|  | 

Көз қарас

ХАЙУАНАТТАР ҚАҒАНАТЫ. 1. ПОЛИЦЕЙ

324662804_1316700538904868_2583768498950721750_n
Діндарлар да, адам жанының қараңғы түкпірлеріне шырақпен үңілмекші жазушылар да, кісінің бойындағы зұлымдық пен мейірім тепе тең дейді. Содан, өмір дегеніміз бір бүтін осы екі жартының итжығысы-мыс. Елге мейірім жағы басым болғаны керек. Құдыққа құлағанда көміп кетпесін деген пиғыл сол. Шөлдегенде су берсе, шау тартқанда сүйеу болса деген дәме сол. Кейде бар ғой, мейірімнің өзі де сонда – қулықтан туған ба деп, көңілім түсіп кетеді.
Былайғы адамның өзі де сезеді, мейірім жағы көптеу болу керегін. Ең болмаса, әке-шешесі өзінің жемі үшін күндіз-түні шапқылағанын көзі көрді ғой. Ер жеткенше, бізде әдетте – он бірінші сыныпқа дейін мейірімге деген ықыластың қаймағы бұзылмайды екен.
Сосын басталады екен қиямпұрыс таңдау. Басқа жұртты білмеймін, мен көрген қазақтан тағдыр…
уақытша зұлым бола тұруды сұрайды екен! Қалайша?
Мінеки, С. туралы айтайын.
Қарағанды милиция мектебін бітіріп келді. Холмсша тіміскіленіп, бәтеңкенің ізіне балауыз шамды тамызып нобайын алып, салыстырып әлек болып жүретін. Ойпырмоо-оу, менің балам ізкесер болады деуші еді атасы. Қарғам-ау, шаршамадың ба деп айналып-толғанып жүретін әжесі.
Сөйтіп жүріп, милиция мектебіне кетті. Сосын, теміржол милициясына орналасты. Орналасқанда, елге келіп қызмет қылып жатқанын ұртоқпағымен арқамнан сарт еткізгенде білдім. Демімді ала алмай бозарып бара жатыр екем, бір жағынан – ұрған кісіні танып, таңырқап та дем жетпей қалды. Қолтықтан іле кеткені.
- Сәке, қашан келіп едің елге, құтты болсын! – деймін “маймылхананың” ішінен, қасымдағыларға таныстығым барын көрсеткім келіп.
Сол-ақ екен, жетіп келіп, ұртоқпағымен торды зырылдатып өтті.
- Саке – кто это? – деді көзіме қадалып.
Аузыма құм құйылды. Айыппұлын төлеп шықтық әйтеуір. Ішімнен соттап жүрмін өзімше. Мені ұрмай-ақ қойса болатын еді ғой деймін. Бірақ ту сыртымнан ұрды, көрген жоқ қой деймін. Бірақ, саулық сұрасқанда да танымаған болды ғой деймін. Сосын ұмыттым.
Уақытша.
Бір күні бір апамыз кенеттен қызметте жоғарылап кетті. Облыстың ортасына барып, төрінен бір шықты ал. Қараша үйдің құдайы бар деуші ме еді, солай болды да қойды.
Мансапты көтере алмағаны ма, әлде, қайта көтере алғаны ма – осы құқық-бықыққа қатысы барларды апам есігінің алдына иіріп қоятын. Қаңғырмай, одан да менің корреспонденцияларымды тасы, тартпадан тиын-тебен беріп тұрамын деп, мені бейресми жұмысқа алды.
Содан, жұмыссымаққа барып-келіп жүріп, Сәкемді көрдім! Кезексіз кіргеніме, апама сен деп сөйлегенімнен ендігәрі тегін адам емесімді аңдаса керек.
- Кәуапқа шақырам, бәрі өзімнен, әңгіме бар! – деп жармасқаны.
Бүгінгінің биігінен сөкпессіз. Бірақ мынадай құрмет кісілік назым сыйлайды екен. Келісе кеттім.
Кәуапханада өкпемнің бәрін айттым. Ол да ағынан жарылды:
- Білесің бе, бір адамға күле қарасаң, ХАЛЫҚ еркелеп кетеді. Бәрі жағдай айтып кетеді. Әділін айтшы өзің. Сені танымаған болдым, есесіне тым-тырыс отырдыңдар. Жамырамай кеттіңдер. Дұрыс па?…
Сол отырыста “екі-үш жыл, сосын ауысам, хайуан болып бара жатырмын” деген. “Уақытша ғой, уақытша…” деген, менен гөрі өзін сендіргісі келіп. “Қаталдық керек нәрсе…” деп, ұртоқпағын сілтеңкіреп жіберетін ғадетін ақтайтын ұзыннан-шұбақ әңгіме айтқан.
Екі-үш жылы жиырма бес жылға ұласса керек. Үсті-үстіне үй салып жүріп, ақыры бір аудан орталығында бастық болып зейнетке кетті деп естідім. Жақсы, көзіммен көрдім. Бірақ танымаған болдым. Бәтеңке ізіне балауыз тамызып жүретін арман қуған баяғы баланы шынымен танымадым.
Ол да мені танымады: апам әлдеқашан қызметте жоқ еді…

Related Articles

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

  • Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Бүгін Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) «Паутина» деп аталатын стратегиялық операциясын жүзеге асырып, Ресейдің әскери авиациясын нысанаға алды. Украиана тарабы операция барысында Ресейдің 41 соғыс ұшағы жойылған алға тартты. Олар Ресейдің А-50, Ту-95МС және Ту-22М3 сынды стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын істен шығарып, 2 миллиард доллар шығынға батырған. Украинаның арнайы қызметі операцияны жүзеге асыруға бір жарым жыл бойы дайындалыпты. Операция барысын Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзі бақылаған, ал оның орындалуын СБУ басшысы Василий Малюк пен арнайы жасақтардың үйлестірілген ұжымы атқарған. Украина тарабы алдымен FPV-дрондарды Ресейге контрабандалық жолмен жеткізеді. Артынша – ағаштан жасалған шағын үйлер жібереді. Дрондар сол үйлердің шатырының астына тығылған. Кейін бұл үйлер жүк көліктерге тиеліп, Ресейдің ішкі аумақтарына жеткізіледі. Дәл сәт

  • Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді: 1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді. Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді. 2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта. Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: