|  | 

Тарих

КӨКШУЛАН

11092148_424524944374979_5514725352249268357_n
Бұдан кейін Тоныкөк өрен У-тай тауында Фань қазіреттің қасында будда және Кунфуцзы ілімінен көп уақыт сабақ алды. Жегені тау сарымсағы мен саңырауқұлақ және буға піскен күріш болды. Оған буддалық нәзіктіктен гөрі өмір сүру үшін бөрі бүлкек күй кешкен түркілік тегі ұнайтын.
Бөрілер!
Көз алдына бір кездегі дала тағысы бөрілер елестеді. Шұғай құзының бөктерінде, қыстың бұрқасынды күндерінің бірінде, ақтүтек боранмен араласып, бірін-бірі тістелеп ойнап өңшең бір көк бөрілер алыста – тау етегінде жортып бара жатыр еді. Бұл онда басына сусар бөрік, үстіне кең-мол бұлғын ішік киген әкесінің алдында, үлкен құбақан, ақ шағыр аттың шоқтығында отыр еді.
Ақ шағыр ат алыстан бөрілерді көргенде құлағын әлсін-әлсін жымырып, бір түрлі елпектеп, ойқастап, бір орында тұра алмай кетті. Ауыздығын қарс-қарс шайнап, пысқырынып, бір жаққа ала жөнелердей тізгін сүзіп, әкесінің үлкен қарымды қолына есе бермей, тұқырып, тартып барады. Әкесі тізгінді серпе тартып, тебініп, бөрілерге қарай ентеледі.
Қарашы, қарашы, әне бөрілер! – деп қамшысының ұшымен нұсқап, мұның назарын солай қарай аударды.
Көрдім, көрдім әке! – деп Тоныкөк те үлкен күпиген жеңімен сол жақты нұсқап қояды.
Ә, көрдің бе, бөрілердің қандай екенін? Олар қазір тоқ екен. Тегі бір жерден олжалы қайтқандай, деді әкесі өзі де таң-тамаша болып.
Әке, бұлар қайда бара жатыр?
Шұғай тауының теріскейінде өздерінің апандары бар. Олар сонда барып паналайды.
Одан соң қайда барады?
Одан соң етекке түсіп тағы да жем іздейді.
Оларға жем қайдан табылады?
Олар даланың қоңыр аңдарын, төрт түлік малды түгел жей береді. Олардың азығы далада. Түріктерде бөрі азығы мен ер азығы жолында, «таңертеңгі ас Тәңірден» деген мақал бар.
Қызық екен. Олар неге адамдармен жақындаспайды? Қолға неге көнбейді?
Оларға өздері бауыр басқан Шұғай таулары ұнайды. Олар онда еркін, көңілді. Ешкімнің босағасын күзетіп, жуынды-шайындыға, қу сүйекке көз сүзіп телмеңдемейді. Аштан өлсе де далада, жемтігін көрсетпей өледі. Олар намысшыл, қарлы боранға, аязға қайыспайды. Күніне жүз шақырым жол жүреді. Жейтін азығын жер түбінен болса да тауып жейді. Бірақ бәрібір өзінің Шұғай құзы мен Өтүкен тауына қайтып оралады. Қарашы, олар сері, ерке, үйдегі иттерге қарағанда әлдеқайда сергек. Рухы асқақ. Егер олар кісі қолына қараса әлдеқайда тұқымы құрыған болар еді. Өйткені олар тек еркіндікте ғана өмір сүре алады. Тәңір оларды солай жаратқан. Олар – Тәңірдің жердегі бейнесі. Түгел түркінің сыйынатын киесі. Егер көк бөрі киесі болмаса түркілер баяғыда-ақ жер бетінен жоғалған болар еді. Сол секілді көк бөрі киесін ұмытқан күні де түріктер түркі болудан қалады. Түпкі тегінен, киесінен, рухынан айырылған жұрт дүбәрә, құл-құтанға айналады. Олардың ар-намысы азаяды. Рухы семеді. Шексіз жасиды.
Тоныкөк шошып кетті. Бір-бірімен жұлысып ойнап, зар желіп алыстап бара жатқан бөрілердің үйіріне ту сыртына қарап, үндемей отырып қалды. Әкесі де олардың қимыл-қарекетін алыстан бақылауда еді.
Сол жылы қыс ортасы болғанда, солтүстіктің қатты аязы іргеден қысқанда түнделетіп бөрілердің де қараңғы түнде көздері жұлдыздай жарқырап, мал қотандарының маңына келгені есінде. Олар құйрықтарымен шоңқия отырып, тұмсықтарын көкке білеп ұзақ-ұзақ ұлыған еді. Сонда үлкендер далаға шығып:
Жер иесі, мал киесі, көктегі Тәңір қолдай гөр! – деп әр қотан бірді-екілі нысаналы малдарын дала тағысына арнап құрбанға шалды.
Қасқырдың аузы қанамай мал құтаймас.
Бөрі жемей, тойып жемейсің! – деп шалдар жемтіктерді атпен тақымға баса сүйреп ауылдан көз көрім жерге дейін апарып тастады.
Қыстыгүні қатты ашыққан бөрілер өйтпесе қораға шабатын еді. Ашыққан арландарға қандай төбет иттер де қарсы тұра алмайтын. Осылайша әр күні әр ауылдан бірлі-жарым шығын шығып тұратын.
Қыс жайлы болған жылдары бөрілер тек қоңыр аңдармен ғана ауқаттанып, қыстан аман-есен шығатын. Тіпті болмаса қиыр оңтүстікке – Хуанхэ қолатына қарай кететін. Ол жақтан оларға өлжал көп табылатын. Бірақ бәрібір бөрілер өздерінің боз жусанды солтүстігін сүйетін. Хэси дәлізі мен Сарыөзеннің солтүстігін, Қыдырхан қиясынан Каспий қыратына дейінгі маң даланың иісін аңсайтын.
Тоныкөктің есіне ұстазы Меңүтай шора мен Қара қағанның сөйлескен сөздері оралды:
Тістеген жерде тісім, тырнаған жерде тырнағым қалды. Енді нем қалды?
Енді ін түбінде ұлыған бөлтіріктеріңіз қалды. Олардың тісі мен тырнағы енді шығып келеді.
Бәрекелді, онда сол бөлтіріктер үшін ішейік!
… … …
Ол қамыс бойра салған төсегінен атып тұрып, көне кітаптарды оқуға кірісті. Ұйықтай алмады. Алыстағы елін, түркі халқын азаттыққа шығарар жол іздеді…

Тұрсынхан Зәкенұлы facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: