|  | 

Тарих

Тірідей сойылған қазақтың қасіреті

kesik bas tiri tulip

1912 -жылы Алтайды ата- мекен көне баба жеріміз деп, мекендеп жатқан Керей қазақтарына мәңгілік қасыретты оқиға туылды. Адамды ата салу, аса салу, ұрып өлтіру,әр түрлі тәсілмен зорлап өлтіру бер жағы екен. Адамды етінен тірідей терісін сыпырып тұлып жасап, іреп сойып өлтіру оқиғасы туылды.

Моңғол елінің сол кездегі билеушісі Боғдыханнаа (дын басы тегі тибеттік) Моңғоляның ең батыс аймақтарын реттеуші, арнайы өкіл рұқсатын алған Дамбийжансан (жендет) Алтай тауларына келіп сондағы мекендеп жатқан Қобда бетіндегі қазақтарды шекарадан ұзаққа, яғни моңғолдың ішіне қарай көшіріп апарсақ, бұл қазақтарды билеуге де қолайлы, болып ойыңа келгенді істеуге де таптырмас орай деп ойлайды. Моңғолды билеген дін басшыларына қазақтар шекараның арғы, бергі жағынада көшіп қонып еркін жүр, кейбір ауылдары сол кездегі қытайды билеген чиң патшалығынан шен- шекпен алған ел билеушілеріде бар, сондықтан кей қазақты ішкері көшірсек, қытай жағынан қауіп жоқ дейді. Қазақтарды билеуге де қолайлы деп сендіреді.

Кейін мылтық, сайман көмегін алып бес жүз әскерімен қазақ ауылдарын бірінен кейін бірін басып алып, топтастырып Дорвод далайханың дамби өлеттің хошунына (елді-мекен) қарай зорлықпен көшіріп айдай бастайды. Қазақ керейлері қашанда еркіндікті аңсаған, өз дегені болмаса өзгеге жөп- жөкім бас иген бе? Кейбірі қарсыласамыз деп тұяғы қалмай қырылып жатты, олар қарсыласқан сайын тісін батыра түсті. Сол кездегі моңғол қазақтарынан ел билеген билердің бірі шеруші руының Қылаң бастаған топ айдауға өз еріктерімен қосылады. Алайда Дамбийжансынға сол қазақтардың қарсыласы қатты соққы болды. Бес жүз әскермен шайқасып, үш жүзі ғана қалды. Кейін ол айуандық әрекетке көше бастайды. Қарсыласқан адамды қойып, малына дейін қырыңдар, аямаңдар- деген тапсырма береді
Сонымен Дамбижансының бір топ әскері Қарақас рулы Ақынбектің ауылында көшіре бастайды. Жастарын аямады ұрып- соғып кемпір шалдарды да тез жүрмедің деп таяқтың астына алады, міне соны көріп қатты қорланған Ақынбек қолына 12 таспа қамшысын алып әскерлерге қарсы ұмтылады, олар қамшымен бұның қолынан не келеді -деп таяп келген 4 әскерді ап- сәтте- ақ қамшымен бір-бір ұрып сеспей қатырады, қанышер әскерлер кірпіктерінде қозғай алмай жан тәсіл етеді. Қалған әскерлер естерін тез жыиып алыстан шалма лақтырып ұстамақ болғанда қолынан қамшысын тыстамаған Рыс тағыда арпалысып жүріп 2 әскерді ұрып өлтірді. Сол кезде топ басшысы Ақынбекті аяғынан атып есеңгіретіп барып, топ әскер қаумалап жүріп ұстап байлады.
Бұл хабарды естісімен Дамбийжанцан қарсыласқан жігітті ауылының алдында тірідей терісін сыпырыңдар-деп бұйырады. Біраздан қазақтың арыстандай азаматы қолындағы қамшысын қасарсып қысқан қалпы тұлып боп етінен терісі тірідей айырылып, сыпырылады. Енді қарсыласқандарыңды осылайша соя берем деп елді қорқытып айдау үшін теріні адамша кептіріп тұлып жасап, босағасына іліп қояды.
Блог – KhanagatNurbol: Жалама айдаған жылдар. Сойылған қазақ.
… Дамбижансынның тағы бір жауыздығы сол кезде қазақтармен бірге моңғолдың ұсақ руларының бірі уранхай ұлтімен қазақтардан 15 бойжеткенді тартып алып байларға тарту етіп әскер және қару алмақ болады. Бірақ жолда сырқаттанып қалғандықтан бақсы -бәлгердің әйтуімен ең сұлу қыз деген уранхай ұлтының қызының басын шаптырып соның қанына қолын малып тұмауынан айығудың жорағасын істеткенін күні- бүгінге дейін ақсақалдар күрсіне айтады. Ал ана 15 қызды қазақ-уранхайдың аңшы жігіттері баспалап жүріп жауыздарды бірін қалдырмай қырып барып, құтқарып қалады.
Жа лама қазақтарды батыс Моңғолиядан қуып Ресей мен Қытай жеріне тықсыра түсті. Дәл осы кезден мұсылман мен будда ара қатынастарында түйткілді мәселелер пайда бола бастады. Жа ламаның дін жолындағы ең қатал айуандығы мұсылмандарды зорлықпен пұтқа табындырудан басталды. Мұсылман діндарлары Смайл (Қалмақ) Төленбайұлы, Шыбарайғыр руының азаматтары Тұрап Кітапбайұлы (1898-1949), Мұратбай Шіңкеұлы, Ботағара Шәку руынан Арсалаң Белдемшеұлы (1865-1922) қатарлылардың басына темір ноқта салып Мүнжигтегі Шар цех пұтханасына қарай айдады. Қазақ жастарын әскер қатарына күшпен тартып, жасөспірімдерді Шивэрт күреніне (хүрээ) шавь немесе шәкірт лама дәрісіне жүгіндіріп, төбелеріне шыны төңкеріп айдар қойғызды.
Айдаған көшке кедергі болады, жүре алмайды екен- деп қырық баланы Увс өлкесіндегі Қызыл белдің үстіне қайыс арқан мен байлап қалдырып аштан ит құсқа жем қылдырып өлтірді…
Ауылды сабалап айдағанда жас балаларды тура көшке кедергі болады деп анасынан тартып алып өлтіріп отырыпты…
Әйтеу жетер жерге жетті, енді айтқандарың болсын- деп соңғы бірнеше күн еш бір кісі қарсыласпағасын өздері де шаршаған әскерлер сәл босаңсып демалуға кіріскен күні түнде барлық қазақ қопарыла әскерлерге тап берді. Кей бір жігіттер әйелше киініп алып ұйімдастырып, Көрімбәй бастаған жігіттер киіз үйдің уығынан найза істеп әскерлерді кіндігінен шаншып көкке тік көтергенде шырылдаған әскердің жан айқайы соғыстың басталу белгісі еді. Таң атқанша өздеріне тісін батырып, айуандық, зұлымдық пен айдап көшіріп келген әскердің бірін қалдырмай қырған қазақтар, таң ата келген жақтарына қайта көшіп Қобда бетіне мекендеуге аттанады. Бірақ осы жолы қазақтар үшке бөлініп, Қылаң бастаған шеруші руы маңдайдағы жазмышын тосып Алтай-Қобда бетіне барып мекендейміз деседі.
Ал Сүгірбай бастаған 300 отбасыны будда дініне кіргіземіз- деп келген 33 әскердің бірін қалдырмай қырып салды да ұлтымызды сақтау үшін қайда көш десеңде көшеміз бірақ басқа дінді қабылдамаймыз бабалардан жалғасқан исламмен қаламыз Ресеиге көшіп жан сауғалайық- деп бір тобы қазіргі Шүй, Қос-ағаш қазақтарына, кезіндегі найман руына барып паналайды.
Қылаңмен ерген топтың жартысы Шинжяңға көше кетеді. Ал Қылаң тобы Қобда бетіне келген соң моңғолдың астанасына дін басы ел билеушісі Богдханға болған жәйді баяндап хат жолдайды. Өздерінің моңғол еліне деген адалдықтарын білдірді, және болған оқиғаны дұрыс түсінуге тырысуын өтініп, сол кездегі бар қазақтың атынан Қобдадағы орыс консулі арқылы хат жібереді.
Бұл оқиға болған жер моңғолдың батыс аймағының бірі Увс жеріндегі *өрөг нуур*- деген жер еді. Яғни қазақша Өрікті көл. Сол айдалған жұртпен бірге болған барын өз көзімен көрген шеруші руының күйшісі Сеиітжән бұл көл Өрікті көл емес “өлікті көл” болды, сондықтан естен кетпес қасыретті ұрпағымыз мәңгілік ұмытпай сабақ ала жүрсін деп *Өрікті көл *күйін шығарған еді. Ал шеруші руының батыры Қылаңның арман мақсаты орындалып моңғолядағы қазақтар жеке ұлттық аймақ боп орнап сондағы аз қазақтың арыстай ұлдары мен қыздары ұзақ жылдардың қатал тағдырдың сынағынан аман өтіп бір ел болып бейбіт өмір сүруде.
Ал Қылаң шинжяңдағы қалың малды, манжурға бағынушы адамды моңғолға бағындырып әкетіп, манжу билігінен бас тартқандықтан манжу әкімшілігі артына түсіп тіміскілеп жүріп не бір тыңшы, қанышер жауыздарын жіберіп жүріп Қылаңның басын шапқызған еді…

massaget.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: