша 2022 жыл.

Бұған қоса, Украина бас штабы Херсон облысы Берислав ауданындағы Ресейдің қару-жарақ қоймасына шабуыл жасап, әскери техникаларды жойғанын; ресейлік 32 әскери қаза тапқанын хабарлады.

Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздерден тексеру қиын.

Украина қарулы күштерінің бас штабы күнделікті есебінде Ресей күштері елдің шығысындағы Бахмут, Авдеевка және Новопавловкаға шабуылды үдетті деп мәлімдеді. Мәскеу күштері кейінгі аптада Донецкте осы үш қаланы алуға тырысып жатыр. Бұған қоса, Ресей әскерилері Украинаның әр аймағындағы инфраструктуралар мен азаматтық объектілерді атқылауын да тоқтатқан жоқ.

Ал Зеленский Ресейдің ракеталық шабуылы көбейген тұста әлем Украинаға ракетадан қорғайтын жүйелердің келесі легін бергенін мәлімдеді. “Бұл көмек біздің қорғанысымызды күшейте түседі. Украина аспаны 100 пайыз қорғауда дей алмаймын, бірақ біз мақсатымызға жақындап келеміз” деді ол 7 қарашадағы видеомәлімдемесінде.

Украина тарабының айтуынша, Ресей кейінгі уақытта Донецк облысындағы Авдеевка қаласына шабуылды үдеткен. Сурет 7 қарашада түсірілген.

Украина тарабының айтуынша, Ресей кейінгі уақытта Донецк облысындағы Авдеевка қаласына шабуылды үдеткен. Сурет 7 қарашада түсірілген.

Украина қорғаныс министрі Алексей Резников 7 қарашадағы мәлімдемесінде ракетаға қарсы NASAMS және Apside қаруларын алғанын айтты.

“Бұл қару Украина әскерін одан әрі күшейтіп, елімізді қауіпсіз ете түседі” деп жазды ол Twitter желісінде. Резников қаруды қай елдер бергенін ашық айтпады, дегенмен АҚШ, Норвегия, Испанияға “алғыс айтты”.

Зеленский дүйсенбідегі мәлімдемесінде Донецк облысында кескілескен шайқас болып жатқанын да айтып, Донбассты “оккупанттардың бассыздығының эпицентрі” деп атады.

“Ресей күніне жүздеген адамынан айырылып жатыр. Сондағы Украинаның бақылауындағы жерлер оккупанттардың мәйітіне толып қалды” деді ол.

Зеленский Павловка маңында жүрген ресейлік әскерилер өз аймақтарының губернаторына шағымданды деп мәлімдеді. 7 қарашада америкалық CNN телеарнасы Ресейдің Тынық мұхит флотының 155-әскери бригадасының солдаттары Приморск аймағының губернаторы Олег Кожемякоға шағымданғанын хабарлады. Телеарнаның мәліметінше, ресейлік әскерилер Донецкте “түсініксіз шайқасқа” жіберілгенін, төрт күнде 300 солдат қаза тауып я жараланғанын, қаруларының 50 пайызынан айырылғанын айтқан.

Зеленскийдің сөзінше, Кожемяко әскерилердің шағымын “асыра сілтеу” деп атап, “шығын соншалықты көп емес” деген.

БҰҰ есебінше, 24 ақпаннан бері Украинадағы соғыста кемі 6490 бейбіт тұрғын (оның ішінде 400 бала бар) қаза тапқан. Ал Киев Ресеймен келіссөзден қашпайтынын айтады, бірақ келіссөз жүргізу үшін Ресей Украинадан әскерін толық әкетуі керек деген шарт қойып отыр.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: