|  |  | 

Көз қарас Руханият

Айтылмай қалған бір ауыз сөз (Болат Бопайұлын еске алыу)

485634956_4013877155500521_1974516752573476032_n
«Ажал айтып келмейді, Қаза- қасқағымда» дейтін бабалар сөзі осындайда еске түседі екен, әлгіндеғана әзілдесіп, арғы – бергіден кеңес қозғай отырып, «алдағы айдың жыйрма нешелерінде министрлік жағынан кітаптарының тұсау кесері болатынын, жуырда теле арнадан салт – сана жөнінде бір сағаттық сүхпат беретін» қуаншын мұндағылармен бөлісіп жанары нұрланып, жүзі жәйнап отырған Қазақыстан Жазушылар Одағының мүшесі , айтулы Этнограф, жазушы Болат Бопайұлы арада тысқа шығып келуге үй йесінен рұқсат сүрап кеткен еді, бір неше минут өтбестен «Бөкең жығылып қалды» деген суық хабар келгенде алдымыздағы дастарханды тастай тысқа ұмтылдық, ойпырмай әлгінде ғана қатарымызда отырған азаматтың құлап жатқанын көргенімізде абдырап қалдық, жедел жәрдем орталығындағы кезекші маманның бұйыруымен Бөкеңді жатқан орынынан қозғамай қолдарын ұйқалап, тамырларын ұстап, тынысының бар жоғын азаматтар доғдырға телефон арқылы мәлімдеп әбіген…
Йә, жедел медициналық жәрдем көлігі де он-неше минутта келіп үлгірді, доғыдырлар құтқарыу шараларын қолданып харбаластыққа түсті, мұндағылардың бәрі үмітті еді, амал не, Бөкеңнің әлгіндегі нұрлы жанарының оты өшті, қызыл күреңдеп тұрған ерні талаурап көкшілденіп, әлгіндегі қуанышты бөлісіп отырған нұрлы жүзі күреңітіп сала берді, доғыдырда үмітін үзіп құтқару асбаптарын жыйыстыра бастады, мұндағы үміттері әлі үзілмей Бөкеңнің сұлық жатқан бейнесінен көз айырмай тұрғандардың жанарлары жасқа толып, тыныстары тарылып, үнжұрғасы түсті. бәріде сенер емес, тағыда үміттенген өзім сұлық жатқан Бөкеңнің тамырын ұстадым, тамыр баяу қозғалғандай сезілді, қасымда тұрған доғыдырға «көріңізші тамыры соғып тұрған сияқты?» дейімен, доғыдыр; «аға сіздің түйсігіңіз ғой, қыймастықтың әсері солай болады» деп тыңдағышты құлағыма салдырып Бөкеңнің жүрек соғысын тыңдатты, еш белгі жоқ, білек тамырымен күре тамырын ұстатты мүлдемге тоқтаған, міне осылайша Бөкеңнен айырылып, қайғы арқалап қала бердік… «ой дүние ай, жалған дүние ай» дейтін апа, аталарымыз айта беретін өкініші осыдан екен ау» деймін.
Йә, Бүгін оразаның он сегізі, яғни Науырыз айының он сегізі жұлдызы, аспаның бір жұлдызы ағып түсті, түн түнеріп келесі таңның түстігі бозарып атты, түн бойы көз ілмедім, ойым он саққа, қиялым қыйды шарлады, Ертістің суынан бірге суысындап, Өр Алтай атанатын өңірдеге қаймағы бұзылмаған ұлағатты тағылымынан бірге нәр алып өскен мархұм Бөкең өзімнен төрт жастай кіші болсада ол өзімді «құрдас» деуші еді, сондықтанда бір – бірімізге сыйластығымыз өте жақсы еді, бәріненде өмірде халықтың мәдениеті мен әдебиетін ұрпаққа жеткізуге өз әлімізше бірге ынтығып, жоғын жоқтап, барын биікке көтерсек дейтін талпыныс жолымызда бірдей еді, сүйтіп тер төгіп жүрген Бөкеңнің еңбегі тегін кетпеген Болат Бопайұлы бұл күнде Қазақыстан Жазушылар Одағының мүшесі , Этнограф – Жазушы болып еліне танылды, халқы қадырлер азаматқа айналды, елдің кешегі үміт болған құндылықтарын тірілтіп, том – том кітап етіп шығарып ертеңгі ұрпаққа қомақты да құнды еңбектер қалтырды, әрине «майда қоңыр, жебек жал» азамат болғандықтан тамам елдің сый құрыметіне ие болды…
Ұйқысыздық адам ойын әр неге апарды екен, әлден уақытта бір өкініш іш өзегімді шым еткізді, әлгінде Бөкең «алда кітаптары шығып, министрлік жағынан тұсау кесері болатынын болды» деп қуаншын бөліскенде өзім қалайша «құтты болсын» деп айтпағаныма өкіндім, кейде үстіп бірімізді – біріміз қадырлеп, қуаншқа ортақтаса алмай қалуымыздың өзі өкініш болады екен, «әрине ол сыйластық, қыймастық едіғой» деймін өз – өзіме, міне келте өмір осымен аяқтады, енді осы бір айтылмай қалған «құтты болсын» деген бір ауыз сөз ендігілерге ғыйбратты сабақ болса екен, «Ажал айтып келмейді . Қаза қасқағым» екенін бұрын құлақ естісе міне енді көз көрді, сондықтан адамдар бірін бірі тірісінде түсініп, сыйласуы, бір – бірінің қуаншымен қайғысына ортақтасуы керек екен» деймін. Бақыл бол, елінің есіл ері, топырағың торқа болсын!.
Байахмет Жұмабайұлы
Алматы

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: