|  | 

Әлеумет

Алматыдағы көлік жөндейтін бойжеткен (фото)

Алматыда көліктердің дөңгелегін ер кісідей жөндейтін бойжеткен бар. Көлік жүргізушілердің көпшілігі алғашында оған таңырқап қарайды екен. NUR.KZтілшісі көлік жөндеуші аруды жұмыс орнынан іздеп тауып, сұхбаттасып қайтты.

10

Бойжеткен дөңгелек жөндейді деген темір вагонның қасына келгенімізде онда ешкім болмады.

Көршілес дүңгіршектің ішіне кіріп, атын білмесек те “Осындай іспен айналысатын бойжеткенді танисыздар ма?”, – деп сұрадық. Екі қыз таң қалып, бірі “Ол менмін. Жай іздедіңіз бе?” деп сұрақ қоя бастады.

8

Журналистер екенімізді түсіндірген кезде “Өзім жайлы мағлұмат беруге қарсы емеспін. Тек сайтыңыздан түрімді көрсетпеуіңізді сұраймын. Себебі туыстарым “ауыр жұмыс істеме” деп қарсылық білдіруі мүмкін” деген өтінішін айтты.

2

Марина жұмысы жайлы өз пікірімен бөлісті.

“Менің жасым 27 де. Осы жерде жұмыс істегеніме үш жылға жақындап қалды. Табысым жақсы. Мен бұл жұмысты ауыр деп ойламаймын. Тек бастапқы кезде жақсылап түсініп алсаңыз болғаны. Сіз де істеп кетесіз”, – дейді ару.

6

Ол жастайынан ауылда қара жұмыстың барлық түрін істегенін айтты. Мал бағып, жер аудару, егін салып, жинап алу, барлығын отбасында өзі істепті. Маринаның алдында екі әпкесі болғандықтан, әкесі оны өзімен ертіп жүріп, осындай еңбекке баулыпты.

“Мен негізі бала күнімнен қысқа шашты ұл сияқты өстім. Менен кейін інім дүниеге келді. Оны кішкентай, жалғыз ұл деп күнге шығармауға тырысатынбыз. Қазір ол қайта меннен нәзік”, – деп күлді бойжеткен.

1

Маринаның сөзіне сенсек, ол ауылда жүріп, ауыр көліктерді жүргізіп үйренген. Тіпті әкесімен еріп жүріп, оларды қалай жөндеуге дейін түсініп алған.

“Мен барлық қыздар сияқты алғаш Алматыға келген кезімде асханаларда даяршы болып жұмыс істедім. Одан қалса тұшпара түйдім. Дүкенде сатушы да болдым. Қазір ондай жұмыстарды қайта барып, істегім келмейді. Себебі мұнда өзіме өзім қожайынмын. Табысым тұрақты болмаса да өзіме, ата-анама жетеді. Қыс басталғанда бір ай, көктемде бір ай күніне жоқ дегенде 15-20 мыңдап табамын. Әрине маңдай теріммен”, – дейді Марина.

9

Маринаны алғаш естігенде әдеттегі дөңгелек жөндейтін жігіттер сияқты қолы қара май шығар деп елестеткен едік. Алайда барып көрген кезімізде мүлде басқаша болды.

“Мен еркек шора емеспін. Тек өмірдің талабы бойынша осы жұмыстамын. Әрі одан намыстанбаймын. Сыныптастарым, өзімнен кіші іні-сіңлілерім осы жұмыста екенімді біледі. Мен де қонаққа шықсам шашымды сәндеп, түрлі көйлектер мен өкшелі аяқ киім киіп шығамын. Міндетті түрде тырнағымның етін алдырып, сән салонына барып, боятып жүремін. Онсыз өзімді сенімді сезіне алмаймын”, – дейді Марина.

5

Ал нәзік жанды дөңгелек жөндеушінің көмегіне жүгінетін жүргізушілер “Марина дөңгелекті жамаса да, ауыстырса да ұқыпты істейді. Қызығы дөңгелекке қатыстының бәрін біліп алған. Қолынан келмейтіні жоқ. Тіпті  түрлі аппараттарына дейін түгендеп алған”, – деп мақтады.

Марина өзінің тұрмысқа шықпағанын айтып, “Жігіт шын сүйсе, жұмысы кедергі болады деп ойламайтынын” да жасырмады.

4

Өзі БАҚ-қа ән шырқап, әнші ретінде шығуды бала күнінен армандапты. Тіпті бір жылы “Қазақстан дауысы” жобасында бағын сынаған екен.

“Мен ол жерге дайындықсыз бардым. Сосын мына жұмысым дауысымның таза шығуына кедергі болып жатыр екен. Ауыр затты көтеремін. Тыныс жолдарына салмақ түседі. Мүмкіндігім болып жатса, жақсылап дайындалып, сол жобаға тағы да қатысамын деп отырмын”, – дейді бойжеткен.

3

Дереккөз: Nur.kz

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: