|  | 

Саясат

«Жапония ОА-ға Қытай ықпалы күшейгеніне алаңдайды»

Қазақстанға екі күндік сапармен Жапония премьері Синдзо Абэ келді. Азаттыққа сарапшы Ләйлә Нұрғалиева екі елдің қарым-қатынасы мен мүдделері жөнінде әңгімелеп берді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ (сол жақта). Астана, 27 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ (сол жақта). Астана, 27 қазан 2015 жыл.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқыққорғау ұйымы Жапония премьер-министрі Синдзо Абэні ОА-ға сапары кезінде «аймақтағы адам құқығының алаңдатарлық жағдайы туралы мәселе көтеруге» шақырды.

Азаттық тілшісі осыған орай қазақ-жапон қатынастарын зерттеуші, қазір Жапонияның Кюсю (Kyushu) университетінде PhD ғылыми дәрежесін қорғау жүйесі бойынша оқып жүрген Ләйлә Нұрғалиевамен сұқбаттасты.

Азаттық: - Жапония премьер-министрі бұл сапарында қандай мақсат көздейді?

Ләйлә Нұрғалиева: - Жапонияның көптеген ақпарат құралдары премьер-министр Абэ ең әуелі энерго тасымалын диверсификациялау үшін табиғи ресурстарға бай Орталық Азия елдерімен байланысты күшейтуді қалайды, сонан кейін ғана бұл елдерге Қытай ықпалын азайтуды көздейді деп жазып жатыр. Жапонияның бірінші кезекте аталған өңірде Қытай ықпалын қатты күшейгеніне алаңдайтынына назар аудартқым келеді. Аумағынан Жібек жолы өтетін Қазақстан – аймақтағы маңызды ел. Осыны түсіне отырып Жапония бұрынғыдан белсендірек қимылдағысы келеді. Сондықтан премьер-министр Коидзумидің 2006 жылғы сапарынан кейінгі бұл сапарды жоғары деңгейдегі екінші сапар деп ойлаймын.

Жапония осыған дейін «Орталық Азия+Жапония» деген форматта жұмыс істеп келген еді. Бірақ олар Қазақстанмен қатынасты нығайту үшін бұл форматтың аздық ететінін, жоғары деңгейдегі келіссөздер қажет екенін түсінді. Менің ойымша Қазақстанға да мұндай қатынас тиімді болады, өйткені жоғары технологиялы Жапония Қытаймен ара салмақты теңдестіруге ықпал ете алады.

Азаттық: - Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Синдзо Абэні осы сапарында Орталық Азия мен Қазақстандағы адам құқығына назар аударуға шақырды. Қазақстанға сапарында ол жөнінде Қазақстан билігіне айтуы мүмкін бе?

Қазақ-жапон қатынастарын зерттеуші Ләйлә Нұрғалиева. Сурет жеке мұрағаттан алынған.
Қазақ-жапон қатынастарын зерттеуші Ләйлә Нұрғалиева. Сурет жеке мұрағаттан алынған.

Ләйлә Нұрғалиева: - Абэ Human rights туралы айта қояды деп ойламаймын, өйткені ол үшін ең бастысы – Қазақстанмен қатынасты нығайту. Ол Энергетика ресурстары саласында жұмыс істейтін Жапонияның 50 ірі компаниясымен Қазақстанның ынтымақтастық орнатқанын қалайды. Human Rights ескертпесін бәлкім сөз арасында айтып өтер, бірақ ол Абэнің негізгі мақсаты емес.

Азаттық: - Жапония Қазақстандағы экологиялық мәселелерге жиі назар аударатын. 1999 жылы БҰҰ аясында Жапония үкіметі Семей полигонының проблемаларына арнап конференция да өткізген. Кейін Семей ядролық сынақ алаңынан зардап шеккендерге де көмектесті. Кейін Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты ол көмектерін тоқтататынын да хабарлаған еді.

Ләйлә Нұрғалиева: - Меніңше, Жапонияның жәрдемі тоқтады дегеннен гөрі, жәрдемнің түрі өзгерді деген дұрыс болатын сияқты. Жапония Семей ядролық сынақ алаңы туралы семинар, фотокөрмелер өткізу, осыған байланысты концерт ұйымдастыру секілді жекелей көмектесу жолдарын жүзеге асырып келеді. Қазақстан жағынан жеке адамдар қатысатын мұндай жобаларды Жапония ұдайы ұйымдастырып келеді.

Азаттық: - Жапония Арал мәселесінің халықаралық деңгейде көтерілуіне ықпал еткен еді. Қазір Арал мәселесіне Жапония қаншалықты араласады?

Ләйлә Нұрғалиева: - Жапония Қазақстандағы экологиялық проблемаларды шешуге көмектескісі келеді. Бірақ оны қалай жүзеге асырудың нақты жоспары жоқ. Олар мұны «Орталық Азия+Жапония» диалогы мен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жапон агенттігі (JICA) арқылы жасап келген, бірақ ол жеткіліксіз болды. Орталық Азия елдерінде су проблемасы онсыз да көп. Сондықтан Жапония қазір Арал мәселесін шешуге тиімдірек көмектесудің жолдарын қарастырып жатыр.

Азаттық: - Қазақстан мен Жапонияның атом өндірісі саласындағы байланыстары қандай? «ҚазАтомӨнеркәсібі» компаниясын Мұхтар Жәкішев басқарған тұста Toshiba компаниясымен келісімшартқа отырғанын мәлімдеген еді. Қазір екі компания арасында жоғары деңгейлі байланыстар бар ма?

Ләйлә Нұрғалиева: - 2010 жылы наурыз айында Қазақстан мен Жапония арасында келісімшартқа қол қойылған. Сонда Жапония ақпарат құралдары «уран қоры бойынша әлемде екінші орын аламыз деп мақтана алатын елден Toshiba және Tokyo Electric Power Company компаниялары атом электр станциясы үшін тұрақты отын алатын болды» деп жазды. Келісімшарт екі елдің парламенті ратификациялағаннан кейін күшіне енген.

Алайда «Қазатомөнеркәсібі» компаниясының жетекшісі Мұхтар Жәкішев қызметінен босатылған соң, жапон ақпарат құралдарының «ресейшіл Школьник келгеннен кейін Жапония уранның тұрақты жеткізілетініне күмәндана бастады» деп жазғанын көрдім. Жапондықтармен сөйлескенімде олардың Мұхтар Жәкішевті өте мықты менеджер ретінде құрметтейтінін, қызметтен кетірілгеніне өкінішпен қарайтынын байқадым. Мұхтар Жәкішев басқарған тұста «Қазатомөнеркәсібі» шетелдік компаниялар арасында танымал еді. Менің ойымша Мұхтар Жәкішев кеткеннен кейінгі «Қазатомөнеркәсібінің» бағыттары жапондықтардың күдігін біршама растағандай болды. Ал Toshiba кейін Семей ядролық сынақ алаңына жақын Курчатов төңірегінде атом қуаты бойынша ғылыми-зерттеу инсититутын құрды. Бұл институттың жұмысы ядролық отын циклі технологиясымен байланысты зерттеулер жасайды.

Азаттық: - Сұхбатыңызға рақмет!

Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: