|  | 

Руханият

ҚАЗАҚ..АРАБТАН..БҰРЫН..ӘЛІМСАҚТАН..МҰСЫЛМАН.. немесе Құдайдан басқа ештеме білмеген халық.

babalar
…………………………..
НЕГЕ..МҰХАМЕД..ПАҒАМБАР Мұсылман қауымна : «Түркі халқына тиспеңдер тисеңдер. Олардан жеңілесіңдер»-деп, айты ?

( Муслим 2912, Абу Дауд 4303 және ан-Насаи 6/44 ; «Сахих аль-джами’ ас-сагъир» 7426 ; Аль-Бухари 3587 жеткізген)
——————
Ана баста мұсылмандардан мықты халық жоқ ! Бетеріңе келеген жау жеңілмей қомайды деген пайғамбарымыз неге өстіп айтты екен?
- деген, сұрақ мені ойландыры жүретін және «Қай заманан мұсылмансың» – деп, сұрағанда, Қазақ неге «Әлімсақтан мұсылманмын»- деп, жауап беру керек ,сыры неде деп ойлайтынмын.
.
Жуырда бір ғылым ағамен әнгімелесіп отырып ол аға Машхүр – Жүсіп атамыздың мына бір тарихи дерегіменн танысытырды:
.
Замандардан заман өткенде, бұрынғылар өліп таусылып, қалғандарға нәубет жеткенде, «Араб жұртынан бір Мұхаммед деген батыр шығыпты!» – деп, әуезі айдай әлемге жайылып,Түркістан аймағынан, Түрік ұрпағынан, Моғол нәсілінен, «Тоқсан екі баулы Қыпшақ» атанып тұрған күнде «әр рудан біреу болса, ру түгел болмақ» десіп, тоқсан екі батыр атқа мінді дейді: «Сол Мұхаммедті барып көрелік. Батырлығы шын болса, жолдас болып жанына ерелік!» деп, мінген көліктері – ат, ұстаған қарулары – бір-бір қатқан қақ сойыл, құрғақ шөлмен жүріп барса, айтқан Мұхаммед мұнан бұрын екі соғысты өткізіп: бірінде жеңіп, бірінде жеңіліп, үшінші соғыстың үстінде тұр екен.
Жан-жақтан ереуілдеп шаң шығады екен де, шаңдатып келе жатқандар кәпірлерге қосыла береді екен. Мұсылманға үйден шыққан өздерінен басқа ешкімнің шаңы қосылмайды екен. Күншығыстан бір шаң шықты,бұл шаң кәпірлер тобына бармады. Мұсылмандарға тұп-тура келді. Араб жұрты: мінгені-түйе, көбі жаяу-жалпы, қарулары-бір-бір шолақ қылыш; мылтық, найзаны ұстап көрмеген. Ең алғаш ұрыс-төбелеске шыққанда,үш жүз он үш кісі жасаққа шыққан. Бәрінің ортасында көлігі-жетпіс түйе, екі ат, алты сауыт, сегіз қылыш, басқасының қолында тұтам тобылғыда жоқ.
Бұлар тоқсан екі батыр-тоқсан екі аттың дүсірі жерді қозғалтқандай болыпты. Бар білгені: «Мұхаммед қайсы, Мұхаммед қайсың!?» десе керек. Бұлардың тілін, не айтып, не қойғанын білер жан жоқ. «Мұхаммед анау-десек, өлтіріп тастай ма!?» деп қорықса керек. Сонда төрт жардың төбе ағасы Әубәкір ағай пайғамбардың қасына жетіп келіп:
- ‪#‎Әкем_Кәбаба__Түркістандықпыз_деуші_еді‬ (СОНДА..ӘБУ-БӘКІР..ТҮРІК) . Сол әкемнің айтуына қарағанда, бұлар Түркістан жұрты, Түрік адамдары болса керек! деген соң, Мұхаң түрік тілімен сөйлескен екен. Бұлар оқырына түсіпті:
- Өзіміз сізге ұзын құлақтан естумен асық болып біріміз оқ, біріміз жақ есепті қазылған жол, шашылған топырағыңызда болғалы келдік! – десіп, кәпірлерге қарай лап қоя шауып, дүрсе қоя берді дейді.
Жалаңаш түйе бағып, өмірінде қыл құйрықты жылқы көрмеген сорлы араб аттың дүрсілінен қорқып, үрейі ұшып, зәресі кетіп, топалаң тиген қойдай, бықбырт тиіп, жылқының жасау тезегіндей болды дейді. Бұлардың батырбасы, көкжалы-Ақкөсе. Оған таяулары – Мәлік, Ақтам, Құттықожа, Имамбайыр, Аққоян-дегендер екен. Сонда пайғамбар жарықтық шаттанғаннан:
- АЛЛА ТҮРКІ ХАЙЫР ҒЫМИН ҮММЕТІ.! – дегендігін Салманпарыс деген сақаба Әзірет сұлтанға сөйлеген екен. Қазақшасы «Түркім келді – көркім келді», деген екен.
Сонда пайғамбар бұлардан сұраған екен:
- Сіздер қай дінде боласыздар?-деп. Бұлар айтыпты:
- Біз дін-сінді білмейміз, ораза жоқ, намаз жоқ, Құдай деген жанбыз,-депті.
- «Озған пайғамбар» деген бабаларымыз осылай ұқтырған екен» десіпті.
Осындай ұғына алмаған сөзден біздің қазақ: «Озған пайғамбар ұрпағымыз» десіп те жүрді. Сөйтсе, онысы Уыз (Оғыз ) хан екен. Кигіз үйді сол Уыз хан жасатып: «Кигіз туырлықты қазақ байдың баласы, Уыз үйлі» атанып жүрді.
Сол соғыста пайғамбар шаттанып: «Әлтүркі хайыр мен үмбеті» деген екен деседі. «Менің үмбетімнің ең жақсысы түркі халқы» деген сөз дейді.
Сонан кейін бұлар қалған өмірін пайғамбар қасында өткізіп, «ансары» атанған екен. «Мұһажырын аңсары» деген қауым қыбыланың ру, тұқым аты емес. Меккеден пайғамбарды іздеп көшкендер «Мұһажырын» атанған. Пайғамбарға соғыста болысып, күш-көмек бергендер ансары атанған. «Далсабтұн алал ұллынмен әл-мұһажырын уа әл-анзар» – бәйгенің озып алдын алған «Мұһажырын мен Aнсарылар», делінген сөз.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
(шығармалар жинағы 8 том 59 бет)
———————————————————-
Осы иман күшін білген Мұхамед пайғамбарымыз әлбете: «Түркілерге тиспеңдер»- деді, себебі ол сол замандағы бабаларымыздан мұсылмандықты көріп айты.. Жылдар өткесін Түркі баласы АҚИҚАТ..дінін Алланың жіберген елшісі арқылы ораза, намазбен толықтырып Исламға ың-шыңсыз өзінің дінін Құдайдың жаршысы арқылы танып кәміл мұсылман болған деп ой түидім.
——
Бұдан қалса осы Түркі оғыландары Мұхамед пайғамбармен қауышатын заманың алдында, Түркі баласының Сақ заманындағы Алланың елшісімен тоғысқан заманына дейінгі діни ілімі, әсте орасан зор Иман қуатынан кенде емес екен. Менің сол бір тарихи деректерден тағылым алғанымнан түсінгенім біз сонау Перағауындар заманынан ары кезден «Бір құдай»- деген, халық екенбіз. Оның дәлелі

Асан Қайғы Қазына Мəлік мына бір сөзі :«Əуелі киелі Ұлы дала мен Қазығұртқа бірінші Иман түскен, бірнеше мыңдаған жылдардан соң Мекке, Мединеге Құран түскен».
—————
Абдикарим Абдимомынов аға осы бір дүниелерді тереңнен қазып, тарихи фактілермен дәлелдеп, жіберсеңіз не болмаса ежелгі тарихымызды зертеушілерге ой салсаңыз екен. Тағы бір ойға ілік болып, мынандай пайым туып отыр шірікн соныда зерттеп көрсе не жоқ, не бар қылып. Айтайын дегенім, сонау 5000 жыл бұрын Бір Құдайшылық ілімін Тигр, Ефрат өзендерінің алқабына Шумерлер жеткізген жоқпа екен деген ой. Себебі Мұса Пайғамбар 2000 жылдан кейін (яғни бізден 3000 жыл бұрын) халқын Перғауын қырсауынан шығарып алып, мұсылман қылған емеспе. Одан қалса бүгінігі заманда Олжас Сүлеймен аға бастаған топ сол Шумер қыш кітаптарынан 60 сөз ал Татар халқының ғылымдары 200 ден астам түркі сөзін аударыпты. Соның ішінде көңіл бөлелрлік сөз Тәңір екен. Біз бүгінде Алланы кейде «О Тәңіріміз»- деп, жаттамыз. Осын бәрін тоғыстра келе осындай пост жазған едім.

Qazaq Alash-ulyтің facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: