|  | 

Қазақ шежіресі

Қазақ Нұхтың тікелей мұрагеріма?

Qazaq Nuqtin tikeley urpagiНұх пайғамбар ғ.с. кемесі Қазығұрттан кейін Нұр(Нұр Ата) тауына тоқтағаннан соң қазіргі қазақ сахарасында адамзаттың екінші өркениеті басталды. Нұх ұрпақтары көшпелі және отырықшы тіршілік мәдениетін қатар алып жүрді. Нұх баласы Ойша(Юша) сансыз бапты Сайрамда жерленуі соның жарқын айғағы. Нұх кемесінен түскен санаулы хайуанаттар да топан судан кейін жер-әлемге тап осы Нұр тауы атырабынан тарқалды. Мың жастағы Нұхтың батасын алған ұрпақтары таухид жолымен жүріп, кәсіптерін жаңғыртты, тілдерін дамытты, мәдениетін өркендетті. Төрт түлік үй жануарлары Нұхтықтарға айрықша береке дарытты. Ақ молайды, қарын тоғайды. Үш тайпаға бөлінген Нұх ұрпақтары саны көбейген сайын шұрайлы жерлерге тұрақты қоныстанып, жерді еміп, егіншілік, бау-бақшалық, дәнді-дақыл өсірушілік кәсіптерін жаппай игеру басталды. Әу баста қатты дамыған көшпелі өмір салты ғасырлар өте келе аясы тарылып, қу медиен, иен дала, сайын сахараны ғана иелік етті. Отырықшылық дәстүрі, қалалық мәдениеті байтақ қазақ сахарасына жат болмағанымен, Нұх бабасының сүннет жолын ұстанған қадымдағы Нұхтықтар, бертінгі ғұндар, сақтар, көне түркілер мен оғыздар, қыпшақтар мен бөрілі байрақты қазақтар төрт түлік малға негізделген көшпелі өмір салттарын әрдайым берік ұстанды. Жүз жыл бұрын османлық түріктерден саны небары екі есе ғана аз, өзбектен үш есе. қырғыздан отыз есе көп қаймана қазақтың жартысына жуығы көшпелі өркениет өркешінде жайбырақат тіршілік етті. Кеңестік уақытта он мың жылдық көш жолдары қасақана бұзылып, төрт түлік мал жеке меншіктен зорлықпен тартып алынып, бір орталыққа шоғырландырылды. Нәтижеде ата кәсіптен айырылған, көшпелі өмір салтынан ажыратылған 5 млн қазақтар аштан қырылды. Тәуелсіздік тұсында да төрт түлік малмен байланысты көшпелі шаруашылық қайтадан жаңғыртылып, жаңа заманға сай түлетуге қаншама әрекет етілгенмен, бес-он пайыз деңгейінен әріге аспай қалды. Ұлы дала ұрпақтары өздерін ата қонысында өгей сезіну себептері мүлдем жойылмай, қазақ көшпелі ата кәсіптеріне жаңа заман жетістіктерін пайдалана отырып қайтадан оралмай, Нұх өсиеттерін жадымызға оралтып соныдан жаңғыртпай, төрт түлік малмен байланысты жүз мыңдаған архаизмге айналып бара жатқан атау сөздерді тірілтпей, қатаңданып, қасаңданып, шұбарланып, өліп-семіп бара жатқан Нұх тілі – ұлы қазақ тілін дүр сілкіндірмей, қазақтың рухы жаппай көтерілуі, қазақтың әлемді тітіреткен құдыретті ел болуы тіпті де мүмкін емес. Елбасы мықты болуы үшін Ел мықты болмағы лазым. Ел мықты болуы үшін қадыми кәсіп мықты қолданыста болмасы лазым. Ата кәсіпті тыңнан қайта жаңғыртуға белсене атсалыса жүрейік, ағайын?!

Бейбіт Сапаралынің facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: