|  |  | 

Тарих Қазақ хандығына 550 жыл

Нығмет мыңжан: қытайдағы қазақ халқы

қорымның төбесіне шығатын даңғара жолНығмет мыңжан: қытайдағы қазақ халқы

1980-жылы жазылған мақала

нығымет мыңжани жолдастың бұл еңбегі қазақ халқының тарихи өмірін ханзу халқына, тағы басқа ұлттарға таныстыру мақсатында 1980 – жылы жазылған болатын. кейінгі кезде ханзу тіліне аударылып, «шинжяң қоғамдық ғылымы зерттеу» журналында жаряланған.

бұл еңбекте қазақ халқының тарихы, әдет – ғұрпы, мәдениеті, шаруашылық күйі, әсемөнері, т.б. ықшамды баяндалған. көп жәйттер оқырмандарымызға түсінікті бола тұрса да, кейінгі қауымдарымызға сауаттық көмегі болар деген үмітте жаряланып отыр.

қазақ халқының тайхи жағдайы жәйіндә

 қазақ − ұзақ тарихы бар ұлт. қазақ халқы – ерте заманда орта азяны мекен еткен түркі тілдес ру – тайпалар мен тайпалық одақтардан құралған, олар: үйсін, қаңлы, дулат, жалайыр, арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ, алшын, қарлық, сары үйсін  (түркеш) , тағы басқалар.

ежелгі грек авторлары мен парсының сына жазу естеліктерінің баяндауына қарағанда: заманымызға дейінгі 4-7 – ғасырда орта азяда «сақ» деп аталғна көшпенді тайпалар жасаған. осы сақтардың «шошақ төбелі тымақ киетін сақ»  («Tigarahawd sak»)  деп аталған бір бөлімінің негізгі өріс – қоныс– іле алқабы мен жетісу өңірі болған.

заманымызға дейінгі 3- ғасырларда, бұрын сақтар мекендеген жерлерде үш ірі тайпалық одақ жарыққа шыққан, бұлар: үйсіндердің, қаңлылардың және янсалардың  (аландардың яки алшындардың)  тайпалық одақтары еді. бұл одақтардың құрылуына байланысты бұрын бұл өңірді мекен еткен сақ тайпалары осы одақтарға қатнасып, солардың атымен аталатын болды. еліміздің ежелгі «хан жылнамасында»: «…үйсіндердің ішінде сақтар да, ұлы иүзілер де бар»① деп жазылған.

қазақ халқының арғы тегі болған ежелгі үйсіндер, еліміздің орта ойпатымен қоян қолтық саяси, ықтысади және мәдени қарым – қатынас жасаған. жүңгөнің тарихи деректерінде баяндалуына қарағанда, үйсіндер батыс хан дәуірінде тяншанның теріскейіндегі ең күшті ел еді. «үйсін елінің жан саны 120 мың түтін, 630 мың адам, 188 мың 800 атты аскеры болған»② бұл өз заманының тұрғысымен өлшегенде орасан үлкен күш еді. сондықтан да хан династясының патшасы хан уди үйсіндермен одақ жасасып ортақ жауға қарсы күрес жүргізуге мейлінше мән берген. сөйтіп, бұлар батыс және шығыс хан дәуірлерінде 400 жылдық тату – тәтті достық қарым – қатынас орнатқан. батыс пен шығыс арасындағы «ұлы жібек жолын» ашуға және қорғауға үлкен үлес қосқан.

Altaydagi Qazaq rulari kereylerқазақ тайпалары 8-9- ғасырларда батыс түріктің құрамында болды. батыс түріктің негізгі орталығы жетісу еді. оған қараған негізгі халық – үйсін, қаңлы, дулат, нүшбе, қарлық, түркеш, тағы басқалар болды. 8- ғасырда батыс түріктің үстемдігі құлады, 8-,10- ғасырларда қазақ тайпаларына түркеш және қарлық аскери феөдәл шонжарлары үстемдік етті. түркештер мен қарлықтардың негізгі орталығы да «үйсіндердің ата мекені»- іле алқабы мен жетісу болды. міне осы дәуірде қазақ тайпалары өз алдына жеке халық болып қалыптаса бастады. «қазақ» аты да осы кезде шықты. қазақ халқының қалыптасуына ежелгі үйсін, қаңлы, аландар одағы ұйтқы болды. бұған кейінгі дәуірлерде шығыс жақтан дулаттар, қарлықтар, түркештер, қыпшақтар, арғындар, керейлер, наймандар, қоңыраттар, тағы басқалар келіп қосылып жатты. тегінде бұл тайпалардың нәсілдік тегі, тілі, әдет – ғұрпы, мәдениет формасы бірі – біріне өте жақын еді. олардың қоғамдық құрылысы − феодалдық құрылыс, ықтысады – көшпелі мал шаруашылығы болды. оларр мекендеген негізгі территөря, үйсіндердің ата мекені − іле алқабы мен жетісу өңірі болды. олар біркілкі қоғамдық құрылыс, ықтысади тұрмыс жағдайында ұзақ тарихи дамуды басынан кешіре отырып, табиғи түрде, арғы шығу тгінің жалпы заңдылықтары бойынша қазақ халқын қалыптастырды. қазыргы қазақ халқының құрамында үйсін, қаңлы, дулат, жалайыр, арғын, найман, керей, уақ, алшын, қарлық  (қарпық) , сары үйсін  (түркеш) , тағы басқа тайпалар бар.

бұлардың аттары күні бүгінге дейін сақталып отыр. шинжяңның іле аймағында үйсін тайпасының албан және суан деп аталатын рулары жасайды. іле аймағында «үйсін тауы» деген тау бар. бұл – сонау батыс хан дәуірінде үйсін елі мекен еткен тау. қазақ халқы 10- 11-ғасырларда қараханылардың құрамына кірді. 12- ғасырда кедендер  (қарақытайлар)  құрған батыс ляудың қарауында болды. 13- ғасырдағы шығыс хан дәуірінде қазақтардың көпшілігі ертістен еділге созылған қыпшақ ұлысы – алтын орданың қарауында, енді бір бөлегі шағатай ұлысының қарауында болды. алтын орданың үстемдігі шайқалып ыдырай бастағанда, қазақтар алтын ордадан бөлінген ақ орданың қол астында болды, кейін ақ орда өз ішінен «ноғай одағы» және «өзбек хандығы» деп екіге бөлінді. осы кезде 1456 – жылы жәнібек пен керей бастаған қазақтар өзбек ханы абылқайырға қарсы шығып, шығысқа қарай көшіп келіп, шу өзені мен талас өзенінің алқабында қазақ хандығын құрды. осыдан кейін бұрын ноғай одағының қол астына қараған. көшімнің сібер хандығының қарауында болған және моғұлыстанда болған қазақтар арт – артынан көшіп келіп қазақ хандығына қосылды. сөйтіп, қазақ халқының өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысы аяқталды.

«қазақ» деген аттың әйгілі болуының да біршәмә ұзақ тарихы бар. еліміздің хан династясы дәуірінде арал теңізінің сөлтүстіеі мен батысындағы аландар «янсай» деп аталған. бұдан кейінгі дәуірлерде бұлар «хаса», «гісә», «аса», «кісә» деп аталып келген. парсы жұртының 10- ғасырда өмір сүрген атақты ақыны абылқасым фердәуси өзінің әлемге әйгілі «шаһнама» атты дастанында осы арал теңізінің сөлтүстігі мен батысындағы көшпелі елді «қазақ» және «қазақ хандығы» деп атаған. олардың көп санды және күшті ел екенін айтып, ердәнді қорқытпақ болған. Ⅹ ғасырдағы уизантяның патшасы көнстәнтин форпиродын кубән өзенінен шығысқа қарай мекендеген қалың қыпшақты «қазқя» деп атаған. бұл фәктілер, жүңгө тарихындағы «янсай», «хаса», «аса», «кісә» деген атаулардың «қазақ» деген сөздің сол кездегі ханзуша дыбысталуы екендігін дәлелдейді.

әйгілі тарихшы, етнөгрәф, тіл ғалымы а. уәмбери өзінің 1885 – жылы неміс тілінде шыққан «түрік халықтарының етнөлөгясі және етнөгрәфясі» деген кітәбіндә «қазақ» деген аттың 11 -10- ғасырларда ел таныған әлемге әйгілі халықтың аты болғанын айтып, оны тарихи деректермен дәлелдеген.

арап жазушысы және саяхатшысы мұхаммед – әл – ауфи өзінің 1228 – жылы индяда жазған: «таңғажәйып ертегілер мен аңыздар жинағы» атты еңбегінде былай дейді: «қарлықтар бұрын алтай тауын мекен етіп, тоғыз оғызға қараған, олар тоғыз ұлыс болған, бұлардың ішінде үш тайпалы чығыл және үш ұлыс қазақ бар еді».

қарлықтар 766 – жылы жетісу өңіріндегі түркештердің үстемдігін құлатып, үйсін, қаңлы, дулат сяқты қазақ тайпаларын бағындырып қарлық қағандығын құрған еді. жоғарыда осы тарихи оқиға айтылып отыр. міне бұл «қазақ» деген аттың 8- ғасырдан бұрын бар екендігін дәлелдейді. мұнда «үш ұлыс қазақ» деп қазақтың «үш жүзі» айтылып отырған болуға тиыс.

жоғарыдағы жазба деректер «қазақ» деген атау тек 15- ғасырда ғана жарыққа шыққан деген пікірлердің жетпей айтылған шалағай тұжырым екенін дәлелдейді. 1723 – жылы қазақтар жұңғар феөдәлдәрінің шапқыншылығына ұшырап «ақтабан шұбырынды» болды. жүңгөнің чиң династясының жұңғар феөдәлдәрінің бүліншілігін тыныштандыру қимылын сол кездегі қазақтардың ханы абылай белсене қолдап көмектесті. жоңғар феөдәлдәрінің бүліншілігі тыныштандырылғаннан кейін 1757 – жылы қазақ ханы абылай жүңгө үкіметіне бағынды. жүңгө үкіметінің грәмөтәсін, жүңгө кәлендәрін қабылдады. бұрын жұңғар феөдәлдәрінің шапқыншылығынан батысқа ығысып кеткен қазақтар қайта шығысқа келіп, өздерінің ата мекендеріне қоныстанды. еліміздегі қазақ халқы, шинжяңдағы туысқан халықтармен тізе қоса отырып өздерінің азаттығы жолында кертәртпә үстемдікке қарсы үздіксіз күрес жүргізіп келді. 1944 – жылы іле, алтай, тарбағатай аймақтарында гөминдәң кертәртпә үстемдігі құлатылып, қазыргы іле қазақ автономялы облысы мен бұратала моңғұл облысында  (ол кезде ол ілеге қарайтын)  азат район ашып, халық үкіметін құрған еді. 1949 – жылы күзде жүңгө көммунистік партясының басшылығында, шинжяң бейбіт жолмен азат болып, қазақ халқы азаттыққа қол жеткізді. 1954 – жылы қазақтар жиы қоныстанған орындарда ұлттық аумақтық автономя жүзге асырылды. осы жылы 25 – январда чиңхайда хайши моңғұл, тибет, қазақ автономялы облысы құрылды. 27 – әпрелде гәнсудә ақсай қазақ автономялы ауданы құрылды. 17- юлде шинжяңда мори қазақ автономялы ауданы құрылды. 30 – сентәбрде шинжяңда бәркөл қазақ автономялы ауданы құрылды. 29 – нөябрде шинжяңда іле қазақ автономялы облысы құрылды. қазақ халқы автономялы ұқығын жүзеге асырып, өз ісіне өзі қожа болды. 49GiMF7xQCU

қазақтың тіл – жазуы жәйіндә

қазақ тілі — түркі тілдері семясінің қыпшақ тармағына жатады. қазақ тілі қазақ жерін ерте заманнан мекен еткен өздерінің тегі жағынан біріне – бірі жақын тұратын қаңлы, үйсін, қыпшақ, арғын, найман, керей, алшын, тағы басқа тайпалардың тілдері негізінде қалыптасқан.

қазақ халқы 6-8- ғасырларда ежелгі түрік жазуын  (орхон – енесей жазуын)  8- ғасырдан кейін ежелгі ұйғұр жазуын қолданған.

10 – ғасырдан кейін орта азяға ісләм діні кіре бастады. ісләм дінінің кіруіне байланысты араб жазуы жалпыласты. қазақ халқы да араб жазуын қабылдады.

алайда ескі араб жазуының қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне үйлеспейтін жерлері көп еді. ескі араб әлфәвитіндегі екі – ақ дауысты дыбыс  («а» мен «о»)  қазақ тіліндегі тоғыз дауысты дыбысты бейнелеп бере алмады. оның үстіне араб әлфәвитінде қазақ тілінде, жоқ хс, хы, ха,خа, خ, خ, خ» сяқты бірнеше ٴарып бар еді, жазудың тіл дыбысына үйлеспеуі, оқу мен жазуды қиындатты, халықтың сауаттылық дәрежесі томен болды, сөйтіп ескі араб жазуына озгерыс енгізу қажет болды.

20 – ғасырдың бастарында ескі араб жазуына озгерыс енгізіліп, араб әрпі негізіндегі қазақтың жаңа жазу жасалды. бұл жазу бұрынғы араб жазуына қарағанда көп оңай болды және қазақ тілінің өзгешелігіне үйлесті, қазақ халқының мәдени – ағарту істерін ылгерілетуде үлкен рол атқарды. гәзет – журналдарда, кітәптәрдә және мектеп оқулықтарында жарты ғасырдан артық уақыт осы жазу қолданылып келеді.

шинжяңда қазақ тілінде төрт гәзет шығады, қазақша «шинжяң гәзеті», іле гәзеті, «тарбағатай гәзеті», «алтай гәзеті», қазақша кітәп шығаратын баспалар бижиң ұлттар баспасы, шинжяң халық баспасы, іле халық баспасы, шинжяң оқу – ағарту баспасы, шинжяң денсаулық сақтау баспасы. бижіңде қазан тілінде «қызылту журналы», «ұлттар журналы» шығады. шинжяңда «шұғыла», «шалғын», «іле айдыны», «алтай аясы», «тарбағатай» сяқты әдеби журналдар шығады. орталық радио стансясы және шинжяң халық радио стансясы қазақ тілінде хабар таратады.

еліміздегі қазақтардың шаруашылық өмірі

еліміздегі қазақ халқының жалпы жан саны бір миллион шамасында, қазақ халқы тяншан тауының сөлтүстігіндегі іле қазақ автономялы облысында, бәркөл қазақ автономялы ауданында. санжы хұйзу автономялы облысында, гәнсу өлкесінің ақсай қазақ автономялы ауданында қоныстанған.

қазақ ұлтының негізгі мекені − шинжяңның сөлтүстік жағы, табиғаты таңғажәйып көркем, суы шүт, топырағы май, тасы алтын, құнарлы құтты қоныс. айналаsын алып асқар таулар – алтайдың, тяншанның, тарбағатайдың қарлы шыңдары қоршаған жұңғар ойпаты мен іле ойпаты сөлтүстік шинжяңның «астық қамбасы», «жеміс бақшасы», «кен қоймасы», «мал ырысы», «мұнай теңізі» деген даңқпен әлемге әйгілі болған. жұңғар ойпатында он екі тараудан тоғысқан әйгілі ертіс өзені, манас және еміл өзені ағады. іле ойпатында текес, қас, күнес өзендерінен құралғна әйгілі іле өзені бар. тяншан, алтай тауларының асқарындағы қалың қар мен мәңгі мұздар жаздың шіліңгір ыстық кезінде ериді де, әдеттегі өзендер мен жылғаларды тасытып, сай – саланың барлығы ағыл – тегіл өзенге айналып, бүкіл ойпаттың кенезесін кенелтіп, оны өңірі балбыраған егістікке, мәуесі салбыраған бау – бақшаға, гүл бәйшешек – балаусасы масатыдай құлпырған жәйілім – жәйлауға айналдырады. ойпаттың айналаsын қоршаған таулар – ауасы таза әрі салқын, шөбі шүйгін, суы тұнық тамаша жәйләуләр. бұл, малдың тойынуы, төлдің жетілуі үшін қажетты де қолайлы жағдайлар жасайды. өзен жағалары мен тау сағалары және адырлар, ауа райы жылы, жері түңкелі, малға жәйлі қыстаулықтар болып келеді. жұңғар ойпатындағы құмдар күзгі жаңбырдан соң қайта көктейді де, қыста мал отарлатуға қолайлы қонысқа айналады. шинжяңдағы қазақтар мекенденген сөлтүстік бөлегінің ықылымы жалып алғанда қыста нөлден томен ℃20, жаздан нөлден жоғары ℃20 шамасында, жыл бойына орташа темперәтурәсі нөлден жоғары ℃5 шамасында болады. бұл жерлер әрі егіншілікке, әрі мал шаруашылығына қолайлы келеді.

қазақ халқы мал шаруашылығымен де, егіншілік кәсібімен де шұғылданады. қазақ мекендеген райондарда егілетін басты ауыл шаруашылық дақылдары: бидай, арпа, тары, жұгеры, күріш, гәуляң, кәртөпя؛ шаруашылық дақылдары: зығыр, темекі, қызылша, әр алуан жемістер. бұл жөнінде іле ойпаты «сөлтүстік шинжяңның астық қамбасы», «жеміс бақшасы» делінеді.

мал шаруашылығы – қазақ халқының ата кәсібі. қазақтардың төрт түлігі – қой, жылқы, сиыр және түйе. осы төрт түліктің ұйтқысы қой. сондықтан, «қойлы бай – қорлы бай» дейді қазақ. шинжяң «бязы жүнді қой» деген атпен елімізге әйгілі болған. асыл тұқымды қой, ең алғашында қазақ автономялы облысының іле аймағында өсірілген.

қазақ халқының орыс, қонысы болған алтай, тяншан және тарбағатай таулары өзінің мол орман байлығымен даңқы шыққан, бұл өңірде тяншанның самырсыны, алтайдың қарағайлары мен ақ қайыңы сяқты ағаш байлықтары бар.

қазақ халқы мекендеген жерлерде тәбиғаттың таусылмас кені – сан алуан аң – құстар бар. бұлардың бастылары: қара құйрық, тау ешкі, арқар, бұғы, елік, бөкен, құлан, қодас, аю, қасқыр, түлкі, қабылан, сілеусін, бұлғын, сусар, тиын, құндыз, суыр, мәлын,қаз, үйрек, қырғауыл, ұлар, құр, т.б. ER-JANIBEK-200x150

ертіс пен іледе, тағы басқа өзендер мен үліңгір сяқты көлдер де сан алуан балықтар бар. бұлардың ішінде іленің сазаны, ертіс пен үліңгірдегі бекре, қызыл балық және қара балықтары атақты.

іле қазақ автономялы облысы – жер асты қазба байлығы мол құнарлы қоныс. онда көмір, темір, алтын, күміс, тұз, звест, шырымтал және түсті метәл мен сирек кездесетін метәлдің сан алуаны табылады. жұртқа әйгілі қарамайлы, орқы мұнай алқабы және майтау мұнай алқабы осы іле қазақ автономялы облысында.

қазыргы қазақ халқы мал шаруашылығын негіз, егіншілікті қосымша етеді. бұл жөнінде халық үкіметі нақты орналастырулар жасап отыр.

қазақ халқының тұрмыс – салты

үй – жәйі.

қазақ елінің отыратын қоныстары жылдың 4 мезгіліне қарай қыстау, көктеу, жәйләу, күзеу деп төртке бөлінеді. әдетте көктеу мен күзеу бір орында болады. ал олар қыстауда құйма кесектен немесе соқпа тамнан жасалған үйлерде, орманды өңірлерде, ағаш үйлерде қыстайды. жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйде отырады. бірнеше үй бір ауыл есептеледі. ауыл дегеніміз бір атадан таралған бірнеше туыстас семяләрдің тобы. олардың өріс – қонысы бір болады. шаруашылықты бірлесіп жүргізіп, бірге көшіп – қонып отырады. киіз үй – көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. оның қабырғасы айқыш – ұйқыш сағанақтардан көктелген керегеден тұрғызылады. әдетте кереге екі түрлі болады. оның бір: кең көзді кереге – «жел көз» деп аталады. бұл артуға жеңіл, бірақ желге төзімсіздеу келеді, екіншісі: тәркөзді кереге – «тор көз» деп аталады. бұл артуға ауырлау болғанымен желге төзімді келеді. кереге жиылмалы болып бөлек – бөлек қанаттан жасалады. керегеден жоғары қарны иілген сидам жіңішке ағаштан жұмырлап жасалған уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады. уықтардың аяғы керегенің аша басына айқастырыла байланып, қаламы  (ұшы)  шаңырақтың көзіне шаншылады. шаңырақ үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып өрнек түсіріліп тоқылған шым ши ұсталады. кереге уықтар әр алуан бояулы жүннен өрнектеліп тоқылған терме бау, құр және басқұрлармен бекітіледі. үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері – қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түңілік жабылады. бұл туырлық, үзік, түңіліктер тоқылған немесе есілген бау – шулар арқылы ұстастырылады. әдеттегі шаруалардың киіз үйлері төрт қанат, байлардың үйі алты қанат болады. ал сегіз қанат, он екі қанат ордалар ерте кезде ірі феөдәл хан, сұлтандарда ғана болған, ол «ақ орда» деп аталған.

киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр, ені сексен сәнтиметр шамалы болады. оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық» деп аталатын жарма есік орнатылады, сықырлауықтың сыртына ораулы шимен тоқып оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі. үйдің ортасында тамақ асатын ошағы  (тағаны)  яки дөңгелек темір меш болады, үйдің оң жағында төсек, оның тұсына кестелі оюланған түскиіз тартылып, төсекті қоршап шымылдық құрылады. үйдің төріне жүк аяқ қойылып, оның үстіне абдыра, көрпе – жастық, тағы басқа жүктер жиналады. сол жаққа кебеже, қазан, ыдыс – аяқ қойылып, олар шыптамен қоршалады.

әл – ауқаты жақсы семяләрдің үйлері сәнді келеді, үй ішіне түрлі бұлдан оюланған тегерыш, туырлық қасы ұсталып, керегеге кілемдер мен түскиіздер тартылады. үй тағанына оюлы от киіз, сырмақ, текемет және кілем – кілшелер төселеді. бұрынғы кезде аса бай семяләрдің үйлерінің кереге, уықтары сырланып оюлы сүйектермен безелген немесе күміс құймалармен құймаланған. келінге арнап көтерілген үй «отау» деп аталады. бұл отаудың барлық жасау – жиһазы жаңадан жасалады, оның іші – сырты түгелдей ою – өрнек кестелермен көркемделіп, той күндері осы отау ішіне ұзатылатын қызға арналған барлық киім – кешек, жасау – жиһаз түгел жәйіліп, жәйнәп көз тартады. бұл бейне қазақ халқының ісімерлік өнері мен ою – өрнек кестелерінің көрмесі тәрізді.

ескі қоғамда кедейлердің киіз үйі өте жұпыны болды, бұл «қараша үй» деп аталды. өте кедей жалшыларда тек бірнеше уық пен шаңырақтан құралған шанышпа қара қос қана болды. азаттықтан кейін бұл жағдай жақсарып қазақ еңбекшілері жаппай сәулетті ақ үй көтерді. талай ғасырлық көшпенді тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым – сызынан, жауын – шәшін мен жел – бораннан сақтануға ыңғайлы әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші – қонға қолайлы келеді. оны отыз минутта жығып артуға да, көліктен түсіріп тігіп алуға да болады.

қазақ шаруаларының биылғы жылдың күз аяғынан келесі жылдың көктеміне дейін  (нөябрден мартқа дейін)  жарты жылға таяу отыратын біршәмә тұрақты қонысы «қыстау» деп аталады. әдетте қыстау ықтасын жерлерге, өзен бойларына, шөбі шүйгін, суы мол, отынды, түңкелі жерлерге салынады. қыстаудағы үйлердің жағдайы сол өңірдің жағралялық, жаратылыстық жағдайларына және ауа райына байланысты болады. қалың орманды өңірлерде ағаштан, орманы аз жерлерде құйма кірпіштен, тастан немесе соқпа дауалдан салынады. бұл үйлерٴ торт бұрышты, текше төбелі болады. үй ішіне темір немесе балшық меш орнатылады. бұл үйлермен қатар ерте заманнан келе жатқан «шошала» деп аталатын шошақ төбелі үйлер болады. шошаланың құрылысы қаақтың киіз үйіне ұқсайды, оның табаны дөңгелек яки көп қабырғалы болады, керегесі тастан немесе құйма кірпіштен екі жарым метр биіктікте қаланып, үстіне уық тәрізді тарам – тарам сырғауылдар көлбей шаншылып, күмбез тәрізді қаусырылады, сырғауылдардың түбі тастан не кірпіштен жиналған керегеге тіреліп ұшы төбесіндегі шаңыраққа таңылады да, сыртына тоқылған қамыс және шыбық жабылып оның сырты балшықпен сыланады, ішіне төрт яки алты арыс қойылып тіреу тіреледі. шошаланың ортасына ашық жағылған оттың түтіні шаңырақтан шығады. қыста осы шошалада тамақ пысырылады және соғымның еті арыстарға асылып сүріленеді.

қыстаудағы тұрғын үйлердің қасында тастан қаланған, соқпа дауалдан салынған яки шыбық шарбақтан тоқылған мал қоралары болады. оның маңында қыстық пішен жиналған маялар тұрады. ауланың ортасында мініс көліктерін байлайтын дерен – діңгек, ат ағаштар орнатылады. 1625675_701881669902823_1834703720553614873_n

киім – кешек.

қазақтар қысқы киімді әр алуан теріден, жазғы киімді бұлдан тігеді. өйткені қазақтың қысқы киімі жылулықты, жазғы киімі сұлулықты шарт етеді. еркектер ақ бұлдан кең жейде, дамбал, оның сыртына мешпет, кәмзөл, онан соң түрлі үлгілі шапан киеді. ерлердің қысқы киімі қойдың немесе түйенің жабағысын күсіп қалың мақтамен тыстап, кең тігілген күпі, қой терісінен жүнін ішіне қаратып тігілген тон؛ елтіріден яки сеңсеңнен немесе қасқыр, түлкі, тау ешкі сяқты аң терілерінен құрастырып сыртын бұлмен тыстаған қайырма жағалы ішік؛ жөнін сыртына қаратып құлын терісінен тіккен әдемі жағалы жарғақ؛ күпі не тон сыртынан киілетін кең сулық – шидем шекпен.

мал шаруашылығымен шұғылданған қазақтар үнемі ат үстінде жүргендіктен әр алуан мәтерялдән кең шалбар киеді. олардың қысқы шалбарлары иленген қой терісінен жүні ішіне қаратылып тігілген тері шалбар؛ жазғы шалбарлары матадан, шекпеннен тігілген шалбарлар؛ ешкі немесе киік терісінен иленіп, боялып тігілген тақыр жарғақ шалбарлар да бар. олардың қысқы бас киімі екі құлағы және артқы етегі  (артқы құлағы)  бар шошақ тымақ. бұл көбінесе қара елтіріден, түлкі терісінен немесе пұшпақтан тігіліп, сырты мақта яки жібек бұлымен тысталады. қазақтар елтірі яки құндыз, бұлғын, сусар сяқты аң терісінен тігілген шошақ төбелі бөрік те киеді. боран кездерінде бөрік сыртынан бастыра кең жалбағай – күләпәрә киеді. жазды күні жұқа ақ киізден қайырмасын қара барқытпен қаптаған шошақ төбелі ақ қалпақ киеді؛ қазақ арасында кең етек айыр қалпақтарда болады. айыр қалпақ түрлі бұлдан сырылып тігіліп, қайырмасы мақпалмен яки пұлыспен көмкеріледі. бұл жазға лайық әдемі де ықшамды бас киім еді. қазақтың еркектері киетін аяқ киімдердің түрі де әр алуан. өкшесі өте биік, қонышы тізені қаптап тұратын шоңқайма етік – бұлғары саптама  (бұл қонышы қапталған киіз байпақпен киіледі) ؛ аңға киілетін қайқы тұмсық жұмсақ етік؛ жазды күні киілетін бір тақалы шетік – жеңіл етік؛ жұмсақ теріден тігілген мәсі, сауыр бұлғарыдан тігілген кебіс؛ тері шақай  (шәрке, шабата) , мұны бұрынғы кезде көбінесе кедейлер киген.

қазақ әйелдерінің киімі көбінесе безекті бұлдан, жібектек немесе мақпалдан тігіледі. олардың көйлек үлгілері өте көп. қыздар мен келіншектердің көйлектері көп бүрмелі, жаға – жаңы кестелі, көп желбіреуікті, қос етекті, сан алуан үлгіде болады. бой жеткен қыздар кестелі қынай бел мешпет, шапан, төбесіне қозалаған маржанды үкі тағып құндыз кемшәт бөрік немесе кестелі сопақ тақя киеді… ал қыздар ұзатылғанда алуан түрлі кестемен, алтын, күміс және моншақтармен безелген шошақ төбелі сәукеле киеді, жаңа түскен келіншек алғашқы жылы тойда киген сәукелесін киіп жүреді. жыл өткен соң сәукеле алынып тасталып желек жамылады. тұңғыш баласын туған соң желек алынып кимешек кигізіледі. 30-40 жастан томенгі әйелдер жағы кестеленген әшекейлі кимешек киеді, шұлауыштың үстіне төбелдірік, маңдайына бергек қадайды. бірнеше балаға ана болған орта жасты әйелдер көзге түсерліктей әшекейі жоқ, шалаң кестелі кимешек киеді немесе ақ жаулық тартады.

қазақ әйелдерінің дағдылы аяқ киімі — кебіс – мәсі. ауқатты семя әйелдерінің салтанатқа киетін оюланған кестелі етігі, көк сауыр бұлғарыдан тігіліп оюлап күміс құйма қақтырған кеістері де болады. асыл тастар орнатқан алтын, күміс, сақина, шолпы, түйреуіш, білезік, шәшбәу, қаптырма, алқа және кемер белдіктері аса сәнді болады. қазақ еркектері киім сыртынан құймаланған кіселі белбеу буынады. оған оқшантай, дәндәку, қынды пышақ, шақпақ асылады.

бұл жоғарыда айтылған киім – кешек салттары көбінесе өткен дәуірлерге тән. қазыргы қазақ ауылдарында мұндай киімдер ескі мұраның көзі тәрізді некен – саяқ кездеседі. қазыр қазақ ішінде киім – кешектің үлгілері жаппай жаңа үлгіге ауысып барады. бұл жаңа үлгілердің барлық ұлтқа қазыр ортақ болып отырған үлгіден пәлендей айырмашылығы жоқ деуге болады.

ішіп – жем.

мал шаруашылығымен шұғылданған қазақтардың негізгі асы – сүт пен ет. етті асып, қуырып және қақтап жейді. үстті пысырып немесе ұйытып айран қып ішеді. сүттен сан алуан тағамдар жасайды. сиыр мен қойдың сүтінен: кілегей, қаймақ, айран, қатық, сүзбе, құрт, ақ ірімшік, қызыл ірімшік, сары май, тағы басқа тағамдар жасайды. биенің сүтінен қымыз ашытады؛ түйенің сүтінен шұбат ашытады. қымыз бен шұбат қазақтардың ішімдігі. көктемде мал төлдеген кезде уыз қатырып сүрі етпен араластырып жейді. қуырып ақталған тарының жармасы мен ірімшік, сары май, шекер араластырып жент жасайды. жент – қазақтардың қадырлы меймандарға берілетін ардақты си тамағының бірі.

қазақтар қыс мезгілінде – ноябр және декәбр айларында жаппай соғым сояды. соғымға семіз малдар сойылады. соғым сою – мал арықтап союға жарамайтын кезде азықтан қысылып қалмаудың алдын жасалған дайындығы. соғымның еті тұздалып, ысталып сүріленеді. соғымның сүрі еті келесі жылы көктемде ақ молайып, мал семіріп союға жарағанға дейін жететін етіп дайындалады. соғымның кесек еттері сүйегімен сүріленеді де, басқа ұсақ еттерінен шұжық, қимай, үлпершек жасалады. жылқы етінен қазы аударылып сүріленеді.

қазақтың ұннан жасайтын тамақтары: нан, бауырсақ, шелпек, кеспе, бесбармақ  (қамыр араласқан тураған ет, яғни қазақ нарыны) . күріштен жасайтын тамақтары: сүт ботқа, күріш көже, палау  (қырдағы қазақтардың палауы көбінесе сәбізсіз ақ палау болады) .

Related Articles

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: