|  | 

Саясат

Ресейдің валюталық соғысынан кейін, Қазақстан сауда соғысымен жауап берді.

ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Еуразиялық интеграция алғашқы ауыр қиындыққа тап болды. Біздің әріптесіміз Ресейдің валюталық соғысынан кейін, Қазақстан сауда соғысымен жауап берді. Ал Украинаның оңтүстік-шығысындағы жанжал мен Қырымның туған айлағына қайта оралуы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы интеграциялық үдерістердің тереңдеуі мен жеделдету болашағы мәселесіне қауіп төндіріп отыр.

Ондықты көздеп, тигізгені – сүт

Қазақстандағы бизнес-қауымдастықтардың өкілдері бірнеше рет ескерткен жағдай орын алып отыр. Қазақстан Ресейден келетін сүт, кәмпит, май, тауық еті және басқа да ет өнімдеріне тыйым салды. Тауық етінің импорты мәселесі ресейлік қана емес, беларусьтік өндірушілерге де әсерін тигізді. ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдегендей, бұл шара уақытша сипатқа ие. Тек, тауық еті бойынша тыйым салынған тізімге тек «Смолевичи Бройлер» ААҚ беларусьтік кәсіпорнының ғана кіргені қызық. Қалғандарының бәрі ресейлік: «Приосколье», «Майкопский птицекомбинат», «Курский агрохолдинг» және «Урал-Бизнес». Тек осы айтылған компанияларға ғана емес, КСРО көлемінде дүрілдеп тұрған Микоянский ет комбинаты, «Данон», «Юнимилк» және «Вимм-Билль-Данн» да бар. кондитерлік бұйымдар да ада қалмаған: «Русский бисквит», «Красный Октябрь», «Рошен», «Яшкино» және «Марс». Тіпті майонездерге де жетіпті «Саратовский 67%» және «Махеевъ». Қазақстан тіпті мұнымен тоқтамақ емес. Жақын арада бұл тізімге ресейлік шырындар, ұн мен жұмыртқа да кіруі мүмкін. Тыйым салынған заттарға берілетін ресми түсініктер ресми сипатқа ие, ал кейбіреуі тіпті былайша айтқанда құлақтарынан тартып кіргізілгендей. «Санэпидқызметі органдары мен тұтынушылар құқығын қорғау бойынша қоғамдық бірлестіктер ылғалдық деңгейін жаппай көтеру белгілеген – ол белгіленген нормадан үш есе көп. «Курский агрохолдинг» ЖАҚ, «Урал-Бизнес» ЖШС, «Майкопский құс комбинаты» ЖАҚ мемлекеттік тілде таңбаланғаны жоқ. Ал «Смолевичи бройлер» етінде, «Приосколье» ЖАҚ-да патогендік қоздырғыш табылған», – деп түсіндірді азық-түлікке салынған табу себебін Ж. Бекшин. Алайда экономикалық сұрақ туындайды: егер бас санитар тізбелеп берген бұзушылықтар болған болса, онда неге дәл қазір тыйым салынып отыр және жаппай түрде? Неге ол Кеден одағы (КО) іске кіріскеннен кейін немесе оған дейін жасалмаған? Неге бұған дейін ресейлік мұнай өнімдерінің импортына тыйым салынбаған? Мемлекеттік тілде таңбалау болмады ма? Және осындай «негелер» толып жатыр.

Валюта соғысынан сауда соғысына дейін

 

Ж. Бекшин тізбектеп берген бірқатар Ресей өнімдерінің импортына тыйым салу себептері ресми сипатқа ие, делінген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев қаңтар айының аяғындағы мәлімдемесінде. Сол кезде ол Қазақстанда ресейлік импортқа шектеу салу мүмкіндігінің қарастырылып жатқанын айтқан болатын. Және санитарлық нормалар мен тілі туралы заңды ресейлік тараптың сақтамауының бұл жерде еш қатысы жоқ. «Біз үкіметке Қазақстанға жекелеген барынша сезімтал тауарлардың кейбіріне уақытша шектеу салу туралы ұсыныс енгіздік. Біз көлік, құс өнімдері, құс еті, жұмыртқа, құрылыс арматурасы, аккумуляторға қатысты сенімді түрде ұсыныстар енгіздік», – деді Р. Ошақбаев.

Неге Қазақстан ресейлік тауарларға Кеден одағы аясында фритредерлік адалдықтан, ашық қолдампаздық үстемдікке көшті? Жауабы айқын: былтыр қатты құнсызданған ресейлік рубль теңгенің оған сай келмейтін әлсіздігінен қазақстандық өндірушілерді бір сәтте бәсекеге қабілетсіз етті, оларға қалайда аман қалу керек болды. Жалпы, Аль Капоне айтқандай: «артық ештеңе жоқ, тек бизнес». Бірақ қалай болғанда да, Ресей жауап ретінде кейбір өңірлерде «Айс-Плюс» ЖШС айранына, «ДЕП» ЖШС сүтіне, «Лидер2010» ЖШС өнімдеріне, қызылша мен қауынға тыйым сала отырып, өз есесін жіберген жоқ. Ал егер осыған ресейлік санкцияларға тап болған елдердің Беларусь және Қазақстан арқылы реэкспорттайтын өнімдерімен байланысты жанжалды қосатын болсақ, онда Кеден одағының іргесі сөгілді деуге негіз бар.

Осылайша ешқандай асыра сілтеусіз біз еуразиялық интеграция аясында алғаш рет валюталық соғыстың қалайша сауда соғысына айналатынына куә болдық. Оған қоса осының бәрі КО, БЭК және ЕАЭО аясындағы шағын ұлттық құрылымдардың төмен тиімділігін меңзейді, өйткені осыған ұқсас қашып құтыла алмайтын қарама-қайшылықтардың барлығын өкілеттік бар кезінде әлгілердің беймәлім фазадан ашық түрге ауыспай тұрғанға дейінгі сәтінде олар шешуге қабілетсіз болды. Оның үстіне, бұл ЕАЭО валюталық одағының келешегіне үлкен күмән туғызады, ол туралы жақында ресейлік президент қайтадан сөйледі де. «Серіктестермен монетарлық саясаттарды үйлестіруді жалғастырамыз деп келістік. Перспективада валюталық одақ құру мүмкіндігі жайлы да сөз қозғайтын уақыт келді деп ойлаймыз.

Иық түйістіріп жұмыс жасай отырып, сыртқы қаржылық-экономикалық қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету, біздің бірлескен нарығымызды қорғау жеңілірек», – деді сонау 20 наурызда Владимир Путин Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттерінің үшжақты кездесуінен кейін. Аққу, шортан һәм шаян Бірақ ресейлік мемлекет басшысының мәлімдемесі ықылас-тілекті ақиқат ретінде ұсынуға талпынуды еске түсіреді. Және міне неліктен. Басталған сауда соғысы валюталық соғыстың салдары болды, ол ең жоғары мінбелерден келісілген ақшалай-несиелік және валюталық саясатты жүргізу қажеттілігі туралы декларациялық мәлімдемелерге қарамастан, мұны жасауға деген қабілетсіздік пен тілектің жоқтығына нұсқайды.

Әрі бірінші кезекте ресейлік рубльдің бағамын одақтағы өз серіктестерінің мүдделері есебінсіз ғана емес, сонымен бірге Қазақстан мен Беларусьтің дәл сондай құрылымдарымен келісусіз-ақ еркін жүзуге жіберген ресейлік Орталық банк тарапынан. Айтпақшы, осы жайлы жақында ҚР Ұлттық банкінің экс-басшысы Григорий Марченко «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында ескертті. «Біз қазір (валюталық одаққа – ҚазТАГ) дайын емеспіз, тіпті жуықтамаймыз да, макроэкономикалық параметрлер тұрғысынан да, іс-қимылды үйлестіру тұрғысынан да.

ЕАЭО елдерінің орталық банктері девальвация жүргізу кезінде одақтағы серіктестерінің мүдделерін ескермейді. Себебі Ресейде желтоқсан айында девальвация орын алды, Беларусьте 30% салық енгізді, ал Қазақстан бағамды өзгеріссіз сақтап қалды. Қаржы секторында Крыловтың аққу, шортан һәм шаян мысалынан басқа жақсы иллюстрация табу мүмкін емес», – деп түсіндірді өз позициясын Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы. Сол себепті де Қазақстан мен Ресейдің арасындағы сауда соғысының фонында Ресей президентінің «монетарлық саясаттарды үйлестіруді жалғастыруға» келісу туралы мәлімдемесі парасатты мағынаны әжуалау секілді естіледі. Өйткені тіпті шындап басталмаған нәрсе қалайша жалғасуы мүмкін?

Егер бұған Ресейге Қырым мен Севастопольдің қосылуын қосатын болсақ, онда ендігі жалғыз валюталық одақтың ғана емес, бүкіл ЕАЭО келешегі өте-мөте бұлыңғыр көрінеді. Сондықтан енді ғана жүзуге кетіп үлгере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ қазіргі бар форматында еуразиялық интеграцияның «Титанигін» көбірек еске сала бастады. Және кімбіледі, Ресейдің былтыр тұтандырған және ішкі себептерге орай оған Қазақстанның сауда соғысымен жауап берген валюталық соғыс өрті ЕАЭО үшін дәл сол басқаруға көнбейтін сәтсіз айсберг болып шықпай ма екен?

қазтаг

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: