Қазкоммерцбанк: Нұржан кетті, бірақ қайта оралу үшін…
ҚазТАГ-Нұржан Сұбханбердиннің Қазкоммерцбанк құрылымындағы басшылықтан кетуімен тәуелсіз Қазақстанның банк секторының даму тарихының бүтіндей бір дәуірі аяқталды. 1990-шы жылдар басында ол серіктестерімен шағын ғана жеке меншік «Медеу банк» ашып, оны елдегі аса ірі қаржылық- кредиттік ұйымға айналдырды. Цифрлар сөзге қарағанда әдемі көрсетеді – Қазком шынымен де елдегі №1-ші банк. Біреулер Нұржан Сәлкенұлына күн бермеді дейді, біреулер ақырын ығыстырып тастады дейді, ал үшіншілері тайм-аут алды дейді. Біздің пікірімізше, Н. Сұбханбердинге ойын жинақтап, бұрынғы позициясына қайта оралуы үшін уақыт керек. Біріншіден, ол аса ірі акционер, бірақ басқа маңызды нәрселер де бар: оған бар болғаны 50 және алдағы он жылда оған жұмыс істейтін уақыт бар. Біз оның көптеген достары мен серіктестері сияқты оған үміт артамыз.
Әкесі – дәріханашы, ұлы – банкир
Оның әкесі, кеңестік дәуірде атағы шарықтаған – қарапайым білікті дәріханашыдан еліміздің ең басты дәріхана басқармасының бастығына дейін өскен Сәлкен, оның ұлы Нұржан капиталист болып, миллиардтаған ақшаны сапырады деп ойлады ма екен? Әй, қайдам. Әрине, кеңестік дәуірде барлығын Мәскеу айқындайтын, оның ішінде оның дәріханалық ісін де: бюджетін, қорларын, квоталарды. Ол кезде дәрі-дәрмек деген тапшы дүние еді ғой. Оларды үлестіруге әкесі қатаң түрде, коммунистше қарайтын. Халық осы күнге айтатындай, оған сеніп тапсырған шаруашылықты көптеген ай тексеруден соң түк табылмай, барлығы да дәріханадағыдай таза болыпты. Оның ең басты капиталы аброй-беделі болатын. Әкесі ұлының Мәскеуде экономикалық білім алғысы келетінін қолдапты. Ал өзі көңілінде романтик болып, қолы бос кезде кітап жазып, өлеңдер шығарып, Қазақстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен дос болыпты. Көбі еліміздің басты дәріханашысымен дос болуға тырысқанымен олардың достығы қонақжай үй табалдырығының ар жағында таусылып жатады екен. Өмірдің осы заңын ол балаларына да мирас етіп, өзінен соң жақсы сөз бен қала ортасындағы наркомдық үйдің ең соңғы қабатындағы шағын пәтерді қалдырыпты. Ол Нұржан мен оның қарындастары және бауырлары үшін жақсы бастамаға себеп болған. Қайта құру қызу жүріп жатқанда ол Мәскеу мемлекеттік университетін «саяси экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Тағдыр тәлкегімен ол кейін басымен экономикаға кетіп, жас кезінде аздап саясатқа да ұрынып, кемел жасқа келгенде онысына жымиып қарайтын. Елге қайта оралған соң ол Ұлттық ғылым академиясының экономика институтының аспиранты болып, одан соң оны жеке бизнес тартып әкетеді. Кәсіпкерлер арасында бизнеспен айналысу арифметика, ал банк ісімен айналысу – жоғарғы математика деп есептеледі. Ол өзінің әріптестерімен шағын «Медеу банктің» атын өзгертіп, «Қазкоммерцбанк» дегенде нар тәуекелге барған еді. Бұл банк немістердің Commerzbank AG банкімен аттас қана болмай, халық үшін жаңа қызмет көрсетуімен ел танитын банкке айналды. Әрине, ақша санай білу – қаржыгердің маңызды сапасы, бірақ пайда көрудің тиімді нұсқаларын есептеу одан да маңызды. Бірінші жағдайда ол тактикалық міндеттері айқын жақсы қойылған бухгалтерлік жұмысқа әкелсе, екінші жағдайда – стратегиялық мақсаттары бар идеяларды тудырғышқа айналасыз.
Әр банк отбасы іспеттес, ал бақыт жоқ
Айтпақшы, Қазақстанда танымал әр банктің қаржы алаңындағы ірі ойыншыға айналуының өзіндік тарихы бар. Кезінде кеңестік жинақ жүйесінің есебінен «Халық банк» («Қазақстан халық банкі» – ҚазТАГ) жақсы бастап кетті. ЦентрКредит, БТА және Forte көптеген жұтылулар мен бірігулердің арқасында оған қол жеткізді. «Евразиялық» бай акционерлерінің арқасында аяғына тұрды, АТФ – бас тарту мүмкін емес шетелдіктердің ұсынысының арқасында көтерілді. Басқалары туралы, оның ішінде шетелдік банктер туралы айтпаймыз, себебі барлық банк бірдей бақытты болса, әрқайсысы өзінше бақытсыз. Себебі әр банк – ол отбасы деген сөз ғой. Бұл тұрғыда Қазкоммерцбанк соңына дейін дара тұрды. Ең басында мұнда халықпен және бюджеттік мекемелермен жұмыс басымдыққа ие болды. Банк жеке тұлғалардың депозиттерін тартуда, пластикалық карталарды таратуда, оның ішінде жалақы карталарын таратуда алғашқылардың бірі болып, көш бастады. Көптеген ұлттық және ірі компаниялар Қазкомда ұлттық валютада және шетелдік валютада ағымдағы шоттары болғанын мәртебе санайтын. Қандай да дәрежеде консервативті Еуропалық қайта құру және даму банкі тіпті осы банктің акционерлерінің бірі болуды қалады. Біз Қазкомның бюджет ақшасынан өз бойын аулақ салмағанын айттық, – несіне алмайсың, егер беріп тұрса. Осыған байланысты нарықтың басқа қатысушылары оның бір мезгілде мемлекеттік қайта құру және заңдастыру бағдарламасының аясында мұнай секторына қызмет көрсету операторы атанғандығына наразылық білдірген еді. Шыны сол, бұл ұзаққа созылмады, бірақ дегенмен мұндай қызмет тәжірибесі биліктің жеке банкілік құрылымға бейімделуі деген сөз еді. Бұл ауыл шаруашылық, құрылыс индустриясы және халық шаруашылығының өзге де келешекті салаларының дамуына арналған мембюджет қаражатын бөлу кезінде басқа банкілер үшін де өнеге болды. Негіз қалануының 20 жылдығына Қазкоммерцбанк әжептәуір нәтижелермен келді. Капиталдың мөлшері бойынша, депозиттік база және басқа негізгі көрсеткіштер бойынша. Олар тамаша болар ма еді, егер өзге қаржылық ұйымдармен қатар банктерді белсенді несиелеп келген құрылыс секторындағы дағдарыс болмаса. Оның еншілес құрылымдары ол кезде қаржы орталығын салу үшін Алматының үстіңгі бөлігіндегі жер телімдерін белсенді сатып алып жатты, ал тарихи бөлігінде – элиталы тұрғын үй салу үшін. Сол кезде жердің бір сотығы $100-120 мыңға дейін жететін, қазір ол алаңқай бос жерлер абаттандырылып, анда-мұнда гүлзарлар мен саябақтар жасалған. Сол учаскелердің иелеріне бүгінде оңтүстік астананы көріктендіргені және жасылдандырғаны үшін мадақтамалар мен дипломдар табыстап жатыр.
Жаңсақтықтар болды, бірақ самғаулар да болды
Бұл банктің қателігі және Н. Сұбханбердиннің жеке жаңсақтығы болды ма? Кібіртіктейтін несі бар, әлбетте – иә. Себебі ол ірі акционер мен қаржы құрылымының жетекшісі ретінде бірінші кезекте қауіп-қатерлер туралы ойлауы тиіс емес пе. Себебі оған дейін салмақты дабылдар болды емес пе – жылжымайтын мүлік дағдарысының салдарынан көптеген әлемдік банкілер мен ипотекалық компаниялар банкротқа ұшырады. Бірақ көбі «ұзақ» ақшаның артынан қуып, миллиардтаған қарыздар жайлы қуана мәлімдеп жатқанда, сірә, тежегішті уақытында қоса алмады. Шетелдік несиелердің ізіне түсіп жүріп нарықтың басқа қатысушылары да тайып жығылды. Себебі бақыт, соның ішінде банкілік, мәңгі бола алмайды. Мемлекет «Самұрық-Қазына» қорының тұлғасымен ақша құямын деп шешкен кезде, Нұржанға жылжуға тура келді, ал оған дейін банкіге сондай-ақ ірі акционер ретінде араб холдингі қосылды. Ол қираған БТА-ны Сбербанк пен «Халықтың» сыпайы бас тартуынан кейін Қазкоммен біріктіретінін және өз активтерінің бір бөлігін жас акционерге сатуға тура келетінін болжамады ма екен. Оған дейін, бұрынғы позицияларды қайтару үшін, Н. Сұбханбердин Еуропалық қайта құру және даму банкінің акцияларын сатып ала алды. Ол мемлекет банктерді біріктірумен соншалық карта ойнататыны сол, бірақ соқыр дерлік күйде және көзірсіз отырып ойнау ауыр болды деп күтті. Артынша оқиғалар да оның пайдасына қарай дамымады. Директорлар кеңесінің төраға лауазымын беруге тура келді, ал қысқаша уақыттан кейін – осымаңызды органдағы мүшеліктің өзін де. Ұзақ уақыт бойы операциялық менеждментті басқарып келген Нина Жүсіпованың кеткенінен соң басқарма төрағасы лауазымына Мағжан Әуезов отырды. Сөз жоқ, ол Қазком тәрбиеленушісі, бірақ адам ендігі басқа формациядан және маңызды шешімдер қабылдау кезінде, әрине, өзге акционерлерге қарайлайтын болады. Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы енді шетелдік. Ол ескі досы Нұржанға достық пен махаббатқа ант суын ішеді, оны бауырым деуге дейін барады. Бірақ бұл политестің осындай жағдайында қабылдаудан шығатын қоштасу кезінде айтылуы қажет сөзден әрі аспайды. Ойынның ережесі осы, өмір осындай… Н. Сұбханбердин банкир ретінде өзінің туған елінде қалыптасты және бірінші толқын кәсіпкері ретінде биліктің әр жыл сайын өзгертіп келген ережелеріне қарамастан, бизнесті құрастыруға болатынын дәлелдеді, ол күмәнсіз. Және баса айтайық – қайдағы бір «жүріс- мүрістерге» қарамастан. Сонымен қатар оның азаматтық позициясын да атап өтеміз. Нұржанның танымал «Время» газетінің және «Время- принт» баспаханасының акционері ретінде либералды баспасөздің дамуына жәрдем көрсеткінін, экономикалық және саяси реформалардың қажеттілігін жариялаған «Қазақстан демократиялық таңдауы» қозғалысының ұйымдастырушысы болғанын біз ұмытпауға тиіспіз. Пікірлестерімен бірге «Тарлан» тәуелсіз сыйлығын өткізуге бастамашы болды, оның иегерлері мемлекеттің назарына ілікпеген әдебиет және өнер, білім және ғылымның, басқа да қызмет салаларының үздік өкілдері атанды. Н. Сұбханбердинді үлкен отбасының басшысы ретінде де сыйлауға болады. Оның ел демографиясына үлесі бағасыз: ол тоғыз баланың әкесі болып табылады. Және соңғысы. Бірде елдегі белгілі қаржыгермен болған әңгіме банкирлер туралы сөз қозғалды. Ол келесідей мәнде бірдеңе айтты: олардың бәрі біп-бірдей, барлығы да сараң және әрқашан пайда жайлы ойлайды. Жасыратын несі бар – Нұржан да сондай, бірақ дегенмен ол – сөзсіз, данышпан!
kaztag.info
Пікір қалдыру