|  |  | 

Жаңалықтар Қазақ шежіресі

11-12 миллионға әрең жеткен қазақты қырық руға бөлсек, быт-шыт боламыз – Назарбаев

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің дамуы үшін халықтың бірлігі болуы керек екенін қадап айтты., – деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.

Бейсен Құранбек Президенттен руының атын киіміне, көлігіне жазып алатындар жайлы не ойлайтынын сұрады. Елбасы тілшінің сұрағына қайтара сұрақ қойды: “Сен өзің қалай ойлайсың, айтшы, кәне? Өзіңнің ойыңды айтшы маған”, – деді Назарбаев. Оған тілші “Мен былай ойлаймын. Қазақ руға бөлінбейді, қазақ рудан құралады. Яғни ол бізді құрастыруға қызмет етеді”, – деп жауап қатты сол кезде тілші. Осы сәтте Президент “Иә” деп, оның ойына қосылды. Сонымен қатар, Бейсен Құранбек “Әлгіндей қисық әрекеттер қоғамдағы қисық айна тәрізді”, – деді.

“Мен мұны жақтамаймын, – деп қолдау білдірді тілшінің сұрағына елбасы. – Біз ат төбеліндей қазақпыз, біз 80 миллион емеспіз, түрік сияқты, 140 миллион емеспіз орыстар сияқты, миллиард та емеспіз, еуропаның көп елінен азбыз. Егер 11-12 миллионға әрең жеткен қазақты қырық руға бөлетін болсақ быт-шыт боламыз. Ресейдің тарихында, архивінде қазақты қалай жаулап алғаны, жатыр бәрі. Көп тарихшылар біледі, қазақты руға бөліп-жарып жеңген болатын. Қазақ біріккенде Аңырақайда ең қауіпті жауына соққы берген. Неге жеңді? Біріккенде жеңді. Басы біріккенде. Ол жерде “сен қай жақтансың” деп айтқан жоқ. Абылайханның жан-жағында әр жақтың батырлары болды. Егер біз мұндай науқасқа ілінетін болсақ, анау қазіргі Ливияға ұқсап быт-шыт болып кетеміз. Тайпа дейді, “племена” деп жатыр ғой. “Племена” деген біздің ру болып кетсе не болады сонда, не боламыз? Быт-шыт болып, кім болса соның аузында кетеміз, қайтадан бодан боламыз. Ел болайық десек, бірігу керек”, – деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Назарбаев мысалға Вьетнам елін келтірді. “Кезінде вьетнамдарды алпауыт құрама штаттары ала алмады қанша соғысса да. Бірлігі мықты, содан кейін рухы күшті ел. Біз ел боламыз десек, келер ұрпақтың жолын ашамыз десек, мұндай науқастан айырылғымыз келсе, әсіресе зиялы қауым өкілдері қолға алуы керек”, – деді елбасы.

Жауабының соңында ҚР Президенті қазақ жастарына кеңесін айтты. Айтуынша, ең нағыз жолдасың, сүйенетін досың, ағайының – еңбекті бірге істеп, қайнасып, қиыншылық пен қуанышты бірге көретін жаныңдағы қызметкер досың болып шығады. “Кім болса – ол болсын. Негізі жоқ болса, ондай адамдардан аулақ болу керек. Мен ағайын-туғаннан алыс жүр деп айтпаймын, қазақ болғаннан кейін жеті атамызды білеміз, ағайын-туғанымызды білеміз, оларды сыйлаймыз, шүйіркелесеміз, той-томалақта да кездесеміз, туысқандарымыз ана дүниеге кеткенде де кездесеміз, шілдеханада да кездесеміз. Бұл бойымызға сіңген жақсы қасиет. Бірақ одан ары бармау керек. Абайдың “Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесің істің бәрі бос”, – деген сөзі бар. Мен ылғи айтып жүремін. Әр жерде, әр ауылда осы сөзді жазып қою керек. Біз шылбыр-тізгінді қолымызға алған халықпыз, өліп-өшіп осыған жеттік. Тарихымызда ешуақытта мұндай заман болған жоқ. Қазақ өзін-өзі игеріп, мынадай көлемде, мынадай шекарада тұрған жоқ. (…) Менің айтатыным, бізді сырттан алатын жау жоқ. Бірлігіміз болса қазақ ешкімге бой бермейді. Біз сондай өр өскен халықпыз, намысты халықпыз, қолдан бермейтін, “арым жанымның садағасы” деген халықпыз. Сондықтан ата-бабамыздың қалдырған салт-дәстүрі мен аманатты сақтау үшін біз бір болуымыз керек”, – дей келе елбасы қызмет алу үшін конкурстан өту керек екенін, білімді көрсету керек екенін, жоғарылау үшін барлық сатыдан өту керек екенін айтып, кеңес берді. “Меритократия деген, мысалы, аудан әкімі болу үшін бірінші ауыл әкімі болып алу керек. Облыс әкіміне жақындау үшін қала мен аудан әкімі болу керек. Ешкім ағайын-туғанмен жүре алмайды. Мысалы Назарбаев университетін басқарып отырған жапон ғалымын айтайық, оның “блат-сват” дегені жоқ. Онда 10 мың бала тапсырады, он мыңның 500-і ғана білімімен түсе алады. Осындай болатын болсақ, біліміміз өркендейді. Нағыз білімді, қолынан жұмыс келетін адамдар билікке келеді. Бізге сол керек”, – деп аяқтады жауабын елбасы.

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: