|  | 

Тарих

Генерал Дәлелхан Шірікши елін қырдырғаны шындықпа?

Байахымет Жұмабай ұлы

Шірікши оқиғасына қатысты деректер

Оспан батыр

Бұл тарихы яғни 1947 – жылы Дәлелхан мен Оспан батыр арасындағы келіспеушіліктен өзара соғысы болып Дәлелқан армиясы осы жолы Оспан батыр қосыннан жеңіліп шегініп Жеменей арқылы  Сәбетке өтіп кетіп қайта күш топтап, Бақты арқылы үш Ошақтыдан өтіп Ертіс бойындағы Шірікши өңіріндегі елді қырғындауы жайында жұрт арасында әр түрлы пікірлер мен көзқарастар айтылып жұр.

12E1AAA9@B3F07E17.87E33C51

Шынын айтқанда Дәлелқан сәбет үкіметіне сүйенген болып өз халқының арман – тілегін іске асыруда әуелде ‹шығыс түркстән› , кейінгі кезде ‹үш аймақ армиясына› сүйенді, ал Оспан батыр жергілікті адамдардан құрам тапқан партизандық қосын құрып дәл осы кезде гөминдәң үкіметінен күш алып «елді, жерді, малды бөліске салатын, дінді жоғалтады» екен деген идеямен, Дәлелқан сүйенген қызыл үкіметге қарсы болып өз елін өз жерінің байлығын, халқының наным, сенімін аман алып қалу үшін соғысқан соғыс еді.

Тіптен батып айтар болсақ, әр екеуі елді елдікке жеткізу үшін соңғы кезде екі империәнің сойылын соғып солардың мақсат мүддесі үшін соғысқан соғыс деуге де болады.

Генерал Дәлелхан Шірікши елін қырдырғаны распа?

Ендеше осы соғыста Шірікшіи оқиғасы- Бұл күнде әлі құпиясы ашылмаған , ел арасында тұрлы пікір тудырып келе жатқанын білеміз. Дәлелқан Шірікши елін қырдырғаны распа? Неге қырды? соңғы нәтиже не болды?-дегенге тоқталар болсақ талай – талай айтылымдарды шегеріп тұрып сол оқиғаның куәгерлерінің аузынан тапқанымыз орынды сияқты. ?

qaharman

Қаһарман Жақсылықұлы

ـــ Дәлелқан армиясы (бұл бұқара тілі нәтижеде сәбет армиясы) . 83 машина және қыруар атты армия болып Бақтыдан еніп, Ошақтыда аялдап. Қобыққа Хамит Алиов басшылығындағы бөлікті жібереді. Қобық тез қолға келді. Десе де майданнан шекінген алты әскерді Алиов атып тастаған оқиғасы Дәлелханді ашуландырып Алиовқа телегірамма жолдап: «енді мұндай әскерді жәбірлеу оқиғасы кезікпесін» деген ескерту береді. ــ дейді 2001-жылы Дәлелқаннің қорғау пәйінде істеген Қаһарман Жақсылық ұлы.

ـــ «Қобық қолға келген соң жалпы армия Алтайға бет алды» ـــ деген 1945 – жылы Буршыннан қабылданған 300 әскермен бірге үш аймақтың 3-атты бөлігінде болып кейін Дәлелханді қорғау пәйінде істеген Қаһарман Жақсылықұлы кария кеңесті ары өрбітіп:

ـــ Бақтыдан енген 83 машинаның үшеуі кішкене машина. Оның бір машинасында Дәлелқан мен Мажаров, енді бірінде лиікін мен пөліктің шенімен светтен пөлік бастап келе жатқан Мұхаметжан, енді бір машинада Дәлелханды қорғау пәйінен бес адам өзім ішінде.

ـــ армия үш бағытта беттеді. Осында Алиов Қамит бастаған қосын Бұрылтоғай арқылы Тұрым батыр Сар терегіне қарай жол алады. Бұлар Үліңгірдің қылы деген жерінен өтуге тиісті болғанда судан өтетін қайықтарды шағып алдынан бір топ адам оқ атады. Осы атыста Алиовтың бір әскері өліп енді бірі жараланады, басқа жақтан жол тауып ертесі өздерінен оқ атушыларға келгенде олар әлде қашан өзен бойына тұсып кеткенін көреді де жол бастаушының жетегі мен қуа келіп, шірікши өңіріндегі ауылды  қырғындайды. Далелхан осы қырғынды естіп тоқтатуға бұйрық қағаз жөнелтеді» ــ десе.

Bydahimet Muqayuly

Шірікши тумасы биылғы жылы 99 жасқа келген қарт педагог кария Бидақымен Мұқайұлы

Осы Шірікши  тумасы биылғы жылы 99 жасқа келген қарт педагог кария Бидақымен Мұқайұлының айтуында:

«1– атты пөлікті Қамиыт Алиов бастап Бұрылтоғай арқылы Тұрм батырдың Сәртерегіне беттесе, 2 – пөлік: Алтай атты бөлігін Бәделхан бастап Бурамның қарнына өтіп өрлеп Көктоғайға беттеу.3 – пөлік: Дәлелхан. Лискін, Мұқаметжан, Мажыровтар Жеменей, Буршын арқылы Алтайға беттейді. Осыда Жеменей Мұқайдың оққа ұшты. Буршынның бұрамындағы адамдардың талқандалуықнан басқа соғыс шығны болмады.

Ал Қамит Алиов бастаған қосын келгенде алдарынан Қадуан қанымға қарасты төреден 7 ауыл және Қожасға қарасты екі ауыл (қожас қазыбек руының бір табы) Меркітен бір ауыл өздерінің соңдарынан қуғыншы әскер түсті деп ойлап, қылдан тез өтіп ондағы қайықтарды талқандап Нүреке (қожас) батыр, Әленің Дәлелхані және Байымхан дегендер олардың бетін қайтаруға оқ атады. Осындан Алив әскерін жілікөлден айландырып Елшібай өткелінен өткізіп, оздерыне қарсы оқ атқандардың ауылына келгенде олар өздерін қаражер сипатып кеткенін көріп жол бастаушы арқылы ертіс бойындағы Дөрбелжінге қарай ізіне түседі. Бұл кезде ауылды ауаша қалтырып, орман ішіне тасаланған бір мұнша адам оларға және оқ шығарады. Алиов бұйрық арқылы алдына келген ауылға шабуыл жариялайды, осы жолы Қолтайболат елінен 41 адам, төре елінен 70 адам қыруар бейуаз бала-шағалар оққа ұшады.» деген кария әңгімені толықтай:

«осындан, бір күн бұрын ‹Алтайға дәлелхан келді› едгенді естегін әкемнің інісі Жұмаділ генаралға барып амандасып қайтуға кеткен еді. Себебі дәлелхан 1944 – жылы Моңғұлиадан Бұлғын өңіріне келгеннен бастап Жұмаділ оның қасында хатшы, ақылшысының бірі болып жүрген болатын. Дәлелханнің қайта оралғанына қатты қуана кеткен ол ертесі тәңертең қайта оралды да атын ауыстырып асығыс аттанатын болды, біз одан істің не болған жөнін сұраған едік төмендегі ауылда қырғын болып жатқанын асығыс ұғындырып «Дәлелханнің соғысты тоқтату бұйрығын мен ала келдім, тез Алиовқа жеткізуім керек» деп кете барды.

Жұмаділ Мойынқұмға барғанда бір топ орыс әскер өзін қоршап алыпты, ол қолындағы Дәлелханнің қағазын көрсетіп Алиовқа жеткізетінін айтқан соң қоя береді, Жұкең судың ар жағында дөрбелжінің түбінде жатқан Алиовқа Дәлелқаннің қағазын табыс етеді. Алиов бұйрық қағазын тапсырып ала төңірекке адам шаптырып, соғысты тоқтатып. Әскердің шекінуін бұйырады, ـــ дей келіп, ـــ осы жолы Метіке ханымның ордасының есігінде күзетте түрған Қали деген азамат топ әскердің ауылға андағайлап келе жатқанын көріп ішке хабар береді. Абыр – сабыр адамның ішінде қарсы жақтан атылған оқтан өзінің ағасының оққа ұшқанын көрген Қамит, өзі де қарсы жаққа оқ шығарады. Бірақта лап қойып басып келген орыс әскерлер қамитты сол жерде найзалап, төбелеп өлтіріп жібереді де үркердей болып ордаға тығылған елді сыртқа шығуын бұйырып, оларды және төңіректегі ауылдың адамдарын құм төбеге жинап, төңірегіне екі жерден пылимонт құрып жатқанда топ ішінен Метке ханым айғайлап орнынан тұрып: .

ــ мен Шарпханның шешесімін, қане атқыш болсаңдар мені атыңдар. Мына бейуаз халықты неге бұлай қырғындайсыңдар! ــ дейді. Осы кезде Метіке ханымның Шәріпханнің шешесі болғандығынан ба, әлде бұйрық келдіме, әскер елді қырғындамай шегініп кетеді ــ дейді Бидақымет кария. !

Алиов бейкүнә халықты банды деп 204 жан оққа ұшты

Осы кеңесті толықтай түскен бүгінгі күні 91 жасқа келіп Үрімжі қаласында отырған кезінде осы айтылып жатқан соғыстардың басы – қасында бірден – бір куәгер «офитсердың қойын дәптері» деген 2013 – жылы халық баспасынан «айтпай кетті демеңдер» деген бесінші кітәбін жариялап отырған қожай доқас ұлының осы «Айтпай кетті демеңдер» кітабінің «Оспан бандыларын Алтайдан аластап шығару барысы жайында» деген мақаласында былай дейді:

«Алтайды бандылардан азат ету үшін қосынның міндетін Дәлелқан Сүгірбаев былай орналастырды: 1 – бағытты тарбағатай атты үшінші пөлік, Алиовтың басшылығында Үліңгір көлінің «қылы» деген өткелінен өтіп Бурылтоғайды алу. Онан соң Өшіренді өрлеп Сартоғайға барып бандыларға соққы беру, бандыларға үрімжіден келетін әскери көмекті тосып тастау, бандылардың халықты Боғда жаққа көшіріп кетуінің алдын тосып, халықты орнықтыру…» дей келіп: «1947 – жылы 9 – айдың 16 – күні бандылардың Алтай қаласын басып алып, Жеменей арқылы шегнген Дәлелхан 1947 – жылы 9 – айдың 22 – күні Тарбағатай Қырықошақ шекарасынан өтіп, Құлжа, Шәуешектен жинаған үш пөлікпен Алтайға қайта бет алғанын айта келеді де, «Тарбағатайдағы жаяу әскердің адам санынын толықтап, Тарбағатай атты 3 – пөлік болып құрылып, пөлік көмәндігерлігіне Алиов Хамит белгіленді (алиов қамит 40 – жылдар гөминдәң әскери мектебінде оқыған. Азаттықтан кейін совет жеріне өтіп кеткен)» деп алиов жөнінде қысқаша мәлімет береді де, жоғардағы Қаһарманның айтқанындай Алиов әскери қылыдан тосылған оқиғасын баяндай келіп «1947 – жылы 11 – айдың ақырында біздің 4 – лиян Бурылтоғай аудандық амандығын қорғау міндетін алып, ертіс бойына келіп қондық. Жерлік халықтардан екі ер азамат келіп, «осыдан бір ай бұрын Алиов қамит дегеннің пөлігі біздің ауылды қырып кетті, бандылар елді зорлап көшірген еді, бандылар пөлікке қарыс оқ атып қарыслық қылды» дей келіп «Алиов бейкүнә халықты банды деп 204 жан оққа ұшты» деумен «кейін Алиов әскери сотқа айдалғанда жолдағы адамдарға: «Дәлелханнің бұйрығы бойынша аттым, ертіс бойындағылар бандылар екен» деп, өзінің қылмысын Далелханға жапқан» деген мәліметтерді .осы кітаптың 22, 23, 24 – беттерінде жазады.

Осы кеңесті толықтай түскен Қаһарман Жақсылықұлы былай дейді:

ـــ Шірікшиден қайтып бандылардың ізіне тұсып қуа кеткен Хамит Алиов әскері, түнде «итек» деген жерге келгенде жолдан қосылған жол бастаушылар алдағы ауылдың оспан ауылы екенін айтады. Алиов ендігі жерде ауылға лап қойып басып алу бұйрығын бергенде қосындағы іле, Тарбағатайдан қосылған жас әскерлер жүрексіздік етті ме? Шегіншектеген соң алиов отыздай әскерді майданда атып тастайды. Бұл хабарды естіген Дәлелхан Алиовты қолға алып, әскери сотқа тарту бұйрығын түсіреді. Сол кезде әскери сот (тырибонал дыйтынбыз) Рәшәт деген еді осы адамның мөрі басылған «Алиовты қолға алу» қағазды көтерген өзім (қасымда екі адам бар) келіп Алиовты көзірлеп Алтайға апарғамын. Бірақта Алиов тергеуде «алдыңнан құрал көтеріп шошаңдап шығушылар болса аяма» деген бұйрықты Қурайтыда машина үстіне шығып алып, жиын ашқанда бұйырған өзіңіз ғой. Сол бұйрығыңыз бойынша қылдан бастап, шірікши жерінде қосынға қарсы оқ атқандарды қырдым. Ал әскери бұйрықты атқармау әскердің намыссыздығы, қолбасшы әскерге бұйрығын өткізе алмаса, онда соғыста не нәтиже болады. Сондықтан кейінгілерге сабақ болсын деп, бұйрық атқармағандарды атқаным да рас!» деген жауабын Алиов генәрәлдің алдында айтқандығы жайында сол кезде әскерлер ішінде сөз тарап жүрді. Әуелі оның бұл реткі шерін құптаушылар да болды. Ұзамай Алиовты Ахыметжанның бұйрығымен (кейде лескінің бұйруы дейді) ілеге жөткеп кетген болатын ــ дейді. Қаһарман кария әңгіменің соңын жинастыра: «ел ішінде Дәлелхан Шірікшиде ауыраяқ әйелдің ышын жардырды, адамдарды жалаңаштап отқа қақтаған дегеннің бәрі өтірік әрі осы шірікшидегі қырғының туылуына себепші болған жоғардағы қарсы оқ атқандар болса, қырғындаушы Алиов. Далелхан тек қырғынды тоқтатушы деп» дәлелдейді.

дайындаған Жұмабай Мәдібайұлы

kerey.kz  Сілтемесіз көшіруге болмайды

 

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: