БӨЛКЕНДІК ЕСЕНҚҰЛҰЛЫ
МЕРКІТ ТЕКТЕЛГІСІ
Тілеухан МӘЖЕНИ – 1951 жылы ҚХР, Тарғабатай уәлаятының, Толы (Керей) ауданы , Майлы тауында туған. 1978 – жылы інісі Кәдірхан екеуі, Қытайдағы әсіре қызыл режімнің азаптауымен «Қара-қақпадағы » қаһарлы түнектен құтылу үшін өздері мақтаныш санйтын тарйхый отаны, Қазақ еліне қашып келді. 1990- жылға деиін Көкшетаудағы Кеңестік КГБ-ның қатаң бақылауында болып , бұл қуғыннан босаған Тілеухан дереу Алматыға келеді. Тікең, 1991 – 1997 жылдар аралығында, Қ Р мемілекеттік Мұражайында—Деректаныу маманы; Халқаралық «Түрік дұнясы » журналының әдеби қызыметкері; «Алатау» тел-арнсында «Исләм мәдениеті» Тел журналының жоба авторы һәм жүргізушісі; 1998 жылдан қайтыс болғанға дейін Халықарлық Абай қорының шығыстілдер бөлімінің жетекшісі .
БӨЛКЕНДІК ЕСЕНҚҰЛҰЛЫ
( 1845 – 1908 ж )
Ғасырлар қоинауының сан тарау соқпақтарына көз жіберсек , өтпелі дәуірдің өнегелі жадынамасынан тарихый дәлел - дәиектерімен аты аңызға айналған , Меркіт руының Лепесінен шыққан Әлдеке деген атадан тарайтын, Бөлкендік Есенқұлұлы — Қазақ Абыздары шоғырындағы өзіндік бедел – бедері айқын дара туған дарабоздардың бірі ғана емес, бірегейі болып табылатын көрнекті тұлға .
Байлығына тектілгі сай , тәрбиелі шаңырақтан өркен жәйіп өнеге алған һәм өрісі кең өнегелі – ортааның тағылімі, бөлкендікке де жастайынан жұғысты болған-ды . 17 - нші ғасырдың соңғы жылдары ел - жұрты талапты тұлегіне « жас болсаң да халайыққа бас болғын » -деп , Бөкеңді қолдап – қолқалауымен ел ісін басқарыуды қолына тапсырады .
1870 - жылдары орыспен қытай Қазақ жерін бөліп алып билей бастауы қалыптаспай тұрған Қазақ әлемі тәуелсіз заманда, кең –байтақ Қазақ даласынан жұрт жәңалаған , Мамырбек төренің қоластына қарайтын сахаралық бұқара , Майлымен Жәйірға ірге теуіп қоныстай бастаған дәуірдің өзінде – ақ ; Мамырбк төренің қол астына қарайтын жеті зәңгілік (болыстық деңгейдегі әкімшілік құрылым ) іргелі рулар «Керейдің үш босағасы » аталған ел басқарудың үш кісіден құрам тапқан « ақылдстар алқасының » үш беделды тұлғаның ( Мамырбек – төре Көгедаев , Көбен , Бөлкендік) бірі Бөлкендікті сол дәуірден бастап, байлығымен әділдігі, ақыл - прарасатына шешенндігі сай Бөлкендікті, халық болып қауым болып « Керейдің ұйтқысы» деп таный бастайды . Бөкеңнің адамдар арасндағы сыпайылығы, мінез құлқы әр алуан адамдармен үйлесімді қарым қатынас жасай отырып , қол астыедағы қауыммен дұрыс тіл табыса білетін елжарастық өнегесі туралы бұрынғырардан бізге жеткен өнегелі өмір салты өте мол – ақ . Сол аңыз рауяттардың бірінде , Шәучектің « Жамбыл» деп аталатын мәртебелі ұлық - Губернаторларының бірінің жұыс бабыпдағы шақырыумен түнқатып жолға шыққан Бөлкендікті , даланың баукеспе ұры - қарақшылар, Бөкеңнің астындағы сұліктей сұлыу жорға атын ,үстіндегі 30 біиенің құнына тұратын құндыз кұскен алтын – кемерлі тон –ішігін , әмян толы алтын күміс ақшасын, құны ат қосақтаған атан- түйелік саптамасына дейін сыпыра тонаған жырынды топ көп ұзамай қолға түсіп , Бөлкендіктің алдына әкелінеді . Сонда алдына айдалып келген қылмысты тоқа әзілге шаптырған ақжарқын күлкісімен « Уа жігіттер, ел аман жұрт тынышта бұларыңа жол болсын ! Мен сендерге қаймал жетектеген қатын емеспін – ғой , Ойдайт дегенің ! іргелі елдің
— 2 —
пілдей Зәңгісін түн жамылып тонғндарың кісілікке жатпайды-ғой , Онанда маған келіп , жөн жосықтарыңды айтсаңдар , өз қолымен қажеттеріңді берер едім –ау , бұдан былай ұрлық түбі – қорлық , тону түбі – топастық екенін біліп , жәйін жатқан жалпақ елді шулатпай тек жүріңдер» – деп ұрыларға кешірім жасап, босатып қоя берген екен . / Бөлкендік ел басқарған тұста ; Жер дауы , жесір дауы , тағдырға тағат сұрайтын құн дауын ақыл парасатпен айғай шусыз һәм әр тарапты «мақұл» ете білетін шебер де әділ қазылық арқылы шеше білгені туралы ел ішіне аңыз болған әңгімелерде жетерлік . Бөлкендік өз дәуірінің тамырын ұстап ағайын туыс , бала – шағаның тіршілік тынысын барлай білетін көріпкел сыншы кісі екен . Бөкеңнің батасын алып бағы жанған ел азаматтарымен тұқым жұрағаты да бір талай аңызбен ақйқаттың сорабынан соны хикаялар мол -ақ .
Өмірде түйгенімен тындырғаны мол Бөкең Жидемен Жеті – обаны қоныс етіп, Жиденің құнарлы алқабына бидаймен тары егіп, қалайықтың нан молшылығын жасап , Меркітті төрт тұрманы түгел өрісі малға толы дәулеті дөңгелеген қауымға айналдырады . халқына Алланың хақ дінін уағыз етіп , Ырздықпен берекені татыулықпен қайырымдылықты ел жұртының санасына сіңіріп , Келгенбай молланы алыстан шақырып әкеліп , Меркіт азаматтарын « Иман шарттан» сауаты ашық қауымға айналдырып , Қазақ тарихының айтыулы жаңалығы Лабадан жаңа заманға сай мектеп ашып, еліне Білімнен шырақ жағады. Ел жұртын дөңгелек дәулетті іргесі бүтін ынтымағы жарасқан ауыл – аймаққа айналдырады .
« Ер қадырын әр қашан елі білгендіктен » әр қашан ауыз бірлігі бар берекелі ағайын « Ет жақсысы қарта еді , негізіне тартады» деген аталы сөзді ада еткен бүгінгі Меркіттер , Ата — бабаларының тарх қойнауынан жеткен өнегелі өмірін ардақтай отырып, , Майлымен Жәйірдің төрт тарапына толықсып өскен; Барлық бауарайын ендей көктеп , Шағантоғаймен Құлыстай шегіне деиін өркендеген Сүйектес ағайын, қандас бауырлар 2006 жылы ЖЕТІӨБАДАҒЫ Бөлкендік хажының соолақай сотқарлар заманында көп жыл қараусыдау қалған қасиетті зират — қабірстанын қайтадан жөндеп , ғасырлар қойнауынан халқына қадырлы Керей – Найманның берекелі қауымы, шүбырып келіп дұға өқып тәу ететін осы бір киелі беиітті ,ел жұрт ұрпағы бас қосып , Бөлкендік сынды көренкті қоғам қайраткерін ел жадынан шығармау мақсатында Жетіөбаның тархый кесенесін қайта тұрғызды. Меркіт балалары Бөлкендік бабамен Қарабураның Мұқырындағы « Меркіттер қабырстанында » жақан Байақын – Абыз қатарлы Ата- баба рухына «Құран Хатым » түсіріп, Тарбағатай өңіріндегі отандас қауымға ұлы –жіңгір үлкен АС берді .
kerey.kz
Пікір қалдыру