|  |  | 

Тұлғалар Қазақ шежіресі

Жанқожа атамыз қандай адам болған?

Janhoja batir jaraqtariЖанқожаны көп жылдар бойы көріп-біліп жүрген Құттық руынан шыққан Мұсабай жыраудың түрлі мұрағаттарда сақталған әңгімелері мен өлеңдерінде: «Жанқожаның түр-тұлғасы, мінез-құлқы бөлекше болған. Жас кезінен бастап-ақ мінезі ауыр, орынсыз сөйлемеген, балалармен де қосылып ойнамаған. Біреулер жанжал шығаруға қайымдасса, ол көзінің аласымен бір қарап, өз жөніне жүре береді екен. Жылдан-жылға бой-тұлғасы ерекшеленіп, айрықша көзге түсе бастаған» деген деректер бар (ҚР ҒА Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында). Ресейдің отарлық езгісіне қарсы 1856-57 жылдардағы көтерілісі кезінде батырдың мыңбасы болған Сырлыбай Шабақұлының шөбересі Орақ Жанұзақұлының 1930 жылы қойған: «Жанқожа атамыз қандай адам болған?» деген сұрағына жоғарыдағы айтылған Бижан Жалмырзаұлы: «Жанқожа өте сұсты, көздері жалын атып тұратын, қабағы қалың, назарын сәл төмен салса қою һәм бұйра қастары жанарларын жартылай жауып кететін адам болған. Ашу қысқанда екі көзі қанталап, үнемі білегіне іліп жүретін айбалтасын шыр айналдырып, ысқыратын. Бірақ, соншалық айбатты батырдың бойы ұзын емес еді. Орта бойлыдан сәл-пәл ғана жоғары, екі иығына екі адам еркін сыятындай қақпақ жауырынды, кең кеуделі, жуан мойын, мұрыны үлкен, төртпақ адам болған» деген жауап қайтарған екен.
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер ғылыми-зерттеу институты қолжазба қорындағы ХІХ-ғ. соңы мен ХХ-ғ. бас кезінде Жанқожа жайлы халық ақындары жазған сегіз жырдың бірінде:

…Кең кеуде, бөрі қабақ, жолбарыс бет,

Жаурыны еніменен теңдес келген…

Жұмырлау жолбарыстың жотасындай.

Шығыңқы құлақ жағы, жуан мұрын,

Айбатты жан көрінер арыстандай!

Алдынан не келсе де қайтпайтұғын,

Шұбар көз* айға шапқан қабыландай!

Қабағы төмен түскен, ұзын мұртты,

Жауатын күннің қара бұлытындай… – дейді.

(«шұбар көз» деп қабыланның көзін айтып отыр – авт.)

1893 жылы Қазан қаласынан Сыр, Арал өңіріне арнайы келіп, батырдың көтерілісі мен өміріне қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген И.Аничков «Киргизский герой (батыр) Джанходжа Нурмухаммедов» атты еңбегінде (235-б.) оның түр-тұлғасы мен мінезі жөнінде: «Что касается наружности батыра, то по рассказам видевших его и знавших, он не был как Исет Кутебаров большого роста и внушительной наружности, напротив, имел небольшой рост и не отличался видною наружностью; никогда не расставался со своим оружием: кинжалом, шашкой и айбалтой, которые всегде лежали около него, даже когда сидел или лежал в кибитке; он, говорят, всегда строгал какую-нибудь палочку, как будто так же строгает своих врагов; был он молчалив и неразговорчив» дейді.
Жанқожа жігіт ағасы болған шағынан бастап, ұзын сақалын қыздың бұрымындай етіп өріп қоятын болған. Бұл батырдың «ат үстінде және ұрыс кезінде желдің екпінімен кедергі болмасын» деген ұқыптылығынан туғандай.

Батырдың сақалы жөнінде оның ұлы Итжеместі 1893 жылы Қарақұмдағы үйінде көрген И.Аничков, жоғарыдағы еңбегінде (220-б.): «Сын батыра, еще находящийся вживых, тоже называемый батыром, Итчемись, 80-ти летний старик, кочует на местности Акирек и в Каракумах, не имеет большого состояния, но пользуется большим почетом среди всех киргиз, у него есть потомство от нескольких жен; в память своего отца заплетает в косичку свою седую бороду» деп жазған.

Жолымбет Мәкіш

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: