|  | 

Саясат

Теңгенi құлдыратқандар кiмдер?

obmennik

КЕШЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНКТЕРI МЕН АЙЫРБАСТАУ ПУНКТЕРIНДЕГI ДОЛЛАРДЫҢ ТЕҢГЕГЕ ШАҚҚАНДАҒЫ БА­­ҒАМЫ 300 ТЕҢГЕДЕН АСЫП ТҮСТI.

Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгiлiк сессия нәтижесiн­де доллар сейсенбi күнмен салыстырғанда тағы көтерiлiп, 283,98 теңгеге жеттi. KASE-дегi валюталық саудаға нарықтың 23 ойыншысы қатысты. Ал валюталық сауда көлемi бар-жоғы 89 250 долларды құрады.
Соған қарамастан, кейбiр банктердегi долларды сатып алу бағамы күндiз 300 теңгеден асып түстi. Банк центр­кредит долларды 301 теңгеге сатса, Қазкоммерцбанк бiр доллардың құнын 299,62 теңге шамасында белгiлептi. Түстен кейiн банктер мен айырбастау пунктерiндегi доллар бағамы сәл арзандады. Түскi сағат үш шамасында Банк центркредит долларды 290 теңгеге сатып, 288 теңгеге сатып алып жатты. Қазкоммерцбанк бұл уақытта бiр долларды 285,56 теңгеге сатып, сатып алу бағамын 282,11 теңге шамасында белгiлептi. Басқа банктерде де осы шамалас айырбастау бағамы орнатылғанымен, бұл меже сағат сайын өзгерiп отырды.
Сейсенбi күнi Қазақстан қор биржасындағы таңертең­гiлiк валюта саудасының көлемi 71 350 доллар көлемiн­де ғана болды. Соның өзiнде доллардың теңгеге шаққандағы көлемi 3,28 теңгеге қымбаттап, бiр доллардың құны 276,83 теңгеге жеттi. Ал кешкi сессияда бiр доллар 282,10 теңгеге жуықтады.
Болмашы ғана көлемде валюталық сауда жүргiзiп, теңгенi құлдыратып отырған қандай ойыншылар? Экономист Олжас Құдайбергенов ақпарат құралдарына берген сұхбатында Ұлттық банкке KASE-де жүргiзiлiп жатқан мәмiлелердi жария етудi ұсыныпты. Расында да, айналдырған жиырмаға жетер-жетпес ойыншы қатысатын валюталық саудада теңге күнделiктi қымбаттап отыр. Халық долларды шарықтатып отырған қор биржасының қандай қатысушылары екенiн бiлуi тиiс. Бұл ойыншылар теңге бағамын қолдан түсiрiп отырған болуы мүмкiн. Әйтпегенде, бiр күннiң iшiнде теңге қалайша 11 теңгеге арзандады?
Құдайбергеновтiң бұл ұсынысына Ұлттық банк әзiрге жауап қатқан жоқ. Ал бұған қатысты түсiндiрме беруден бас тартқан Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов доллар бағамы 300 теңгеге жетсе де, қазақстандықтардың өмiр сүруi бұдан өзгермейтiнiн айтыпты. “Өйткенi жалақы, сатып алу қабiлетi экономикадағы еңбек өндiрiсiне байланысты болуы керек”.
Министр соңғы бiрнеше жылдың iшiнде жалақыны екi мәрте көтергенiн ауызға алып, “жалақының көтерiлуi долларға емес, еңбек өндiрiсiне байланысты болуы тиiс. Азаматтар теңгемен есептеседi, импорттың көлемi үлкен екенi түсiнiктi. Бiрақ кәсiпорындарымыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар нәтижесiн беруi тиiс”, ­– дептi.
Қазақстандықтардың бүкiл сұранысын өтей алатын отандық өндiрушiлер жоқ болғандықтан, сырттан тауар сатып алатындықтан, доллардың шарықтауы халық тұрмысына әсер етпей қоймайтыны анық. Мұны министрi де, басқасы да жақсы бiледi. Әзiрге теңге құлдырауының шетi де, шегi де көрiнбейдi. Бiр доллар үшiн психологиялық меже ­– 300 теңгемен аяқталмауы мүмкiн.
zhasalash.kz

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: