|  | 

Қазақ шежіресі

Ресейдің атақты заңгері Фёдор Плеваконың анасы Алма (Өлмесек) Алдарқызы туралы

325445303_559859616032791_3837280170134659388_n

Фотода: Ф. Н. Плеваконың анасы Алма Алдарқызы (Екатерина Степановна) Сурет: Ресей мемлекеттік жария тарихи кітапханасының мұрағатынан алынған

Ресейдің белгілі заңгері Фёдор Плевако Орта жүз қазақтарының Қарабалық қыпшақтары жерінде Алаш жұрты Мұнанай не Мағынай деген атаумен белгілі қазіргі Ресейдің Челябі облысының Троицк қаласында дүниеге келген. Қала қазақ шекарасынан 6 шақырым қашықтықта ғана тұр. Бірақ, тақырып қала туралы емес, тіпті, Фёдор Плевако жөнінде де емес, өзгенің тұтқынына түсіп, жастайынан қиыншылық көрген қазақ қызы Алма (Өлмесек) Алдарқызы туралы болмақ.
Алма Алдарқызы Торғай облысы Қостанай үйезінің Шұбар болысының 7-ші ауылында дүниеге келген деп есептеледі, әкесі Алдар бай һәм батыр болған кісі деседі. Еміс-еміс есінде қалған өз өмірі туралы Алма қартайған шағында былай деп айтады екен: «Біз киіз үйде тұрған едік, Троицкіге жақын маңда өмір сүрдік. Әке-шешем бақуатты адамдар болатын, киіз үйіміздің іші сән-салтанатты еді. Үйімізде қылыш, мылтық болатын. Ал, өзім үлде мен бүлдеге бөленген едім».
Міне, тарихтың тәлкегімен сахарада еркін өмір сүрген қазақ қызы жаугершілік заманда жау қолына түседі. Бір ақпаратта оның (Алманың) әке-шешесі (ауылы) жаудан қашқан кезде киіз үйден (бәлкім арбадан) түсіп қалғаны туралы айтылады. Меніңше, оның ауылының шекара бойында орналасқанын ескеріп, қандай да бір себептермен кішкентай кезінен Троицк қаласында күңдікте жүргенін көреміз. Меніңше оның себебі 1737 жылы орыстың қатын патшасы Анна Иоановна қазақ балаларын құлдыққа сатуға рұқсат беріп, орыс казактарының іргедегі қазақ ауылдарына шабуыл жасауларынан деп ойлаймын. Тіпті, бұл дәстүр одан әрі жалғасып, 1808 жылы Александр Бірінші патша аталған жарлықты заңдастырады. Ал, Ресейде крепостнойлық (басыбайлық) құлдықтың 1861 жылы ғана жойылғаны белгілі.
Екінші, оның есімі Алма болды деп ойлаймын. Ал, Өлмесек есімінің шығуына байланысты екі нұсқа бар. Бірінші, талай қиын-қыстау заманды, қиыншылықты көріп, есімі Өлмесек (Өлмес) аталуы мүмкін. Екінші нұсқа, оның отбасында (Алдар әулетінде) ұл бала болмай, ырымдап, Өлмесек қойылуы мүмкін.
Қалай десек те кейін оның (күшпен) шоқындырылып, Екатерина Степановна болғаны, сол есім-сойымен тарихта Фёдор Плеваконың анасы екендігі хатталып қалады.
1842 жылы Фёдор Плеваконы туған болса, оның жас шамасын бағалай беруге болады. Яғни, деректерге жүгінсек, Алманың шамамен 1816 жылы туып, 1883 жылы қайтыс болғанын көреміз. Алма Алдарқызы бес бала туып, оның үшеуі шетінейді. Ормандай орыс арасында небір қорлықты, кемсітушілікті (Фёдор Плевако да жастайынан небір зәбірлерді көреді) көрген ол ызадан, амалсыздан жас сәбиін суға лақтырып жібермекші болады. Сонда, шақалақ Фёдор жылағанда дауысы атырапқа естіліпті деседі. Қорғансыздың күнін көрген Алма Алдарқызы (Екатерина Степановна) ері Василий Иванович Плевакпен заңды некеде болмайды. Бір жағынан Плевактың өзі де қорлық-зорлық көрген Польша азаматы болса керек, оның Троицкіге қалай және қашан келгені белгісіз. Дегенмен, мұңдастар бір-біріп тапқан сияқты. Алайда, крепостнойлық (басыбайлық) құлдық қоғамға сәйкес Алма мен Василийдің балалары заңсыз (некесіз) туған деп саналып, Дормидонттың (Алма мен Василийдің үлкен баласы) кіндік әкесі Никифордың есімі Дормидонт пен Фёдордың әкесінің есімі болып, ал, Никифордың тегі Николаев екі ұлдың тегі болып тіркелді. Дегенмен, кейін олардың Плевак, дұрысы Плевако болып жазылғанын көреміз.
1851 жылы Алма Алдарқызының күйеуі Василий Ивановичтің доғарысқа кетуінен кейін олар (Плевако) отбасы Мәскеуге көшіп келеді. Алманың және оның балаларының бала жастан көрген қорлықтары мұнда да қайталанады. Алма мен Василийдің ұлдарының түрінен нағашы жұртына тартқаны білініп тұратын. Дегенмен, мұнда да өзі де балалары да небір қорлық пен зәбірді, кемсітушілікті көргеніне қарамастан, ол күйеуі Василий Ивановичке сүйеу бола білді. Алма Алдарқызының Троицк мещанкасы, ал 1863 жылдан Мәскеу мещанкасы және Мәскеу көпестігіне тіркелгенін, сондай-ақ, 3-ші көпес гильдиясы бойынша есепте тұрғанын көреміз.
Алма Алдарқызы туралы қысқаша дерек бергендегі мақсат, оның қиын да күрделі өмірін көрсету, отарлық жүйенің кезіндегі қазақтың бір қызының тағдыры туралы жеткізу ғана!

Related Articles

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Осы уақытқа дейін құпия сақталып келген 106-қазақ атты әскер дивизиясының деректері енді белгілі бола бастады. 1942 жылы дивизия Ақмолада жасақталыпты. Әскери шала дайындықпен жасақталған дивизия 1942 жылдың мамырында, Харьков түбіндегі қоршауды бұзып шығуға бұйрық берер алдында, 4091 сарбазға 71мылтық, яғни 7 адамға бір мылтық және бәріне 3100 жарылғыш оқ –дәрі бәріліпті. Қазақ боздақтарын қарусыз жалаң қылышпен өлімге жұмсауы – «Гитлермен салыстырғанда Сталин солдаттарды өлімге 8 есе көп жұмсадының» айғағы (Михаил Гареев, Әскери академиядан.2005 жыл). “Төртінші билік» газетінің 2016 – жылғы мамырдың 28-жұлдызындағы санында шетелдік архивтерден алынған видеосюжеттегі 106-атты әскер дивизиясы жөніндегі неміс офицерінің айтқаны: «Не деген қырғыз (қазақ) деген жан кешті батыр халық, атқа мініп, ажалға қаймықпай жалаң қылышпен танктерге

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: