|  | 

Әлеумет

Үш әріптен тұратын жаман сөзді айтыңызшы – бәлкім, ол ҰБТ шығар?

ubt ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Осы күндері мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары көңілдері қобалжып, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелерін күтуде. Ол ересек өмірге өзінше жолдама болады. Білімді тексерудің осы әдісінің шынайылығы туралы дау қазан-ошақ қасындағы әйелдерден бастап парламентарийлерге дейін тынбай келеді. Бірыңғай тестілеудің жақсы және жаман жақтары туралы кезінде өзі ҰБТ тапсырған ҚазТАГ агенттігінің тілшісі айтып береді. Биыл тестілеуге 87 мың жалпы білім мектеп оқушылары қатысады. Бұл былтырғыдан 20 мың адамға аз. Статистика көрсеткендей, егер 2014 жылы мектеп бітірушілердің 80% оқушылары ҰБТ тапсырса, биыл – 71% тапсырып отыр. Бұл ел бойынша орташа пайыз. Ал егер цифрларды өңірлер бойынша алсақ, онда парламент мәжілісінің депутаты Әсима Бимеңдинаның айтуынша, Қарағанды облысында былтыр тестілеуге қатысу пайызы 44,3, Қостанай облысында – 56,2, Солтүстік Қазақстанда – 58,4 болды. Бұл ретте ол негізгі проблема ретінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге кіргізу процедурасы барлық оқушыларға бірдей қолжетімді емес, себебі мектеп әкімшілері, олардың пікірінше, мектептің жалпы көрсеткішін төмендетеді-ау деген оқушыларды емтиханға кіргізбейді деп атап өтті. Бір жағынан, мектеп оқушылары мен директорларын түсінуге болады, себебі олардың жалақылары мен мансабы қарамағындағылардың нәтижелеріне тікелей байланысты ғой. Ал адам, нашар оқыған және оның жалақысы мен мансабына әсер ете алатын оқушыға шынайы көзқараспен қарай ала ма? Әй, қайдам. Сондықтан табиғи сұрыптау 9 сыныпта-ақ басталады. Бәзбіреулер колледжге өз қалауы бойынша кетеді, біреулеріне «солай істе» деп айтады, үшіншілерін соған мәжбүрлейді. Ал 11 сыныпты аяқтағысы келгендерден ҰБТ-ға қатыспайтындығы туралы уәделерін алады. Сөйтіп, жастар үшін әлеуметтік саты ретінде тетік болып жоспарланған бірыңғай тестілеу өзінің ондай функциясын атқармайды. Оқыту білім беру жүйесі алмастырылып, ҰБТ-ға дайындау жүйесіне айналды.

ҰБТ аттестатта қазір ең басты баға емес

2015 жыл бітірушілеріне тестілеу нәтижелері аттестаттағы ең басты баға болмай қалды. Жақында білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім еткендей, «биыл аздаған жаңалықтар да болды, біз жария еткендей, аттестатқа биыл орташа баға қойылады, яғни ҰБТ балы мен оқушының жылдық бағасының орташасы қойылады. Біз оны әділ деп есептейміз». Ең көп алаңдататыны «аздаған жаңалықтар»… Тестілеу тарихының «аттестатқа ҰБТ бағасы» форматында өткен 11 жылында 1 млн 422 мың адам емтихан тапсырып, олардың кейбірі сәтті тапсырып, тегін білім алды, кейбіреулері әр түрлі себептермен емтихандарын құлатты. Екі жағдайда да, ол үздік оқушы ма, немесе екінші ме, бәрібір болды. Бұл ретте аттестаттағы орташа балл ЖОО- дағы тегін орынды қарастыруға тікелей әсер ететінін еске салайық. Екінші жағынан қазіргі бітірушілерге аса бір қуанатын да ешнәрсе жоқ. Біз бейтарап ҰБТ енгізу арқылы құтыламыз ба деген, мұғалімдердің сүйікті оқушыларына және ондай еместерге деген даралайтын көзқарастары қайтадан оралып отырғандай. Тұйық шеңбер сияқты болып тұр. ҰБТ нәтижелері бойынша ЖОО-ға түсу немесе түспеу мәселесі тұрғандықтан, оқушылар мен олардың ата-аналары сол жерлерде жемқорлық етек жаюына қолайлы жағдай жасап, нәтижені көтеру үшін бәріне дайын. Одан басқа әр түрлі дайындық курстарында ақша істеп, байып қалғысы келетіндердің бизнесі гүлденеді. Оның ішінде, кейін белгілі болғандай, психологиялық дайындық курстары да бар екен. Олар емтихан нәтижесі психологиялық дайындыққа тәуелді деп, емтихан тапсыру нәтижесін 20-30 балға арттыруға уәде етеді. Оған қоса, жаттығу тестілеулері дегендерді шығарып, сонымен ақша табу бизнесі де гүлденіп отыр. Біздің депутат атап кеткендей, тағы бір бизнес өзекті болып отыр. Ол – аудиторияда тестілеу жауаптары мен басқа да артықшылықтарды саудалау бизнесі.

Мектеп пен институт арасындағы буфер

ҰБТ өткізу жылдары елде колледж оқушыларының саны өскенін атап кету керек. Көптеген оқушылар емтихандардан құлап кетемін деп қорқып, колледждерге барады. Сөйтіп, орташа білім беру мекемесі идеясының өзі аяқ асты болады. Қазір сол халық шаруашылығы үшін кәсіби мамандарды дайындайтын мекемелер мектеп пен институт арасындағы буферге айналды. Оған 10 сыныпқа бармағандар мен қажетті балл ала алмағандар жиналады. Олар келесі жылы әрекет етуге дейін тағы бір жыл жоғалтпау үшін құжаттарын колледждерге апарады. Сондықтан да әрбір институттың қасында өзінің колледжі барлығы да кездейсоқ емес. Сондықтан колледждер ЖОО-лар үшін қосымша пайда көзі ме деген сезім пайда болады. Көрнекі болу үшін оқушыға тегін жоғары білім алу қаншаға шығатынын санап шығуға болады. Әдебиеттен бастайық – көп мұғалімдер жеке хрестоматиялар шығарады, оларда бірыңғай тестілеу сұрақтарына қатысты материал қысқаша сипатталады. Ондай кітаптар гуманитарлық ғылымдар бойынша өзекті, оларда «сұрақ-жауап» дейтін құрғақ тезистер емес, сипаттаманың дәл өзі бар. Жаратылыстану ғылымдары үшін тапсырмалар жинағы бар. Осы ретте аталған құралдар жыл сайын жаңа сұрақтармен толықтырылып отырады. Себебі біздің креативті министрлік қайдағы бір жерден жаңа тапсырмаларды табады да, жылма-жыл сұрақтар базасын 30-35%-ға жаңартады емес пе. Солайша, мысалы, Қазақстан тарихы толықтыруымен – 1, 2, 3 және т.б. бөлімдері – пайда болады, ал толық даярлану үшін, әрине, тұтас жиынтықты сатып алу қажет. Ол орташа есеппен әр бөлімге Т600-ден шығады. Айталық, ондайлар 4-еу – барлығы Т2400. Сондай-ақ орта есеппен Т500-ге шығатын тест жинақтарына шығындалу керек. Өйткені пән 5- еу болғасын, сәйкесінше, бұл дегеніміз ендігі Т2500. Дайындық курстарын да ескерейік, олардың құны 4 негізгі пәнге бір айға әзірлену үшін Т22 шақты мыңды, ал таңдаған пәнге Т8 мыңды құрайды. Білімдегі бүкіл олқылықтарды жоюға және ҰБТ-ны барлық 125 балға тапсыруға уәде берілетін курстар 6 айға жуық созылады. Ақырында бес пән бойынша даярлық үшін Т180 мыңды аламыз. Одан өзге, мектептерде сынақ тестілеу дейтіндер өтеді. Олар, әрине, тегін емес – Т300-ге жуық, егер ҰБТ сынағы әр апта өткізілетін 4 айлық аралықты алатын болсақ, онда бұның өзі Т4800 деген сөз. Бір оқушыға кететін барша шығынды есептей келе, біз соңында Т189 700-ді көріп отырмыз, ал бұл болса әркімге бір қолжетімді емес…

Білімнің орнына – жаппай құрғақ жаттау

Бұл, байқасақ, айсбергтің тек шыңы ғана, ал оның су астындағы бөлігі бар – ҰБТ мамандары деп аталатын қызметтер жоқ емес, олар емтихан кезінде мессенджердің көмегімен жәрдем беруді ұсынады. Ал пара менен жап-жаңа құрал-жабдықты ешкім де жоққа шығарған емес. Бұдан басқа, алаяқтарды да естен шығармаған жөн. Мәселен, ҚР БҒМ тестілеудің алдында ҰБТ балын арттыру үшін қаражат жинау жөніндегі ақпаратты таратты, оны министрліктен келетін бақылаушылардың қызметіне төлеу үшін жинап жатқан көрінеді-міс. Жарты жыл ішінде ҰБТ-ға әзірлеумен айналысатын репетиторлардың, әртүрлі компаниялардың балды бәрінен жиі көтеріп, ал ұстаздардың, егер олар ақылы репетитор болып табылмаса, сол міндетті бір жылда орындай алмай жататыны таң қалдырады. Дайындық курстары санының шексіз болуы мұғалімнің тестілеуге әзірлігі тегін өткізілетіндігімен және бәрі тек кезекті аттестациядан өте алмау және ҰБТ-ның нашар нәтижелері үшін «шапалақ» алып қалудан қорқуда бекініп тұрғанымен байланысты ма? Тестілеудің қорқынышты бәлесі бұл әдістің оқушыларды білім алудың орнына құрғақ жаттаумен айналысуға мәжбүрлейтіндігінде.

Себебі бірыңғай тестілеу емтихандарын тапсыруға әзірлену мен білім алу – мүлде екі түрлі нәрселер ғой. Бұның ойлау дағдарысына әкеліп соғатыны және біздің 3-4 сөзден тұратын жауаптың бір нұсқасын жаттап алған жаттампаздар буынын көретініміз әрі ол жатталғанның кейін ұмытылатыны түсінікті. Мысалы, оқушылар Қазақ хандығының қашан құрылған датасын білетін болады, бірақ Жәнібек пен Керейді Әбілқайыр ханнан қоныс аударуға итермелеген себептер жайлы айта алмайды. Қазақстанның әлемдік аренада елдің бәсекеге қабілеттігін арттыру бойынша бірқатар сан түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылдап жатқанын есепке ала отырып, басты сауал шенеуніктерге жолдануы тиіс: кешегі оқушылар, ендігі ҰБТ идеясындағылар, сол бағдарламаларды тұрмысқа асыра ала ма? Не дегенмен, амбициялы міндеттерді жүзеге асыру үшін, бейстандартты ойлау қажет, ал тестілеу оқушыны қысқа жауап варианттарымен шектеп, кеңірек ойлауға мүмкіндік бермейді. ҰБТ-ға көшу – тәуелсіз Қазақстанның құрылу жүйесіндегі ең ауқымды жаңалық. Оның 10 жылдан астам өтіп келе жатқанына қорытынды жасауға болады. Өкінішке қарай, ол адам аярлық халде. Өз кезінде білім вице-министрі Мұрат Әбеновтың тіпті 2015 жылдан бастап ҰБТ-ның алынып тасталатыны туралы мәлімдегені есімізде, алайда, көріп отырғанымыздай, министрлер келеді де кетеді, тек ҰБТ ғана өмір сүруін тоқтатпайды және уайымдамайды. Сонымен қатар өкілетті органның бізге тестілеу қажет пе, әлде жоқ па деген пікірі де қалыптаспады. Биыл да бірыңғай тестілеуде масқаралықтар күтіп тұрғанына күмәнданбаймыз: орынсыз сұрақтар, нашар ұйымдастыру және жанжалды нәтижелер. Мінеки енді үш әріптен тұратын жақсы емес сөзді атаңыз деген сауалға тіпті әйтеуір бір жерден ҰБТ дегенді естуге болады…

kaztag.info

 

Tags

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: